Сабақтың тақырыбы Сәлем!Сенің атың кім



бет51/163
Дата17.10.2023
өлшемі20,85 Mb.
#186239
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   163
Байланысты:
1 сынып. ҚМЖ барлығы

Сабақтың соңы( 41-45мин)

1-тапсырмада оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеп жаттығады. Оқушылардың сурет бойынша айта алу дағдылары қалыптастырылады. Сондай-ақ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға жаттығады.
Үлгі: V Ол демалыс күні теледидар көреді.
Х Ол демалыс күні шаңғы теппейді.
V Ол демалыс күні ән айтады.
Х Ол демалыс күні бояу бояды.
V Ол демалыс күні доп ойнайды.
Х Ол демалыс күні домбыра тартады.
V Ол демалыс күні дүкенге барады.
Х Ол демалыс күні кітап оқыды.

Осыдан кейін 2-тапсырмада берілген суреттер бойынша ойын ұйымдастырылады. Алдымен мұғалім оқушылардың назарын тапсырмадағы суреттерге аударады, сұрақтар мен жауаптар оқылады, сұрақ қою мен жауап беру тәртібі түсінікті болғаннан кейін оқушылармен ойнауға болады. Тақтаға үш оқушы шақырылады. Мұғалім оқушылардан Бірінші оқушы не істейді?


Ол жауап береді. Екінші оқушы не істейді? Ол сұрақ қояды. Үшінші оқушы не істейді? Ол қайталайды. Ажар, сұрақ қой. Сен демалыс күні не істейсің? Мен сурет саламын. Ол сурет салады. деп сұрайды, оқушылардың жауабын тыңдайды. Сонан кейін тақтаға шыққан үш оқушының біріншісі сұрақ қояды, екіншісі жауап береді, үшіншісі жауапты қайталайды. Бұл ойын оқушыларды сұрақ қой-ып, жауап беруге дағдыландырады, бір-бірін тыңдауға, айтқандарын есте сақтауға мүмкіндік береді.
Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмалар­ды бекіте түседі.

Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет