/5-сынып/
Күні: ақпан 2011 жыл
Сыныбы: 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.
ә) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге шақыру, ынтымақ пен бірлікті, адамгершілік қасиеттерді бағалай білуге үйрету.
б) ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, салыстыру, өзін-өзі бағалау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
2. «Менің тілегім...» /оқушылар тілегі/
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
-
Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?
-
«Лашын» әңгімесінің тақырыбы не?
-
Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сәбит Мұқанов «Лашын» («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.
-
Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі
-
Ораздың аңшылығы адамгершілігі
-
Шығармадағы көркемдегіш құралдар.
Сөздік жұмыс
Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .
Лашын – жыртқыш, денесінің көлемі жұдырықтай ғана құс
Поселке – шағын ауыл.
Шілік – төрт түлік мал сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.
Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.
Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау тауларының бөктерлерінде мекен етеді.
Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.
-
Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.
Көк көзді, шабдан мұртты, ақ сұр, қушық бетті, түрін байырғы орыстан айырып ала-алмайтын бұл жігіттің бойындағы бар қасиеті – атбегілік пен құсбегілік.
-
Балалар, құсбегілік деген не?
Құсбегілік – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.
-
Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?
Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін кім жатқа айтып береді.
Концептуалдық кесте
-
Кейіпкер
|
Өмірге деген
қызығушылығы
|
Адамгершілік қасиеті
|
Кейіпкерге берілетін баға
|
|
|
|
|
ІV. Тест (сабақты бекіту)
-
Сәбит Мұқанов неше қай жылы дүниеге келді?
А) 1902ж
Ә) 1905ж
Б) 1900ж
ІІ. “Лашын” әңгімесіндегі құсбегі жігіттің аты кім?
-
Ақмет
-
Мырзатай
-
Бекберді
ІІІ.“Лашын” әңгімесіндегі басты кейіпкер немен шұғылданады?
-
Балық аулаумен
-
Тері илеумен
-
Құсбегілікпен
ІҮ. Ақмет құс салумен қай жыл мезгілінде айналысады?
-
Жазы-қысы
-
Тек жазда
-
Тек қыста
Ү. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.
-
“Өмір мектебі”
-
“Көксерек”
-
“Саятшы Ораз”
Тесттің дұрыс жауаптары:
-
І – Б
-
ІІ – А
-
ІІІ – с
-
ІҮ – а
-
Ү – А
-
Бағалау реті
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
5-6 жауап дұрыс болса
|
4 жауап дұрыс болса
|
3 жауап дұрыс болса
|
V. Үйге тапсырма
С.Мұқанов өмірбаянын, «Лашын» әңгімесін оқу, мазмұндап келу
VI. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |