ІІІ-топқа тапсырма: «Жануарлар жемін қалай аулайды?» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беріңдер
10
мин
Жаңа материал
Әр жануардың өзінің жауынан қорғанатын реңдері болады, яғни түстері болады. Жаулары келіп қалғанда, өздеріне қауіп төнгенде өзі тұрған жердің түсіне енеді.(Мысалы: көбелек) Не маусымның өзгеруіне қарай түстерін өзгертіп отырады. (Мысалы: қоян). Сақтандырғыш рең жырқыштарға қажет. Мысалы, орман іші ағаштардың жіңішке бұтақтарының көлеңкесі мен күннің сәулесімен жолақ-жолақ болатындықтан жолбарыстың да түсі жолақ-жолақ болады. Басқа жануарлар оны байқамайды.
Бүркеніш рең– көбелек, көкшегіртке өсімдік гүлінің, бұтағының түрін бүркеніп қорғанады.
Қорғаныш рең – дене пішіні қанқыздан аумайтын тарақан бар ол өзінің түрін қанқызға ұқсатып қорғанды.
Сақтандырғыш рең – денесінде улы немесе күйдіргіш заты бар бунақденелілерді басқа жануарлар жемейді. Сондықтан олар түстерін ашық, ашық көзге көріне береді. Оларды алыстан байқаса да шоқып жемейді.
Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өте көп.(құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер) Сондықтан бунақденелілер жауынан алуан түрлі бейімділікпен қорғануға әрекет жасайды.
Жануарлардың бейімділігі дегеніміз не?
Жануарларға бейімділік тіршілігін сақтауға, жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет. Бейімділік жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекеленген мүшелеріндегі құрылысында көрінеді.
5 мин
Оқулықпен жұмыс.
Бүркеніш реңді көкшегіртке мен көбелектердің жауынан қорғанғанда пайдаланады. Мысалы, көкшегірткенің түсі шөптен айнымайды, сондықтан ол шөптің арасында тығылып қалғанда көрінбейді, көбелек те жапырақтан айнымай қалады. Яғни олар бүркеніп алып, жауына байқалмай, осылайша тірі қалады. Ызылдақ қарашыбын қауіпті сезген кезде, кенеттен түрленіп, үсті түкті болып, кәдімгі арадан аумай торсиып шыға келеді. Құс оны ара екен деп, шағып алар деген қауіппен жоламайды. Ызылдақ қарашыбынның бұл қасиеті – қорғаныш рең деп аталады. Олар осы қасиеті арқасында өздерін жауларынан қорғап қалады. Ал қанқыздың бейімділігі – сақтандырғыш рең деп аталады. Қанқыз өзі қып - қызыл. Бірақ ол жауынан жасырынбайды. Себебі қанқыздың денесінде тиген кезде күйдіретін сұйық зат болады. Ол оны қауіп төнген кезде ғана шығарады. Аузын күйдіргендіктен құстар қанқыздан аулақ жүреді екен. Міне осылайша жәндіктер өз жауларынан қорғанады.
10 мин
Дәптер-мен жұмыс
● Бейімділік ↓ ♦ Бүркеніш реңі → Жәндіктің түсінің топырақ, шөп, гүлге ұқсап, жасырынып қалу. Мысалы: шегіртке, көбелек. ♦ Сақтандырғыш рең → Денесінен бір нәрсе бөлу арқылы жауынан сақтану. Мысалы: қанқыз ♦ Қорғаныш рең → Басқа бір қауіпті жануарға електеу арқылы жауын қорқыту. Мысалы: қарашыбын
5 мин
Қорытынды
Бекіту
«Ойлан тап» ойыны Жақсы, енді тағы бір ойын ойнайық. «ойлан тап» деп аталатын бұл ойында сендер мына сандықшаның ішінен бір серетті таңдап аласыңдар да, ол суреттегі жануардың өз жауынан қалай қорғанатынын түсіндіресіңдер. 1) Ақ қоян; 2) Хамелион; 3) Жапырақтектес көбелек; 4) Бұтаққа ұқсас жәндік; 5) Әупілдек; 6) Кірпі. - Жәндіктердің тірі қалуына не көмектеседі? (бейімділік) - Бейімделу дегеніміз не? Бейімделудің қандай түрлері бар? - Сақтаңдырғыш рең дегеніміз не? - Қорғаныш реңі дегеніміз не? - Бүркеніш реңі дегеніміз не? - Қандай жануарлар сақтандырғыш реңін қолданады? - Бүркеніш реңін қандай аңдар пайдаланады?