Сабақтың тақырыбы:“Шайға арналған үгілмелі печенье”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ұннан жасалатын тағамдар туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өзбетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой — өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтыңәдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, өзбетіншесарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: дайын ұннан жасалатын тағамдардың суреттері, тағамдар.
Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
Үй тасырмасын сұрау:Қой етінен дайындалатын ұлттық тағамдар.
1.»Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?
(Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек қүші артады).
2. Ет және ет тағамдарының құндылығын кім айтады?
(Сиыр етінің 18 — 20, қой етінің 15 — 20 пайызын белок құрайды. Құрамы 4 — 9 пайыз майдан тұратын ет, адам денсаулығына пайдалы, яғни күш береді).
3. Еттің құрамында қандай витаминдер кездеседі, кім айтады?
(Еттің құрамында В тобының витаминдері В1, В2, В3, В12, ал минералды заттардан — фосфор — 0, 2, калий — 0, 3 темір 2 — 3, мырыш 2 — 3 бар.)
4. Ұлттық аса қадірлі тамақ, ол қандай тағам?(Ет асу).
5. Қой етінен қандай ұлттық тағамдар дайындалады?
Қуырдақ
Қазақша ет
Кәуап
әсіп
Төстік
тұшпара
мәнті
Ал енді біздер тағам әзірлеу барысында естен ешқашан шығармайтын техникалық кауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпайық.
Қандай тағамды әзірлесең де мыналарды ұмытпа:
1. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.
2. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзінен кері қарай аш.
3. Қызып тұрған шәйнекке мұздай су құйғанда өте абай бол.
4. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.
Жаңа сабақ.
Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Ұннан жасалған тағамдар».
Күнделікті өмірде көріп, естіп жүрсіздер, нанды қашан да қастерлеп өскен халықпыз.
Нан – жер — ананың адамзатқа беретін баға жетпес азығы.
Нан дастарқанға қалай келеді?
(Слайдтан тағамдарды көреміз)
Ұн – қамырдың барлық түрін әзірлеудәң негізгі шикізаты.
Үй жағдайында пісіру үшін бидайдың майда ақ ұны, жоғары, 1 және 2 сортты бидай ұны пайдаланады, жүгері мен қара бидай ұны сирегірек пайдаланылады.
Қамырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май, В және РР1 витаминдер тобы, крахмал түрендегі көмірсулар болатындықтан, тамақтың құнарлығы жоғары.
Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады:
1. Ұннан жасалатын тағамдар — тұшпара, үй кеспесі, варениктер, құймақ.
2. Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер — пирожкилер, бауырсақ, бүрменан, бәліш және т. б.
3. Дәмделген нан өнімдері — қарапайым майқоспа нан, әр түрлі тоқаштар, қаусырма т. б.
4. Ұннан жасалған кондитерлік өнім – торт, печенье, пирожный, прәндік.
Бұл өнімдерді дайындау үшін қамырдын алуан түрін пайдаланады.
Ұн мен одан жасалған тағамдарды дайындау үшін әр түрлі ыдыстар қолданылады. Олар елек, оқтау, таба, қамыр кескіш, қамыр жайғыш, табақшалар. Ұннан тағам пісіру үшін қамыр илеу керек. Қамырдың өзін илеу түрлеріне қарай қою және сұйық қамыр десек болады.
Қамырды екі топқа бөледі: ашытқылы және ашытқысыз.
Ашыған қамырдан дайындалатын өнімнің сапасы оның иленуіне, толықсытылып өнделуіне, ашуына байланысты болады.
Қамыр әзірлеу алдында ұнды жылы орынға әкеліп, електен өткізеді.
Ұнды електен өткізудегі мақсат — одан бөтен заттар мен түйірлерді ажырату.
Ал осы нанға байланысты қандай ырым — тыйымдар білеміз.
1. Нан – дән басы. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қою керек.
2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Ол үкен күнә.
4. Нанды жерге тастауға, шашуға, басуға болмайды.
6. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде нан ұсынады.
Сарамандық жұмыс: Нан жазу.
Топшамамен жұмыс.
Сергіту сәті: (мақал — мәтел жарысы)
Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.
Ет етке, сорпа бетке.
Ас иесімен тәтті.
Тойған үйге тоғыз бар.
Асына тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
Нан — тамақтың атасы, ынтымақ көптің батасы.
Бекіту:
Тәтті, тәтті емес нан бисквит, үгілмелі, қайнатқы
Блиц сұрақтар. Оқушылар кезектесіп сұрақтарға жауап береді.
1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процесі)
2. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)
3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек?
4. Ашытқы қалай дайындалады?
5. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10мин)
Пайдалы кеңес.
— Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін мақтаны йодқа батырып, ыдысқа салып, нан салғышқа қояды.
— Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салу керек.
5. Бағалау. Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.
6. Үйге тапсырма. Өз таңдаулары бойынша қамыр илеп, пісіріп әкелу, реферат жазып келу және жаңа тақырыпты оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |