Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, музыка, география.
Сабақ-тың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10 мин)
|
Сыныпты 3 топқа бөледі.
1 топ-тиграхауда
2 топ-хаумаварга
3 топ-парадарайа.
Мұғалім 3 топқа допты лақтыру арқылы үй тапсырмасына сай сұрақтар қояды. Оқушылар сұраққа жауап беріп допты кері лақтырады. Ойын сұрақ біткенше осылай жалғасады.
Сұрақтар:
Сақтар туралы мәлімет беретін ежелгі мәтіндердің неше тобы белгілі: 2
Сақтар қай кезде Қазақстан мен орта азия жерін мекен еткен? Б з б 1 мыңжылдық.
Сақ сөзі парсы жазбаларында қандай мағынаны білдіреді? Құдіретті еркектер
Иран жазбаларында сақтарды қалай атаған? Жүйрік атты турлар
Грек авторлары сақтарды қалай атаған?
Өз жазбаларында сақтарды массагеттер деп атаған грек тарихшысы кім? Герадот.
Шошақ бөрікті сақтар. Тиграхауда.
Теңіздің арғы жағындағы сақтар. Парадарайа.
Сақ хаумаварга деген ат неге байлапнысты берілген. Хаома сусынына байланысты.
Сақ тайпасын кім басқарды? Көсем
Сақ қоғамы неше топтан тұрды? 3
Абыздардың танымал белгісін ата. Тостаған мен баскиім.
Малшылар мен егіншілерді неге сегізаяқты деп атаған? Соқаға жегетін екі өгізі бар болғасын.
Сақтар жақсы шабандоз болғанын жазған грек географы. Страбон.
Сақ қоғамында әйелдердің орны қандай болған. Құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған.
|
Оқушылар допты қағып алып қойылған сұраққа жауап беріп допты кері мұғалімге лақтырады. Ойын сұрақ біткенше жалғасады.
|
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
(15 мин)
|
Топтарға тапсырма береді:
Қызығушылықты ояту.
«Тәуелсіздік» сөзі жазылған топтарстыру бетін береді.
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Осы Тәуелсіздік жолында біздің аға-апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті. Олар кімдер? Білеміз бе?
Мағынаны тану.
1 топ- Кир әскерінің басып кіруі.
2 топ-Шырақтың ерлігі.
3 топ- Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.
1 тапсырма. «Түртіп алы стратегиясы» бойынша тақырыпта кездескен сөздерді түртіп алу.
2 тапсырма. Тарихи тұлғаларға мінездеме. Кир мен Томирис. Дарии мен Шырақ. Македонский мен Спитамен.
|
Оқушылар «Тәуелсіздік» сөзіне ұқсас, мағыналас сөздерді жазып, топтастырады.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
1 топ Кир әскерінің басып кіруі мен Томиристің ерлігі туралы әңгімелеп береді.
2 топ Дариидың жорығы мен Шырақтың ерлігі туралы әңгімелеп береді.
3 топ Македонскидің жорығы мен Спитаменнің ерлігі туралы әңгімелеп береді.
Тақырыпта кездескен сөздерді түртіп алып, анықтама береді.
Тарихи тұлғаларға мінездеме жасайды.
|
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (7)
|
3 топ бір біріне сұрақтар қояды.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(8 мин)
|
Ой- толғаныс.
1 топ-Ерлік, отан, бірлік туралы мақал-мәтел.
2 топ-Тәуелсіздік туралы өлең немесе әңгіме құрастыру.
3 топ-Ән айту.
|
Ой толғаныста шығармашылық тапсырмаорындайды.
|
6. Бағалау кезеңі
(2 мин)
|
Оқушылардың топ ішінде сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
|
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
|
7. Үйге тапсырма беру кезеңі(1 мин)
|
§ 31 оқу, А Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын оқу.
|
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
|