Аймагамбетова Шахизада Бейсембаевна.
Хлебодаровка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы:Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің
ерекшеліктері туралы түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік:Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық:Оқушыларға танымдық сипаты бар әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы олардың ойлау қабілеті мен шапшаңдығын дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды еңбекқорлыққа және тарихи деректергедеген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі:танымдық ойын
Сабақтың әдісі:СТО технологиясы
Көрнекілігі:Қазақстан картасы,слайдтар
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты ояту.
А)Ұйымдастыру ә)психологиялық тренинг б)топқа бөлу(геометриялық фигуралар арқылы) в)үй тапсырмасын тексеру
Бағалау жөнінде оқушыларға ескерту:әрбір тапсырманы орындау барысында өздеріне ұпай қосып отыру.
Үй тапсырмасына арналған тапсырмалар:
1.Сақтардың тайпалық құрамы қандай топқа бөлінген және олар қай жерлерде мекендеген?
2.Сақтардың орналасқан жерлерін картадан көрсету?
3.Сақ тайпаларын әр елде әртүрлі атаған?
4.Кімнің сөзі:
1.«Дұшпанға-қатал,досқа – адал»(грек тарихшылары)
2 .«Сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады»(грек авторы Ктесий)
3. «Садақпен,қылышпен және қола балталармен қаруланған,сауыт киген»(грек авторы Страбон)
4. Сақ қоғамы (кластер құру)
II.Мағынаны тану.Жаңа сабақ.
Тақырыптың мәнін ашу үшін « шаруашылық» сөзіне кластер құрайық.
Шаруашылық
(оқушылардың айтқан жауабын тақтаға жазамын,слайд арқылы көрсетемін)
Енді оқушылар,сіздерге сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы,қолөнері және діни –нанымдары мен ғұрыптары туралы түсінік беремін.
Сонымен,оқушылар сақтар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқан екен?
Шаруашылық
Одан әрі тереңірек меңгеру үшін топтарға мынадай тапсырмалар беремін.
I топтың тапсырмасы: «Сақтар» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
Сақтар
батыр,еңбекқор
көшті,екті,дамыды
сақтар арғы ата-бабамыз
қазақтар
II.топтың тапсырмасы: Венн диаграммасы.
Сақтар жасаған заттарын қайда пайдаланды?
-тұрмыста
Онда сақтардың бұрынғы тұрмысы мен қазіргі қазақтардың тұрмысын салыстыру.
IIIтоптың тапсырмасы: Проблемалық сұрақ:
«Сендер өздеріңді сақтардың ұрпағымын деп есептейсің бе?Оған қандай дәлелің бар?»Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
«Болжам»кестесі. Ұжымдық жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.Үзінді оқылады,оқушылар болжам картасын толтырады.
Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеген,сыйлаған.сақ әйелдері тайпа көсемдері болып та сайланатын.Мысалы,сақтардың бір бөлігін патшайым Томирис басқарды.Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы: «егер сақ жігіті үйленгісі келсе,қызбен әуелі күш сынасуы керек.Қыз жеңсе,жігіт оның тұқыны болып есептеліп,оған толық тәуелді болады.Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады»деп жазды.Тайпа өміріндегі маңызды оқиғаларды қарайтын халық жиналысына ерлермен бірге әйелдері де қатысуға құқылы болған.
Болжам кестесі
Не болды? Дәлелдеу Шын мәнінде не болды?
III.Ой толғаныс.Сабақты қорыту. «Сақ көші» шағын эссе жазу.
IV.Бағалау.Оқушылар өзін-өзі бағалау,түстер арқылы.Қызыл түс-«5»,көк түс-«4»,сары түс-«3».
V.Үйге тапсырма: «Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы»тақырыбын оқу.Ежелгі грек ғалымдары Герадот пен Страбонның еңбектерінен үзінділерді оқып,ертедегі сақтардың тіршілігінен қандай жаңалықтардың болғандығын біліп келу.
Рефлексия.
Тақырыбы: Тәуелсіздік –ел тілегі
Сыныптар:5-6
Мақсаты: Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін жүйелеу.Интеллектуалдық ойын өткізу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.Өз ойларын ортаға салуға,өзіндік санасының қалыптасуына жағдай жасау.Оқушыларды ұлтжандылыққа,елжандылыққа,Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі:интерактивті тақтадан слайдтар
Түрі: интеллектуалдық ойын
Жүру барысы: I.Ұйымдастыру
Оқушыларды топтастыру:1. «Тарих» 2. «Шежіре»
II.Кіріспе.
Жүргізуші:Құрметті,оқушылар,тарих апталығына байланысты 5-6 сыныптар арасында өтетін «Тәуелсіздік-ел тілегі»атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Түсеміз біз білімнің сайысына
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа,
Талапкердің талабы таудай болар,
Аямас тиіп кетсең намысына,-дей келе,ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.Әділ-қазылар алқасын сайлау.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сайыс жүрісі мынадай турлардан тұрады.
1. «Жұлдызды сәт» ойыны
2. «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»
3. «Алтын қақпа» ойыны
Жүргізуші:Ендеше сайысымыздыбастаймыз.Әрбір берілген жауапқа 1 ұпайдан қойылады.
« Жұлдызды» сәт ойыны
«Шежіре» тобына:
1.Тарих сөзі қандай мағына береді?(зерттеу,өткен оқиғалар жайлы ұғым)
2.Қазақстан өзін тәуелсіз деп қашан жариялады?(1991жыл 16желтоқсан)
3.Рәміздер қашан қабылданды?(1992жыл 4маусым)
4.Әлем халықтары неше нәсілге бөлінеді?(3нәсілге)
5.Ислам дінінің негізін салған пайғамбар?(Мұхаммед Пайғамбар)
6.Мұсылмандардың қасиетті кітабы?(Құран)
7.Ежелгі тарих неше дәуірге бөлінеді?(3ке)
8. «Жеті жарғы» заңдар жинағын кім шығарды?(Тәуке хан)
«Тарих»тобына:
1.Археология нені зерттейтін ғылым?(Ежелгі адамдардың тіршілігін заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым.)
2.ҚР-сының жаңа конституциясы қашан қабылданды?(1995ж 30тамызда)
3.Сақтардың ержүрек әйел патшайымы кім болған?(Томирис)
4.Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?(тастан)
5.Қазақ елін билеген хандар әулеті кімнен тараған?( Жошыдан)
6.Батыс әлеміне тарихтың атасы деген атпен белгілі болған тарихшы?(Геродот)
7.Халықтың әдет-ғұрпын,шығу-тегін зерттейтін ғылым саласы?(Этнография)
8.Саналы адам қашан пайда болды? (Тас дәуірінде)
II тур «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»
1.Отан,ерлік,батырлық туралы мақал-мәтел жасыру.Екі топ бір-біріне мақалдың басын айтып,келесі топ жалғастырады.
2.Жұмбақ жасырып,келесі топ шешімін табады.
III тур «Алтын қақпа»ойыны
Жүргізуші:Екі топқа кезек-кезек 3сұрақ қойылады.Қай топ бірінші жауап берсе,сол топ тас қақапаны бірінші ашады.
«Шежіре» тобына:
1.Шығыстың ғұлама ғалымы IIАристотель атанған?( Әл-Фараби)
2.Темір дәуірінде қандай мал шаруашылығы дамыды?(көшпелі,жартылай көшпелі)
3.Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?(б.з.б. IIғ.соңы)
«Тарих» тобына:
1.Алғашқы пайдаланған металл?(мыс)
2.Сақ өнері стилі қалай аталады?( Аң стилі)
3. «Епті адам» қашан қалыптасты?
«Күміс қақпа»сұрақтары:
1. «Алтын киімді адам» қай жерден ,қай жылы табылды?(Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан,1969ж)
2. «Қыш құмыралар заманы» деп аталған дәуір?(неолит)
3.Алты ай бойыжауға берілмей,шайқасқан қай қала?(Отырар)
Күміс қақапаның сұрақтарына 1минутта жауап берген топ алтын қақпаны ашуға жолдама алады.
«Алтын қақпа» сұрақтары:
1. «Желтоқсан оқиғасы» өткен қала?(Алматы)
2. Н.Ә.Назарбаев қай жылы,қашан президент болып сайланды?
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен,неше
баптан тұрады(9бөлім,98бап)
«Алтын қақпа» сұрақтары:
1.Атақты ойшыл,әрі ақын Бұқара қаласында білімін жетілдірген.Қазақ жерінде мұсылман дінін таратуға атсалысқан .Оның түрік тілінде жазған Диуани Хикмет атты шығармасы адамзатты адалдыққа,имандылыққа шақырады.(Қожа Амет Йассауи)
2.Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері,шешен,Әз Тәукенің Жеті жарғысн жасауға қатыскан.
Болмас іске қарыспа,Біреуге ор қазыспа,Жауыздық іске барыспа,т.б.нақыл сөздері халық ауызында сақталған.(Төле би)
Қорытынды.
ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман» – деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.Сондықтан да, заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел меңгеріп,кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында:қазіргі білім берудегі басты мәселе –білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап көрсетіледі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан – жақты ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Ұлы педагог Я.А. Каменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. Оқу процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашу.Сабақ – мұғалім мен оқушылар тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға өз көзқарастарын өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік береді.
Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді.Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны.Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу менбілім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары,өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек.Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет.Оқыту технологияларының құрылымдық элеметтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,оқушы, оқытушы, нәтиже. Оқыту технологияларына тән белгілер: негізділігі(кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжырымдамасы болуы шарт); жүйелілігі(құрылымдық элементтердің біртұтастығы); басқарылмалығы( оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан – аяқ тексеруге болатындығы); тиімділігі( қысқа мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі). Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Менің тарих мұғалімі ретінде алдыма қойған басты мақсатым: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру,осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Қазіргі кездегі оқытушының басты мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.Тарихты оқыту – өзара байланыста және ұнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс.Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Бұл ретте өзім тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.
Интерактивті әдіс – бұл: Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау
Өздерін – өздеріне бағалату
Іс – әрекет барысында білім алу
Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді. Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру; Ешқашан «жауабыңыз дұрыс емес» демеңіз, ондай жағдайда тек топпен «келісесіздер ме?» – деп сұрау керек.Зейінсіз, енжар оқушыны анықтау, олардың бойындағы ашылмай жатқан «ғажайыпты» ашу.
Бұл әдіс оқытушы мен оқушылар тобы,шағын топ, жеке студент арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы хабарлама беруші – модератордың қызметін атқарады.Оқытушы студенттерге өз көзқарастарын өздері айқындап белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік беруі тиіс.
1.Диагностика сәті. – «Миға шабуыл» – жаңа сабақты өтілген тақырыптармен байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы мұғалім оқушылардың білгендерін ортаға салдыртады.
2. Ізденіс тенденциясы сәті – Мұнда оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып «миға шабуыл» әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
3. Тұсау кесер – әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді.
4. Сабақты қорыту – пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу әдістеріарқылы бекітіледі.
Бұл әдісте оқытушы 5 – 7 минут уақыт алады, қалған уақыттың бәрінде оқушылардың өздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша оқушылар өз білімін өздері бағалайды.Жаңа әдіс – тәсілдердің бірі – СТО технологиясы. Бұл технология элементтерін де сабақта жиі қолданып отырамын. Қазақстан тарихынан «Ұлт – азаттық көтерілістері» тақырыбының қорытынды кезеңінде Венн диаграммасын қолдандым.Бұл оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, материалды жан – жақты меңгеруге, деректермен дәйектерді салыстыру, жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды.
ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық ойлау – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген мұғалім өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, комуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған интерактивтік тақтаны пайдалана білетін болуы тиіс.Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады.Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқытушыларға баланы оқытуда уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Демонстрациялық материалдар дайындау, топпен кері байланыс жүргізу ұшін интерактивті тақтаның мүмкіндігі шексіз.Мен тарих сабақтарында мүмкіндігінше компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалануға тырысамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп,оқушылардың түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер де көрсетіп отырамын.Мысалы Қазақстан тарихы бойынша «1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы» атты тақырыпты өткен кезде, сол оқиға туралы видеофильм көрсетіліп, соңынан студенттер көргендері негізінде қысқаша эссе жазды.Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін. Барлық бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы.Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр.Оқушылардың өзбетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Тек сабақ кезінде ғанаемес сабақтан тыс кезде де оқушыларға компьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар беремін..Әр сабақта тапсырмаларды алдын ала беру арқылы оқушыларға қосымша материалдарды табудың жолын көрсетіп отырамын. Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігі дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгереді.Нақты мәліметтер мен деректерге сүйеніп, материалды талдауға, сараптауға, дәлел келтіруге, ақпарат көздерімен ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргізе білуге дағдыланады. Мысалы «Маңғыстаудағы адайлар көтерілісі», «Маңғыстау Ұлы отан соғысы жылдарында» тақырыптарына байланысты студенттерге ізденіс тапсырмаларын бердім. Студенттер қалалық, облыстық кітапханаларға, облыстық мұражайға барып өзбеттерінше көптеген мәліметтер жинап, соның негізінде баяндамалар, рефераттар жазды, буклеттер дайындады.Тапсырманы орындау арқылы олар компьютерді пайдаланды және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін арттырды.Жалпы тарих пәні оқытушысы ретінде сабақтан тыс колледж студенттері арасында әртүрлі тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, тарихи оқиғаларға байланысты кештер өткізіп отырамын.Бұл шараларды ұйымдастыруда мен студенттерге тек қана бағыт беріп отырамын, ондағы мақсатым студенттердің жан – жақты шығармашылық, терең ізденіс, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Және де барлық шараларды өткізген кезде ақпараттық технологиялар – интерактивті тақта, компьютер,видеокамера қолданылды.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, біздің міндетіміз – жеке тұлғаның өзіне,қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін – өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау.Сондықтан да әрбір оқытушы сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын талмай ізденуі қажет. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сол жастарды өз мамандығын жақсы меңгерген, теориялық біліммен тереңсусындаған, қазіргі қоғамның талабына сай, нарықтық экономиканың сұранысын қанағаттандыра білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға етіп шығару мына біздің қолымызда. Осы қиын да, қызықты ұстаздық мамандықта сіздерге шығармашылық жолында талмас қанат, үлкен шабыт тілеймін!
Пайдаланған әдебиеттер
1.Н.Ә.Назарбаев 2012 ж14 желтоқсан «Қазақстан – 2050 даму стратегиясы»
2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
3. С.Т.Мұхамбетжанова,Ж.Ә.Жартынова «Интерактивті технологиямен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдері – Алматы,2008
4.А.Иманбаева «Оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру » Қазақстан мектебі,№2,2005ж
5. Интернет мәліметтері
Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан
§12. Көшпелі мал шаруашылығы
Мақсаты: Темір дәуіріндегі Қазақстанның тарихын,мал шаруашылығы жайлы толық мағлұмат беріп толықтыру.
Білімділік: Темір дәуіріндегі тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып,оқушылардың білімін арттыру
Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін,қабілетін дамыта отырып,жаңа тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Б) оқушылардың зейінін аудару
ІІ.Үй тапсырмасы
Қола дәуіріндегі Қазақстан
1.Өндіріске металл құрал – саймандардың енуі
2.Қола дәуірінің ерекшеліктері, негізгі сипаттамасы
3.Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі
Қола дәуірінің ерекшеліктері Тірек сызбамен жұмыс
1. Металл өңдеу игерілді
2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу
3. Жер өңдеудің қарапайым түрі,теселі егіншілік дамыды
Андрон мәдениеті. Тірек сызбамен жұмыс
1. Егін шаруашылығы
2. Мал шаруашылығы
3. Қолөнер
Беғазы –Дәндібай мәдениет. Тірек сызбамен жұмыс
1. Егін шаруашылығы
2. Мал шаруашылығы
3. Қолөнер
Кім жылдам....
Сұрақ- жауап
• Қола дәуіріндегі адамдар қандай әшекей бұйымдарын таққан?
• Андрондықтар бойтұмары неден жасалды және не
• үшін тақты?
• Адамдарды қалай жерлеген?
• Қола дәуіріндегі адамдардың қайтыс болған адамдар туралы діни көзқарастары қандай?
• Қайтыс болған адамның қасына не үшин еңбек құралдарын қоса көмген?
• Абыз кім және оның коғамдағы рөлі кандай?
• Қола дәуіріндегі адамдар неге табынған?
• Қазақстан жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым?
Суретпен жұмыс. Қола дәуіріндегі қыш ыдыстар қоладан жасалған құмыралар тақырыбы:
Суретпен жұмыс. Бұл кім?Ол туралы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
§ 12 . Көшпелі мал шаруашылығы
Жоспары:
1. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.
2. Отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу
3. Тебіндік жайылым
4. Төрт түлік мал
Адамзат дамуының тарихи үш кезеңі
Тас дәуірі Қола дәуірі Темір дәуір
Б.з.б 5мыңжылдықта жаңа тас ғасыры неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратуды, тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін үккіш келі, балта, қайланы т.б ойлап тапты.
Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді темір дәуірі деп атайды.
Ерте темір дәуірі б.з.б
8 ғасырдан б.з-дың 5 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.
Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді
дүниеге әкелген жаңа кезең. Темір берік әрі салмақты металл.
Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандық (сурет
Көшпелі мал шаруашылығы
Себептері
1. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын шашыназайды.егіншілікпен шұғылдану қиындады
2. Ат абзелдерін жетілдіру жылқыныкөлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді
3. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті
Көшпелілік –тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық мәдени әлеуметтік жүйе
Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Тебіндеп жайылуына икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлуді қажет етеді.
Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.
Олар суық пен ыстыққа төзімді.
4. Жаңа сабақты бекіту.Ой қорыту
Сәйкестігін тап:
Түйелер Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.
Олар суық пен ыстыққа төзімді
Қойлар Тебіндеп жайылуңа икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлуді қажет етеді.
Жылқылар Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Сиырлар Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады.
Тарихи диктант
1.................берік әрі салмақты металл
2.................еңбек өнімділігі өсті.
3 Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі.....................
аралықты қамтыды
5 ............................ киіз үйін, киім кешегін,тұрмыстық
заттарын артты.
Тест тапсырмасы
1.Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі
А) б.з.б 4мыңжылдық
Ә) б.з.б 5-3 мыңжылдық аралығы
Б)б.з.б 1 мыңжылдықтың соңы
в) б.з.б 8 ғасыр
2.Ертедегі темір өңдірудің қарапайым тәсілі
А) домна пеші
Ә) пеш көрік
Б) қазандық
в) мартен пеші
3 Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі
А) көрші халықтардың ықпалымен
Ә) климаттың өзгеруінен
Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан
в) ежелгі Қазақстан тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналыспады.
4. Батыс Қазақстанның шөлді аумақтарында өсірілетін түлік
А) сиыр
Ә )жылқык
Б) түйе
в) ешкі
5. Тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік
А) сиыр
Ә )жылқык
Б) түйе
в) ешкі
Венн диаграммасы
ІҮ. Үйге тапсырма
§12 . Көшпелі мал шаруашылығы
Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандық.Суретке әңгіме құрастыру
Ү.Оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |