Ұйымдастыру.Оқушылар шеңбер жасап тұрып, сағат тілімен бір-біріне бұйрықты сөйлеммен әзілдеп, ауызша мәтін құрайды,интонациялық ерекшеліктеріне мән береді.Үй тапсырмасын осы әрекетпен бекітіп аламыз.
Кері байланыс:«1,2,3 секілді оп-оңай» әдісімен үш оқушы жұптасып, 1-ден 3-ке дейін санайды. Тақтаға – «эпизод – тілдік ерекшелік – салыстыру» сөздері бойынша кері байланыс жасайды. Осындағы үстеу сөздердің қолданылу ерекшелігіне назар аударып, сипаттайды.
ҚБ: Топтық графикалық бағалау «Дұрыс, бұрыс» әдісімен жасалады.
Дескриптор:
Шығарманы эпизодтарға бөліп, сипаттайды;
Тілдік ерекшеліктеріне қарай салыстырып, үстеу сөздерді қолданады.
ЖЖ. 2-тапсырма. Берілген бейнебаяндағы эпизодтарды сипаттау үшін сын-қимыл, бейнелік, өлшем үстеулерді қатыстыра отырып, диалог құрыңыз. Диалогтан түсінгендеріңізді шағын мәтінге түсіріңіз.
Тапсырманы оқушылар «60-60-60» әдісімен 1-ден тақырып пен эпизод, 2-ден, тілдік ерекшеліктерді салыстырады, 3-ден, үстеуді сын-қимыл, бейнелік, мөлшерлеу мағынада сипаттап айта алады, шағын мәтінмен қорытады.
Кері байланыс: «Тәртіппен орналастыру» әдісімен оқушылар бүгінгі білгендерін рет-ретімен сипаттап айтып береді.
ҚБ: ым-ишарат арқылы бағалау түрі «Смайликтер» арқылы.
Дескриптор: -эпизодтарына қарай тілдік талдау жасайды;
-үстеулерді ауызша және жазбаша түрде еркін қолданады.
Саралау: «Егер де...» әдісімен Шыңғыс Айтматов шығармасын талдау, өзпікірін жай ғана мазмұндау мұғалімкөмегін қажетететіноқушығаберілсе, шығармашылық деңгейіжоғары балаға «Жер Ана»атауына лингвистикалық талдау жасатып, тірек сөздерді орыс тіліне аудару.