Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің


Сабақтың тақырыбы: .Халық ауыз әдебиеті



бет2/3
Дата13.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#23622
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: .Халық ауыз әдебиеті.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті туралы білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау,сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.

2. Дамытушылық. Нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бақылау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, сағат.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтарға жауап беру

1. Әдебиет деген не?

2. Ауыз әдебиеті қалай тараған?

3. Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

4. ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қандай айырмашылықтары бар?

5. «Фольклор» сөзінің мағынасы қандай?

6. Халық ауыз әдебиетінің манызы қандай?

7. Әдебиет Әдебиет- араб сөзі, аударғанда улгілі сөз деген мағынаны береді. Әдебиет оқиғаны сөзбен суреттеп жеткізетін сөз өнері.

8. Қазақ халқының ауыз әдебиеті . Қазақ халқының ауыз әдебиеті- ауыздан- ауызға ауызша тарап, біздің дәуірімізге дейін жеткен шығармалар. Ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады. Фольклор ағылшын сөзі. Дәлме- дәл аударғанда «халық шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері» деген мағынаны береді.

Ауыз әдебиет түрлері:

• Ертегілер

• Мақал- мәтелдер

• Жұмбақтар

• Эпостық жырлар ( батырлар жыры) Қобыланды батыр жыры

• Лиро-эпостық жырлар. Қозы Көрпеш – Баян сұлу

• Айтыс өлеңдер

• Тарихи жырлар

• Тұрмыс салт жыры

3 . Ертегілер адам қиялынан туған шағын шығармалар.

Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты 4 –ке бөлінеді

• Қиял- ғажайып ертегілер. Олар қиалға, фантазиаға құрылады. Өмірде болмайтын нәрселер туралы айтылады. (Алтын сақа, Ер Төстік)

Қиял- ғажайып ертегілер екіге бөлінеді

Қазақ ертегілері

• Сырттан келген ертегілер

• Хайуанаттар туралы ертегілер. Олардың кейіпкерлері үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келеді. Халық жануарлардың мінездері, қылықтары арқылы адам бойындағы жақсы мен жаманды танып білген. «Аю түлкі және арыстан», «Күшік пен мысық»

• Тұрмыс- салт ертегілері . Тұрмыс- салт ертегілері қойшы, малшы, бақташылардың тұрмысы бейнеленген. Бұл ертегіде өмірде болатын оқиғалар мен болмайтын оқиғалар араласып отырады. «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы»

• Шыншыл ертегілер. Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы (Алдар көсе, Дүмше молда)

1. Мақал-мәтелдер.

Отан туралы

Еңбек пен кәсіп

Батырлық


Оқу, білім, ғылым туралы

Тіл өнері сөз өнері

Тәлім- тәрбие, әдептілік туралы

Достық пен жолдастық туралы

Адам туралы

2. Аңыз- әңгімелер. Аңыз- тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс әрекетіне байланысты туған шығарма. Мұнда адамдардың халық үшін еткен еңбегі, іс әрекеттері ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгіменің ерекшелігі тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.

ІІІ. «Шеңбер бойымен әнгімелеу» ойыны

Ойын шарты: барлық оқушылар шеңбер бойымен отырады. Араларынан бір жүргізушіні сайлап алады. Ойын басында тақырып таңдап алынады. Жүргізуші ортаға шығып , көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұскайды. Жүргізуші нұсқаған оқушы алынған тақырып бойынша бір сөйлем айтады. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әр ойыншы бір-бір сөйлемнен айта береді. Егер жауапта қате жіберілсе, келесі оқушы түзетуге тиіс. Жауаптарды толықтыруға болады. Ойын сонында ең белсенді оқушы анықталады.

ІV.Қорытынды Балалар, біз бүгін ауыз әдебиеті туралы білімдерімізді пысықтадық.

V.Бағалау.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Кесте толтыру.

Сабақтың тақырыбы: Қоныс аударушылардың шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ресей империясының Қазақстанды кең көлемде отарлауын, еуропалық аймақтан келген орыс шаруашларының қазақтарың өміріне тигізген әсерін және Қазақстандағы өзгерістер туралы түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыпты түсінеді,оқиды,тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау,мәтінмен жұмыс істеу әрекетін, кез келген оқиғаға өз көзқарасын қалыптастырады.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,іздену

Сабақтың ресурсы: керекті мәліметтер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын тексеру, түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтар қою арқылы оқушылардың бұған дейінгі сабақтардан алған білімдерін тексеру.

1. Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуының негізгі бес себебін атап шық?

2. Шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы қалай басталды?

3. Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшеюі неден көрінді?

4. Столыпинның аграрлық реформасының ақыры неге алып келіп соқтырды?

5. Патша үкіметінің шаруаларды қоныс аудару саясатына қазақ халқының қарсылығы неден көрінді?

Жаңа сабақ:

Сабақ жоспары:

1. Қоныс аударып келген шаруалардың тұрғын үйі?

2. Қоныс аударып келген шаруалардың көрген қиындықтары?

3. Егіншілік-шарушылықтың негізгі кәсібі.

4. Мал шаруашылығы.

5. Омарта шаруашылығы.

6. Бау-бақша өсіру және балық аулау кәсібі.

7. Қоныс аударушы шаруалар мен жергілікті қазақтардың шаруашылық және мәдени байланыстары.

Сабақ жоспар бойынша түсіндіріледі. Оқулықтағы кейбір мәтіндерді оқушыларға оқытамын.

Қоныс аударып келген шаруаларға берілген көмек: оларға көшіп келген бойда 185 сом ақшалай қарыз, тұқым азық-түлік алуға қаржы бөлінді. Әр отпасына 200-ге жуық құрылыстық бөрене, 50 сырғауыл берілді. Патша үкіметінің шаруаларға көмек беру себебі айтылады. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасау үшін үш топқа бөлінеді әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топқа тапсырма:

Қоныс аударып келген шаруалар қандай қиындықтар көрді?

2-топқа тапсырма:

Егіншіліпен айналысатын шаруаларға мемлекет қандай қолдау көрсетті?

3-топқа тапсырма:

Мал шаруашылығы және омарта ұстау, бау-бақша, балық аулау кәсібімен қалай айналысты?

Оқушылардың дайындалуына 5 минут уақыт беріледі. Оқушылар дайындалып болған соң «Мергендер сайысы» ойыны ойналады. Ойынның шарты: тақтағы плакатқа сызылған нысана ілінеді нысанады 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған, әр топқа 10 сұрақтан қойылады дұрыс жауап берген топ нысанадағы ондыққақа тигізген болып есептеледі.

1-топқа қойылатын сұрақтар:

1.Қоныс аударушыларға үй салу үшін қандай материалдар уақытында жеткізілмеді?

2. Қоныс аударушылар уақытша қандай баспаналарда тұрды?

3.Таңдап алған жердің топырағы қандай болып шықты?

4. Қоныс аударушыларды ауыз сумен қамтамасыз ету қандай жағдайда болды?

5. Егінді қандай зиянды жәндік жеп қойды?

6. Егінің шықпай қалуына тағы қандай жағдайлар әсер етті?

7. Шаруалар кімдерден пәтер жалдады?

8. Қүйзелген шарулар қайда қоныс аударды?

9. Қай жылы егін шықпай ашаршылық Қазақстан аумағын қамтыды?

10. Омбы қаласына неше мыңға жуық шаруа шоғырланды?

2- топқа қойылатын сұрақтар:

1.Қоныс аударып келген шаруалардың негідгі кәсібі не?

2. Қоныс аударушы әрбір ер азаматқа неше диятина жер берілді?

3. Берілген жерді толық игеріп үлгерген шаруа неше жылға алым-салық төлеуден босатылды?

4. Қоныс аударушыларға үй сайын қанда түп жеміс ағашы берілді?

5. Ауылшаруалық құрал саймандарын сатып алу үшін неше сом қайтарусыз ақша берді?

6. Шаруалар құрал-саймандардан басқан тағы не сатып алды?

7. Шаруалар өздерінің меншігіндегі жерлері тозып өнім беруден қалған кезде кімдердің құнарлы жерлерін жалға алды?

8. Жалға алған жерге қанша тиын төледі?

9. Шаруалар жерді жыртуға қандай малды пайдаланды?

10. Шаруалар дәнді-дақылдардың қандай түрін өсірді?

3- топқа қойылатын сұрақтар:

1. Шаруалар қандай мал түрін ұстады?

2. Қоныс аударушылар түйені қандай жұмыстаға пайдаланды?

3. Қоныс аударушылардың малын кімдер бақты?

4. Қазақстандың қай аймағындағы орыс шаруалары омарта шаруашылығымен айналысты?

5. Шарауалар омарта шаруашылығын кімдерден үйренген?

6. 1883 жылы Өсекмен уезінде шамамен ара ұясының неше мыңға жуық жәшігі болды?

7. Орыс шаруалары балықты қайдан аулады?

8. Орыс шаруалары қандай бау-бақша дақылдарын өсірді?

9. Кендір және сора өсірумен қай обылыстың шаруалары айналысты?

10. Өсекемен және Семей уездерінің шаруаралы қандай дақылдыар кеті?

Келесі ойын әр топтан бір оқушы шығып берілген проблемалық сұраққа өз ойын айтады.

1-ші сұрақ:

Қоныс аударушы орыс шаруаларына патша үкіметі тарапынан көмек берілмесе оның үкіметке кері әсері болама?

2-ші сұрақ:

Орыс шаруалары не себепті мал шаруашылығымен айналыспады?

3-ші сұрақ:

Орыс шаруаларының қазақ шаруаларынан қандай артықшылығы болды?

Әр топ оқушыларының жауабын топ мүшелері толықтырып отырады.

Сабақтың қортындылау кезеңіде «Алтын тәж» сайысы өткізіледі. Сайыстың шарты: тақтаға әр топтан бір оқушы шығады. Шыққан оқушының басына тәж кигізіледі, тәжде сөз жазылған осы сөздерді оқушылар сұрақ қою арқылы айтқызады.

Тәжде жазылған сөздер:

1-ші топқа: 2-топқа 3-топқа

1.Қар тоқтату 1. 15 дисятина 1. 400 сом

2. Омарта 2. 20 сом 2. 200 сом

3. Түйе 3. Шошқа 3. 85 сом

4. 5-7 тиын 4. Өгіз 4. Жеркепе үнгір

5. Бидай, сұлы, арпа 5. Құдық 5. Пәтер жалдау

Бұл сөздерді айтқызу үшін дұрыс сұрақ қоя білу керек. Сұрақ дұрыс болмаса бұл сұрақты келесі оқушы дұрыстап қояды. Ойын соңында жеңілпаз топ анйықталып марапатталады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: 70 – 80 жылдардағы ауыл шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы 70 - 80 ж. ауыл шаруашылығының даму жағдайын, оны басқару мен ұйымдастыруда орын алған бағыттарды, жетістіктер мен кемшіліктерді, олардың себептерін түсіну.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыпты түсінеді,ойланады,ой бөліседі,ойларын ашық жеткізе біледі, тақырыпта меңгереді.

Ресурсы: Керекті материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, баяндау, талдау, пікір алысу.

Пән аралық байланыс: география.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг өткізу.

1.« Мен қандаймын? »

2. Қызығушылығын ояту.

3. Мағынаны тану.

4. Ой - толғаныс.

5. Үйге тапсырма.

ІІ. Қызығушылығын ояту:

а) Оқушылар география пәнінен білесіңдер ауыл шаруашылығына не жатады?

ә). Ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті және интенсивті даму жолы деген не?

ә). Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен қандай айырмашылығы бар?

ІІІ. Мағынаны талдау: Оқулықпен жұмыс жасау. Оқушылар кесте толтырады.

1. Ауыл шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктер және оны басқарудағы кемшіліктер.

2. Мал шаруашылығының дамуы. Қазақ жастарын мал шаруашылығында тұрақтандыру саясаты.

Оқушыларға түсінік беру.

1. а). Оқушылардың жауабын тірек – сызбаны пайдалана отырып қорытындылап, толықтырамыз.(Кесте: Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен айырмашылығы ). Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық - түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде - бір ел жоқ. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд - тан астам адам еңбек етеді, Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ - та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%- ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары.

ә) 70 - 80 жылдардағы ауыл шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктер және оны басқарудағы кемшіліктер туралы мәтінмен жұмыс істеуге тапсырма беріледі.

Кестені толтыру:

Жетістіктер: 1. Ауыл шаруашылығының өнімдерін сатып алу бағасы екі есе артты.

2. Жоспардан тыс өнім өндіргені үшін үстеме ақы төленді.

3. Ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы көбейді.

4. Ауыл шаруашылық техникасы молайды.

5. 1960 жылдардың соңынан бастап ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 6. Республиканың 50 - ден астам кәсіпорны ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығара бастады.

7. 1970 жылы Қазақстан Одақта бидайдың 23, 9 %, күріштің 24, 6 % өндірді. 8. Астық өндіруден 2 – ші, ет пен жұмыртқа өндіруден 3 - ші, сүт өндіруден 4 – ші, қаракөл дайындаудан 2 – ші орында болды.

Кемшіліктер:

1. 1971 – 1975 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 13% құлдырады.

2. Көптеген дамыған елдерге қарағанда республикада ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдар саны өсті.

3. Жыртылған жер көлемінің артуына байланысты мал жайылымы тарылды.

4. 1965 – 1985 жылдары 4, 2 млн ірі қара, 5, 1 млн шошқа шығынға ұшырады.

5. Жол қатынас нашар болды.

6. Өңдеу кәсіпорындары аз.

7. Жоспарды қол жеткен табыстарға қарай құру.

7. Ауыл шаруашылығының экстенсивті дамуы.

2. Мал шаруашылығының дамуы.

Республикадағы мал шаруашылығының даму жағдайымен таныстыру. Шұбартаулық жастардың бастамасы.

70 - 80 жылдары қазақ жастары мен жастар ұйымдарын шопандар бригадасын құруға мәжбүрледі. Малшы еңбегі оңай жұмыс емес. Тәулік бойы демалмайтын кездері болады. Өз білімін көтеруге, мәдени орындарға баруға уақыты да болмайды. 1960 жылдары өкімет басына келген КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л. И Брежнев қой шаруашылығының дамуына қанағаттанбайтынын білдірді. Сөйтіп тың игеруді қалай қолға алдық, бұл істі де солай қолға алу керек деп қоғам алдына үлкен міндет қойды. Егер өз кезінде тың және тыңайған жерлерді игеруге Одақтың барлық түкпірінен жастар тартылған болса, қой шаруашылығын өркендету тек қазақ ұлтының жастарына тапсырылды. Партия мен үкімет мектеп бітіруші жастарды ауыл шаруашылығы жұмыстарына комсомол - жастар бригадасын құру арқылы тартпақ болды. «Қой шаруа - шылығы – жастар ісі» деген ұран тасталды. Ол жастар арасында лезде таралып, қой өсіруші комсомол – жастар бригадаларын құру науқаны басталды. Мәскеудің шешімін Қазақстан Жастар Одағының Орталық Комитеті қолдады. Алғашқы болып республикада қой шаруашылығына көмекке келуге Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданының мектеп бітірушілері бастама көтерді. Шұбартаулықтардың бастамасы барлық жастар ұйымдарына жеткізіліп «Қой шаруашылығы – комсомолдың екпінді еңбегі» деп жарияланып, ауыл жастарының ұранына айналды. Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп бітіруші түлектері сыныбымен бірден мал фермаларына аттанды. Мал шаруашылығындағы жастардың жарқын өмірі баспасөзде үсті – үстіне жазылып жатты. Патриоттық бастама ретінде көтерілген бұл бағыт жылдан – жылға шопандардың комсомол – жастар бригадаларының санын көбейтті. Сондай комсомол – жастар бригадалары Атырау облысында да құрылды.(Слайдтар көрсету)

ІҮ. Ой толғаныс:

1. Шұбартаулық жастардың бастамасын ерлік деп есептейсің бе?

2. Қазіргі жастардың осындай патриоттық бастамаларды қолдауы мүмкін бе?

3. Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы не білесің?

Қорытынды:

1970 жылдары ауыл шаруашылығының салалық өндірісін, материалдық - техникалық базасын нығайту, даму қарқынын арттыру, мамандандыру мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқыны төмендеп, мал басы азайып кетті.

Ү. Үйге тапсырма: Ақтөбе облысында құрылған қой өсіруші комсомол жастар бригадасы туралы қосымша деректер ізденіп келу.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Діннің пайда болуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының дәстүрлерімен,

наным-сенімдерімен,ежелгі адамдардың діни түсініктерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың оқулықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту жұмысын жалғастыру.

Сабақтың ресурсы: керекті оқулықтар,видеоролик,слайд.

Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

2. Қазақ халқының сенім-нанымдары.

Қазақтардың қазіргі күнге дейін сақталған қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Басқа ұлттардың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? Салт-дәстүр деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отқа табыну деген не?

Бұл сабақта «Халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері» атты

үлкен шеңбермен жұмыс жүргізіледі.

Бұл жаттығу ойдағыдай өту үшін алдын ала §39 тақырыпты оқып-

үйрену барысында үйге тапсырма беріледі. Оқушылардың барлығы

дайындалып келуі үшін қажетті әдебиет тізімі беріліп, не туралы айту

керектігі, ата-аналардан білетіндерін жазып алуы туралы нақты нұсқаулар

беріледі. Мәселен, §40–42 тақырыптарын оқып-үйрену барысында, не сабақ

соңында оқушылардың есіне салып, түсінбеген жерлерін түсіндіріп, өзінде

бар қосымша материалдарды оқушыларға беріп, осы жаттығуға дайындық

жұмыстары жүргізіледі.

Жаттығу басталмас бұрын мұғалім тақтаға «Алтын ережелер» деп

аталатын жаднама іледі. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің сөзін тыңдап,

қайталамай, сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуі қажеттігін тағы бір рет

ескертеді.

Оқушылар үлкен шеңбер құрады. Сөйтіп, бірінен кейін бірі кезектесіп

қазақ халқы мен республикада тұратын басқа халықтардың әдет-ғұрыптары

мен салт-дәстүрлері туралы оқығандарын, өздері тікелей қатысқан

мерекелерді, дәстүрлерді, ата-аналардан естігенін баяндайды.

Оқушылардың қысқа және негізгілерін айтуына 1–2 минут уақыт

беріледі. Бірінші оқушы сөзін аяқтаған соң келесі оқушы айтады, барлығы

үлгергенше жалғаса береді.

Оқушылардың жауаптарын мұғалім толықтырып, қателерін түзеп,

қорытынды жасайды.

Содан кейін оқушыларға «Дұрыс жауабын тап» деген тапсырма бе-

ріледі. Бұл жұмысты дұрыс орындау үшін, оқулықпен өздігінше жұмыс

жүргізіліп, кесте толтырылады.

Кесте: Дұрыс жауабын тап.

1) Бір Аллаға сыйынады

2) Пұтқа табынады

3) Отқа табынады

4) Құдай суретіне сыйынады

1) Тәңір


2) Будда

3) Христиан

4) Ислам

Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.

Үйге тапсырма: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-

сенімдері» әңгімесімен танысу және оқулықтағы сұрақтар мен тапсырма-

ларға дайындалып келу.

Сабақтың тақырыбы: Моңғол- татар шапқыншылығы

Сабақтың мақсаты: XIII ғасырда Моңғол мемлекетінің құрылуы олардың

шапқыншылық соғыстары туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: Моңғол мемлекетінің құрылуы, саяси құрылымы, басқыншылық

саясаты және ұлы қолбасшы Шыңғысхан өмірі туралы оқушылар түсінеді,меңгереді, мағлұмат береді.

Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру.

Әдісі:СТО технологиясының элементтері. Сұрақ-жауап, баяндау түсіндіру.

Технологиясы: Тірек- сызба, дамыта оқыту.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, математика, география.

Ресурсы:АКТ,керекті мәліметтер,материалдар.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу,

Түгендеу,

Сабаққа дайындық.

Балалар,бүгін бізде қандай сабақ ? Тарих сабағы.

Ал,Тарих сабағына дайын болу үшін не айтамыз?

-Өз елінің тарихын білмеген адам өзге елдің тарихын біліп жарытпас.

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Мына тарихи портреттерге сипаттама беріңдер:

1.Юрий Долгорукий-

2.Андрей Боголюбский-

3.Всеволод Юрьевич Большое гнездо-

4.Ярослав Осмомысл-

5.Роман Мстиславович-

3.Жаңа сабақ:

Сабақ жоспары:

1.Моңғол мемлекетінің құрылуы

2.Саяси құрылымы

3.Шапқыншылық соғыстар

Кендітау аймағы, Онон жағасы.

Болдоң жері

Есукей- Ұлұн-Еке

1155 ж. Ақпан –Темучин-1227 ж. Тамыз

1206 ж. Моңғол құрылтайы ( онон – Керулен жағасы )

« Шыңғыс хан

« Шың » -тау, « ғыс » - нұр « жеңіс хан »

Меркіт Моңғол

Найман Моңғол мемлекеті Татар

Керей Қият

2. Саяси құрылымы.

Моңғол мемлекетінің саяси құрылымы

Аймақтарды басқару үшін –дарғы бекеттер, тамғаш және басқақтар тағайындалды

3. Шапқыншылық соғыстар

Жылдар


Оқиғалар

1207-1208 жж.

Жошы-Енисей қырғыздары, Сібір халқы

1207-1209 жж.

Шыңғысхан – Таңғұл, Тұрфан, Ұйғыр

1211-1215 жж.

Қытай жері, соғыс техникасы

1216 ж.


Жошы, Керей, Торғай даласы

1217 ж.


Жебе Ноян –Жетісу –Күшілік хан

1218 ж.


Отырарға керуен

1219 ж.


200 мың әскер Орта Азия, Үгедей, Шағатай, Отырар, Жайық Жент, Янгикент, Шыңғысхан Төле- Бұхара

1220 ж.


Мауараннахр

1221 ж.


Мерв, Хорасан, Кавказ, Иран

1223 ж.


Калка өзен бойы Орыс- Қыпшақ

4. Шыңғысхан –тарихи тұлға.

IV. Сабақты бекіту:

1. 1962 ж. Кендітау жерінде Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрден ескерткіш орнатылған, онда төмендегі Шыңғысханның өсиет сөзі жазылған. Әріптердің орны ауыстырып беріледі.

« Құлаш денем құласа құласын, құраған елім, қолымдағы байрағым құламасын ».

2. Сөзжұмбақ « Моңғол ».

1. Моңғол ханның шын есімі

2. Шыңғысханның баласы.

3. Моңғолиядағы өзен.

4. Тайпа.

5. 6- ай берілмеген қала.

6. Батый құрған мемлекет.

V. Үй тапсырмасын беру: Шыңғысханға мінездеме жазу. Материал жинау.

VI. Бағалау: Оқушыларды бағалау.

VII. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың тақырыбы: 1867 - 1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ХІХ ғ. 60 - ж. Қазақстандағы басқару жүйесін өзгерту мақсатындағы реформаның дайындалғанын, оның мазмұны мен мәнін, сипатын көрсету.

Дамытушылық: Реформаның зардаптарын түсіндіру. Оқушыларды реформаның саяси, әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: ҚР саяси картасы, сызба «Реформаның отаршылдық мәні»

Тақырып бойынша дайындалған слайд, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Үйге тапсырманы пысықтау сұрақтар

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

3. Жаңа сабақты бекіту

4. Үйге тапсырма

1. Үйге тапсырманы пысықтау сұрақтар

1. Махамбет және басқада ақындар шығармаларының мазмұны, мәні неде?

2. Қазақ халқының тұрмысында музыка қандай орын алады?

3. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін қалай сипаттауға

болады?

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру:



• ХІХ ғ. 60 жылдары қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды.

• Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:

• Батыс облысы, орталығы - Торғай.

• Шығыс облысы, орталығы - Сергиополь \Қарқаралы\

• Бұл ұсыныс қабылданбады.

• 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған

“Дала комиссиясы” құрылды.

• 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жер иелену түрлері, ағарту ісі, сот ісі, салық, діни мәселелер т. б.

• Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш. Уәлиханов өз пікірін ұсынды:

• Халықтың өзін - өзі басқаруы негізінде қайта құру.

• Әлуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.

Алайда бұл пікір қабылданбай, комиссия мүшелері реформаны қазақ жеріне тезірек жүзеге асыру мақсатында феодалдармен (ірі бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уалиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.

• 1867 жылғы 11 шілдеде “Сырдария мен Жетісу облыстары басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді.

• 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сібір генерал - губернаторлығын - дағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді.

Әкімшілік басқару құрылымы:

1867 - 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақ жері

үш генерал - губераторлыққа бөлінді:

Батыс - Сібір генерал – губернаторлығы (Омбы)

Орынбор генерал – губернаторлығы(Орынбор)

Түркістан генерал - губернаторлығы(Ташкент)

1868 ж. 1867 ж.

21 қазан 11шілде

Көкшетау Баянауыл Орал Елек Сергиополь Қазалы

Омбы Зайсан Атырау Қостанай Қапал Перовск

Петропавл Көкпекті Калмыков Ырғыз Верный Түркістан

Сарысу Қарқаралы Жем(Темір) Торғай Ыстықкөл Шымкент

Тоқмақ Әулиеата

Ташкент


Ходжент

Жизақ


Реформа бойынша 5 сатылы басқару жүйесі енгізілді.

1. Ауыл (100 - 200 шаңырақ) - ауыл старшыны

2. Болыс(1 - 2, 3 мың шаңырақ) - болыс сұлтаны

3. Уезд - аға сұлтаны

4. Облыс - әскери - губернатор

5. Генерал - губернаторлық - генерал - губернатор

Уездік басқару:

Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал - губернаторлар тағайындады.

• Палиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер

• әкімшілік және полицейлік билік шоғырладырылды.

Аймақтық басқару:

Генерал - губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды.

Реформа бойынша

1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді.

1872 жылы Бөкей хандығы Астархань губерниясына бағындырылды.

Түркістан генерал - губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.

Әкімшілік міндеттер:

Облыстық басқармалар – вице - губернатор қадағалады.

Басқарма 3 бөлімнен тұрды:

1) шаруашылық

2) сот

3) жарлықты іске асыру.



Шыңғыстың тұқымдары сұлтандар өмірлік зейнатақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды.

Сырдарияда басқару билігі ақсақалдарға берілді.

Облыстық әскери губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.

Ақсақалдарға қоладан құйылған арнайы белгі және мөр тапсырылды.

Ірі ақсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің тірегі болды.

Әскери және азаматтық билік генерал – губернатордың қолына шоғырланды.

Сот ісін басқару құрылымы:

1Әскери - сот комиссиялары

2. Уездік соттар

3. Билер мен қазылар соты

Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды.

Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери - уездік соттардың рөлі басым болды.

Әскери - губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны еді.

Сот ісіндегі басты өзгеріс - ескі шариғаттық салттардың шектелуі. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін билер сайланды.

Салық реформасы

• Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді.

• Земство салығын (жер салығын) қосқада 3 сом 50 тиынға көтерілді.

Реформа нәтижесі, салдары:

• Өлкенің табиғи байлықтары игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.

• Феодалдық - патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.

• Таптық жіктелу салдарынан жатақтар (кедейлеген қазақтардың өдіріске жұмысқа жолдауы) қалыптаса бастады.

• Отарлық басқару, билік күшейді.

• Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.

• Орыс шаруаларын жаппай қоныстадыру басталды.

• 1867 - 1868 ж. ж. реформалар 2 жылға уақытша енгізілгенімен, бұл ”тәжірибе” 20 жылға созылды

• Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы реформаның теріс жақтарын мысқылдап, сынады.

Күлімбайға (1889 жыл)

Болыс болдым, мінеки

Бар малымды шығындап,

Түйеде қом, атта жал

Қалмады елге тығындап.

Сөйтсе – дағы елімді

Ұстай алмадым мығымдап.

Күштілерім сөз айтса

Бас изеймін шыбындап...

3. Жаңа сабақты бекіту:

1. Реформаға дайындық қалай жүргізілді?

2. Реформаны дайындай отырып, патша үкіметі қандай мақсат көздеді?

3. Реформа қашан қабылдандыжәне ол бойынша қазақ жері қандай басқару аймақтарына бөлінді?

4. Реформаның мәні қандай?

5. Сот жүйесінің қайта құрылуын қалай түсінесіңдер?

6. «Ереже - реформаның» әлеуметтік – экономикалық дамудағы рөлі қандай?

4. Үйге тапсырма: Мына тақырыпта сараптама баяндама әзірлеу.

1. «ХІХ ғасырда қазақ даласында жүргізілген реформалардың Қазақ халқының әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуына әсері»

2. «Сот реформасы туралы» Ш. Уалихановтың хаты.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет