9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану. (Түсіну және жауап беру).
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу. (Анализ және интерпретация).
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың бәрі:
Шығарма мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көбі:
Шығарма мазмұнындағы ақпараттарды ажыратады, талдайды.
Оқушылардың кейбірі
Әңгіме жаза алады.
Пән лексикасы және терминология:Жоңғария, Жетісу, Іле өлкесі, Ыстықкөлге сапар, Ыстықкөл экспедициясы, Құлжа,
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, менің түсінгенім, біздің пайымдауымызша
Осыған дейін меңгерілген білім:
Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.
Сандар арқылы топқа бөліну. Жұп сандар және тақ сандар арқылы екі топқа бөлінуге болады. Бірліктерді парақшаларға жазып, оқушыларға таратып 5 топ құрау немесе 1,2,3,4,5 деп ауызша оқушыларға айтып, сол сандарды есте сақтап тұруларын ескертіп, бірлер бір топ, екілер бір топ, үштер бір топқа, төрттер бір топ, бестер бір топ құрауларына болады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану. (Түсіну және жауап беру)
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу. (Анализ және интерпретация)
Ж. «Шын/жалған» тұжырымдарының тізбегі үлгісі
Үзінділер
Шын
Жалған
18 сәуір күні біз Семейден Аягөзге қарай аттандық.
Аягөз бойында біз табиғат тіршілігінің қыза бастағанын байқадық..
Түп Есілге құяды.
Майдың 18-сінде... Біз Торайғыр тауының солтүстік бауырына аялдадық. (
Қарабатқақ пен Саты маңындағы біздің соңғы аялдаған жерімізден шамалы әрменірек Сарыбұлақ атты екі өзен ағады.
1-тапсырма. Топтық жұмыс
Ұсынылған мәтінді (Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» үзінді) мұқият оқып, таныстырылым әзірлеңіздер.
І топ: Ұсынылған мәтін бойынша постер құрастырыңыздар. Мәтіндегі ақпараттарды толық және жүйелі қолдануға тырысыңыздар
1. Аягөз, Лепсі мен Шелектің табиғатын суреттеп беріңдер. (112-113 беттер). Оқыған үзіндіде қандай өсімдік, құстар атаулары кездеседі?
2. Күнделік пен очерк жанрын салыстырыңыздар.
ІІ топ: Мәтін мазмұны бойынша сызба, постер дайындаңыздар. Ұсынылған мәтінге түйіндеме жасаңыздар. Мәтіндегі ақпараттарды толық және жүйелі қолдануға тырысыңыздар.
1. Шоқанның қазақ-қырғыз мазарлары туралы айтқан ойларына талдау жасаңыздар.
2. Оба, мазар, қорған, күмбез сөздерінің мағынасын түсіндіріңдер.
Оба - ежелгі дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштер, жерлеу орындары.
Мазар - мұсылман қауымының қаза болған адам қабіріне тұрғызатын сәулет ескерткіші.
Қорған - ежелгі қабірлер үстіндегі тас немесе топырақ үйінділері.
Күмбез - жалпы жобасы шеңберленіп келген (кейде көп қырлы, эллипске ұқсас,
ІІІ топ:Ұсынылған мәтінге түйіндеме жасаңыз. Мәтіндегі ақпараттарды толық және жүйелі қолдануға тырысыңыз. Мысалы,