Сабақтың тақырыбы: Секіру және лақтыру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты



Дата24.01.2022
өлшемі18,25 Kb.
#113879
түріСабақ
Байланысты:
дене шынықтыру кмж 7.12 Тәуел Әйгерім


Қысқа мерзімді жоспар




Мектебі: Мойынты жалпы орта білім беру мектебі

Күні :28.12.2020

Мұғалімі: Тауел Әйгерім

Сынып: 2-сынып

Қатысқаны: 23 Қатыспағаны:2

Сабақтың тақырыбы:

Секіру және лақтыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

1.1.1.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындауда негізгі қимыл қозғалыс машықтарын біледі, жасай алады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Әртүрлі жүріс түрлерін орындай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Қатарда жүрген кезде өз адымын басқа оқушылардың адымымен үйлестіре алады.

Кейбір оқушылар:Зал кеңістігін ең қысқа уақытта секіріп өте алады. Жақсы серменіп, оған жалғастыра отырып, бірден лақтыруға көше алады.

Бағалау критерийі

Қарапайым дене жаттығуларын орындауда негізгі қимыл қозғалыс машықтарын біледі, жасай алады.

Секіру және лақтыру жаттығуларын жасайды.



Құндылықтарды дамыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Видео. Суреттер.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Қимылдарды ( жүгіру, алысқа лақтыру, орыннан ұзындыққа секіру) орындаған кезде оқушылар уақыт, кеңістік және бірқалыптылықты түсінетіндігін көрсетеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қатар, «жыланша» жүру, орнынан ұзындыққа секіру, серпілу-ұшу-жерге түсу, алысқа лақтыру.

Диалогқа арналған сұрақтар:

- Секіру және лақтыру жаттығуларын қалай жақсартуға болады?

- Секіру және лақтыру қимылдарын жақсарту үшін не қажет?


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Оң (сол) қолмен лақтырған кезде қандай бастапқы қалыпты қабылдау қажет?

  • Секіруді орындау кезектілігі қандай?

  • Затты лақтыру қандай қасиеттерді дамытады?

Не себепті олай деп ойлайсыз?

Неліктен секірген кезде тізені сәл бүгу керектігін айта аласыңдар ма?

Неліктен затты «алға, жоғары» траекториясымен лақтыру керек екенін айта аласыңдар ма?

Неліктен қатарда жүрген кезде адымдарды үйлестіру керек ?



Алдыңғы оқу

Секіру және лақтыру

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Сапта тұру, сәлемдесу, кезекшінің баянаты, қәуіпсіздік ережесін түсіндіру. Түгелдеу. Арнайы секіру, лақтыру жаттығулары.Жалпы денені дамытуға арналған жаттығуларын орындату.

Спорт алаңы



Сабақтың ортасы

35 минут (О)


Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.Қауіпсіздік ережесімен сабаққа дайындығын ескерту.

Белсенді оқу әдістер бойынша

Жарыс сабағы:

Допты нысанаға басынан асыра лақтыру .Оң қолмен лақтырған кезде бала лақтыру жағына сол бүйірімен бұрылып, оң аяғын артына қояды және денесінің бүкіл салмағын осы аяғына түсіріп, қолын кең құлаштап сермейді, лақтыру кезінде дене салмағы сол аяққа ауыстырылады.



Диолог сабағы бойынша

  • Секіру және лақтыруға арналған қандай ойындарды білесіңдер?

  • Шағын допты бастан асыра лақтыру кезінде қандай қйындықтар болды?

  • Секірудің неше түрлері бар деп ойлайсың?

«Жаңа сабақ»

Бір орыннан ұзындыққа секіру.Секіру кезеңдеріне назар аударады: Секіру кезінде сызықты баспау, серпілу, секіру, жерге түсу. Бір орынан ұзындыққа секіру кезінде қолды алға, артқа сермеп, аяқты тізеден бүгіп серпілу арқылы секіру керек.Секіріп жерге түскен кезде қолды артқа тіремеу.



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар: Дене жаттығуларын орындауда жасалған қозғалыс түрлерін атаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- допты нысанаға басынан асыра лақтыруды дұрыс орындайды; - белгіленген арақашықтыққа жүгіреді; - ұзындыққа секіруде бас пен кеуденің қалпын сақтайды; - жіппен секіруде қол мен аяқ үйлесімділігін дұрыс ұстайды; - қозғалыс түрлерін атайды.


Кең, бос кеңістік.

Шағын доп.

Өлшеуіш, бор







Сабақтың соңы

Қорытынды:Қателіктерін айтып көрсету. Оқушыларды мақтау. Бағалау

Кері байланыс: Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді смайлик арқылы бағалаймын.

БББ кестесін пайдаланамын

Білемін Білдім Білгім келеді






Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Зал кеңістігін ең қысқа уақытта секіріп өту.Уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтағы тапсырмалар секіру және лақтыру кезінде оқушының мүмкіндігін ескеріп, деңгейлік жатттығуларды жүктеймін.

Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін жеңілдетілген тапсырмаларды беремін



Байқаймын, тыңдаймын, сұрақ қоямын.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын.

-Мақтау әдісімен бағалаймын.

-Оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынамын .



Лақтыру кезінде денені дұрыс ұстауға кеңес беремін . Секіру кезінде мәре сызығын баспауды ескертемін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет