Пәні: Қазақ әдебиеті
|
Күні:
|
Сыныбы: 5
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сәбит Мұқанов «Лашын» әңгімесі («Өмір мектебі»романынан үзінді)
|
Сілтеме
|
Қазақ әдебиеті. 5сынып
|
Мақсаты
|
Мақсаты:
білімділік: оқушыларға жазушының өмір жолын айту, халқымыздың ұлттық саятшылық өнерімен және аң аулау дәстүрін қалыптасуы туралы мағлұмат беру.
дамытушылық: оқушыларды туған жер табиғатын аялауға, сүйе білуге, салт – дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.
тәрбиелік: оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру және шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
|
Күтілетін
нәтижелер
|
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады.
|
Сабақтың түрі
|
Қайталау сабағы
|
Пәнаралық байланыс
|
жаратылыстану
|
Қолданылатын әдістер
|
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
|
Керекті жабдықтар
|
Оқулық, интербелсенді тақта, стикер, маркер т.б.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ
кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
1 мин
3 мин
|
Ұйымдастыру
Топқа бөлуСыныптың оқушыларын 1-4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан Сәбит Мұқановтың өмірбаянын, «Лашын» әңгімесін сұрау.
|
Оқушылар 1-4 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
|
Тұсаукесер
|
2 мин
|
Сабақтың эпиграфы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға,
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет.
Ыңғайлы ықшам киген аңшы адамға.
Мұғалімнің сөзі: - Балалар, біздер бүгінгі сабағымызды ұлы Абай атамыздың “Бүркітші”өлеңімен тектен-текке бастап отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымыз саятшылық пен аңшылыққа байланысты.
|
|
Негізгі бөлім
Білу
|
5 минут
|
Ақын, жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі - Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше хат таныған. Бала кезінен қисса – дастан, жыр, аңыздарды жатқа айтып өскен.
Жазушының “Өмір мектебі” атты романы жазушының өмірбаяндық шығармасы, ол шығарманы біз түгелдей жоғарғы кластарда толық оқып танысамыз.
Бізге тек сол романнан “Лашын” атты шағын үзіндісі ғана берілген.
Әңгіме оқиғасы жазушының өз өмірінен алынғандықтан 1 жақта баяндалып отыр.
Жазушы әңгімеде Балтабай аулына мұғалім болып келіп, өзінің бос уақытын аңшы, құсбегі Ахметпен бірге өткізгендігін шабытпен құмарта жазады.
|
1.Оқушылар ақынның өмірбаянына шолу жасап еске түсіреді. «Лашын» әңгімесінен түсінгендерін айтып,пікірлеседі.
|
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі.
|
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
|
Қолдану
|
5 мин
|
Кіріспе: Балтабай аулында.
Негізгі бөлім: Саятшылық.
1. Құсбегі Ахмет
2. Лашынның мүсіні.
3. Ахмет пен Лашынның өнері.
а) үйрек алу лашынға сөз емес.
ә) қазды алу үйректен әлдеқайда қиын екен.
б) лашынға алдырмайтын құс – дуадақ екен.
4. Шілдеде құс салу.
Қорытынды: Саятшылық - өмірдің бір қызығы.
|
Оқушылар жоспар құрады.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
Жаз жыл мезгіліне қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату.
Кәне, кәне, тұрайық!
Алға, артқа бұрылайық.
Ағаштар секілді тербелейік,
Самал желдей соғайық.
|
Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
|
Талдау
Кітаппен жұмыс.
|
5 мин
|
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, талдау жаса .
Атбегі, құсбегі, лашын, дуадақ, дабыл, түлек, саят сөздерінің мағынасын ашып жазғызу.
ту.
|
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
|
Жинақтау
|
8 мин
|
Сөзжұмбақ шешу.
1. Лашынға алдырмайтын қандай құс? (дуадақ)
2. Шығарманың авторы кім? (Мұқанов)
3. Шығармада қандай кәсіп түрі көрсетілген? (саят)
4. Шығармадағы құсбегі кім? (Ахмет)
5. Лашынға қандай құсты алу қиынға соғады? (қаз)
6. Қандай құсты алу өте оңай? (үйрек)
|
|
Қорытынды
Рефлексия
|
6 мин
|
1
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім?
|
Не ұнады?
|
Сабақтан алған әсерім
|
|
|
|
|
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
|
Үйге тапсырма
|
1мин
|
«Лашын» әңгімесін оқу.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
|