Сабақ жоспары
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы:8а
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Себеп- салдар салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру Себеп- салдар туралы түсіндіру
2.Дамытушылық: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
99-жаттығу
Шың оқулығының 42-46 нұсқаларымен жұмыс жасау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау: Тіл туралы мақал-мәтел айту.
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
Себеп-салдар салалас
Салалас құрамындағы жай сейлемдер өзара бірі екіншісінде айтылған істің себебін не салдарын білдірсе, ондай салаласты себеп-салдар мәнді салалас дейміз. Себеп-салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.
1.Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын (Ғ. Мұст.). Ақыры тапқан сияқты; оң көзінің астыңғы қабағы бүлкілдей бастапты (Ғ- М-)
2.Мысалы: Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол қазақ, орыс тідін жақсы біледі.
Салаласа байланысқан себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара былай орналасады:
1.Себеп мәнді жай сөйлем сондықтан, сол себепті салдар мәнді жай сөйлем
2.Салдар мәнді жай сөйлем өйткені, себебі,неге десеңіз себеп мәнді жай сөйлем
ІV. Cабақты меңгерту
101- жаттығу-ауызша
102-жаттығу Көшіріп жазу талдау жасау
V. Сабақты қорытындылау.
Құрмалас сөйлем түрлері
Салалас түрлері
Себеп салдар жалғауларын ата
1.Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді- ыңғайлас салалас
2.Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ.
3.Үлкен еңбегі әперген беделі де үлкен еді, сол себепті қарауындағы жұмысшылардың барлығы оның айтқанын заң көретін.
4.Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.
VІ. Үйге тапсырма беру. 104-жаттығу.Ереже оқу.
VІІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |