Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»



бет1/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,56 Mb.
#27696
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: ақын өмірімен, шығармашылығымен

таныстыра отырып, өлеңнің тақырыптық-идеялық

мазмұнын ұғындыру;

ә) тәрбиелік: оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын

арттыру, адамгершілік құндылықтарды жетілдіру,

табиғатты аялай білу және жанашырлық сезімдерін ояту;

б) дамытушылық: оқушыларды еркін сөйлеуге, ашық пікір



айта білуге бағыттау, тіл байлығын жетілдіру.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, INSERT түртіп алу стратегиясы, сатылай кешенді талдау, ой толғау

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, музыка, биология, сурет, география

Көрнекіліктер: сызба кестелер, фотосуреттер, диаграмма, карта, үнтаспа, интеракивті тақта, түсіндірме сөздік.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа жұмылдыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау. (Интерактивті тақтада берілген бірнеше ұяшықтарға жасырынған сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын сұрау)

1-слайд.

  1. Жамбыл Жабаев кім? (ақын, айтыс ақыны, жыршы. Ол 1846 ж. Жамбыл тауы бөктерінде дүниеге келген. Әкесі Жапа, анасы Ұлдан кедей шаруа болған. Жамбыл жастайынан домбыра тартқанды, ән айтқанды ұнатты.)

  2. Жамбылдың ұстазы кім? (атақты айтыс ақыны Сүйінбай Аронұлы Жамбылға өз батасын берген.)

  3. Халықтың Жамбылға берген атағы қандай? («жыр алыбы», «жүз жасаған алып ақын», «өлең сөздің даңғылы»)

  4. Өтеген батыр туралы қандай тарихи дерек білесіңдер? (Ол қазақтар мен жоңғарлар, қалмақтар соғысында ерлік көрсеткен батыр. Ұлы Жүздің Дулат тайпасынан шыққан. 15 жасынан соғысқа араласқан. 1723 жылғы жоңғарлармен соғысқа қатысқан.)

  5. Өтеген батыр туралы қандай аңыз дерегі бар? (Аңызда Өтеген батырдың әкесі Өтеғұл батырдың 12 ұлы оба ауруынан қаза болып әкесі қатты қайғырады. Халқы оның қиналғанын көріп, құдайдан батырдың тілеуін тілейді. Бірде Өтеғұлдың түсіне ақ сақалды қария кіріп: «Өтеғұл көз жасыңды тый, қолыңды жай, батамды берейін», - дейді. Өтеғұл қолын жайғанда: «Құдай тілеуіңді береді. Он екі ұлға татитын бір ұл көресің. Өлгендерің өтеледі, балаңның атын Өтеген қой,» - деп бата береді. Сөйтіп Өтеген батыр дүниеге келеді.)

  6. Өтеген бейнесі қандай аңыз кейіпкеріне ұқсайды? (Асан қайғыға)

  • Батырлық, елдік туралы мақал-мәтелдерді оқу;

  • Батырлық, ерлік туралы оқушылар шығарып келген өлеңді оқу;

  • «Ел қамын жеген ер» деген тақырыпта жазып келген ой толғауды оқу.

  1. Жаңа сабақ.

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2-слайд: Сәкен Сейфуллин портреті



  • Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар, 20-шы

ғасырдағы қазақ зиялыларының көшбасында тұрған ақын Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» деп аталатын шығармасымен танысамыз.

3-слайд: Сәкен Сейфуллин өмірі мен және шығармашылығы


4-слайд: Ақын шығармалары

Поэмалары

Өлеңдері

Әндері

Хикаяттары

Романдары

Драмалары

«Аққудың айырылысуы»

«Көкшетау»

«Қызыл ат»


"Асығып тез аттандық", "Далада", "Кел, жігіттер", "Сағындым",

"Қамаудан", "Біздің жақта", "Қашқынның аулы"



"Жас қазақ марсельезасы"

«Ақсақ киік»

«Сұлу терек»


«Қыр балалары»

«Жер қазғандар»



«Тар жол, тайғақ кешу»

«Бақыт жолында»

Каталог: uploads -> doc -> 03bc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03bc -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың кескіндемелік дағдысы мен біліктілігін жетілдіру
03bc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Векторлық обьектілермен қарапайым амалдар. 2016 жыл Сыныбы: 7


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет