Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»



бет4/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,56 Mb.
#27696
түріСабақ
1   2   3   4

Сұрақ: Жаралы киіктің аянышты халі мен мергенді айыптаған тұсын қалай суреттеген? /Оқушының жауабы/

7-слайд: Жаралы киік, браконьерлер суреті



Сұрақ: Өлеңдегі табиғат көрінісін, киіктің сұлу әрі мүскін халін, адам сезімін ақын қалай суреттеген?
Сұрақ: «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен», «Мүйізін пайда қылып, шетке сатып» деген жолдарды өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.
Мұғалім сөзі: Киік – суық, шөлді жерлерде мекендейтін арық және ұзын аяқтары бар дала жануары. Оларды, әдетте ұзын аяқтарынан таниды. Кейбір киіктердің мүйіздері болады. Киік жануарларының бойы 1 метрдей болады, ал салмағы 30-35 кг болады. Бүгінгі күні бұл жануарлардың саны күрт азайған. Себебі заңсыз жолмен жануарларды ату арқылы адамдар табиғатқа мол зиянын тигізуде. Бүгінгі күні қазақ даласында қалған киіктердің нақты статистикалық мәліметін білу үшін мына диаграммаға назар айдарайық;

8-слайд: Киіктердің азаюы жөніндегі диаграмма


Бүгінгі күні саны азайған басқа да жануарлар сияқты киіктер де Үстірт қорығында сақталады.

9-слайд: Үстірт қорығы


4. Сатылай кешенді талдау

10-слайд: Өлеңге сатылай кешенді талдау.

1. Авторы: Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын, сарабдал жазушы, драматург, ірі мемлекет қайраткері, журналист, әдебиет зерттеушісі.

2. Тақырыбы: «Ақсақ киік» - Бетпақдаланы мекендеген киіктердің аянышты халі.

3. Жанры: поэзия /өлең/.

4. Идеясы: Жаралы киіктің аянышты халін суреттей отырып, ақын табиғатты аялау керектігін, кейбір жандардың бойында жанашырлық қасиеттің жоқтығын айтқысы келді.

5. Шумақ: 17

6. Тармақ: 68

7. Бунақ: 3 бунақ

8. Буын саны: 11 буын.

9. Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы /а-а-б-а/

10. Әдеби теориялық ұғым:

Эпитет: қу баялыш бұта, қара жусан, көгала бетегелі бел, сұйық шөп, аппақ таң, мөлдір көз, қара жер, ақ дене, қоңылтақ жел,

Теңеу: қазақтың малдарындай қыбырласып, тигендей емес адам өзі қиып, елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,

Пейзаж: Арқаның Бетпақ деген даласы бар…



11. Түсіндірме сөздік: Бетпақдала – Қазақстанның орталығындағы шөлді аймақ; баялыш – шөптің түрі; сегіз көштік – ұзындығынан сегіз көш жүріп өткендей деген мағынада; қос – ел қоныстайтын орын; бетеге - өсімдік түрі; ел-жайлау – жайлауды мекендейтін халық.

12. Тәрбиелік мәні: Жастарды табиғатты аялауға, жан-жануарлар мен өсімдіктерді жөн-жосықсыз қорламауға, Жер-Ананың әрбір байлығын қадірлей білуге тәрбиелейді.
5. INSERT түртіп алу стратегиясы.

V

Білетінім

-

Білетініме сәйкес келмейтіні

+

Мені таң қалдырды

?

Тереңірек білгім келеді

Киіктердің шөлді жерлерде мекендейтін жануар екендігі

Жануардың да адамша егілуі, киіктердің соншалықты бағалы екендігі

Адамдардың қатыгездігі, адам айтқысыз деңгейде киіктердің азайып кеткендігі

Қазіргі кезде заңсыз киік аулашылар қандай жазаға тартылады?


IV. Үй тапсырмасын беру.

а) Өлеңді мәнерлеп оқу;



ә) «Табиғат – тал бесігің» тақырыбына ой-толғау жазу

V. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 03bc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03bc -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың кескіндемелік дағдысы мен біліктілігін жетілдіру
03bc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Векторлық обьектілермен қарапайым амалдар. 2016 жыл Сыныбы: 7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет