Әр қаптың массасын есепте. Оқушылар тапсырмада суреттегі таразыдағы кіртастар бойынша бір қаптың массасын дұрыс тауып, астында берілген бос орындарға жазу керек. Жауабы: а) 8 кг; ә) 9 кг.
Оқулық,
А4 парағы,
3 минут
Зерттейік. Әр топқа заттар және сол заттардың суреттері салынған қағаз беріледі. Оқушылар сол заттарды өлшеп, массаларын қағазға жазып, массаларын өзара салыстырады.
1-топ: алма, алмұрт, бананберіледі,сол заттардың массасын таразымен өлшейді, өзара салыстырады.
2-топ: блонкот, қарындаш салатын сауыт, дәптер беріледі,сол заттардың массасын таразымен өлшейді, өзара салыстырады.
3-топ: 2 ұл бала мен 1 қыз бала салмақтарын таразымен өлшейді, өзара салыстырады.
Оқушылар сабақ соңында таразының көмегімен заттың массасын өлшеп, анықтауды меңгереді.
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін
білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:
— Заттың массасын анықтайтын құралды ата.
— Кіртастарындағы сандар нені білдіреді?
— Массаның өлшем бірлігі не?
Электронды таразылар, жемістер, блонкот, қарындаш салатын сауыт, дәптер
Рефлексия 1 минут
Кеменің суреттері
Бағалау 1 минут
Смайликтер арқылы әр оқушының сабаққа қатысуларына қарай бағалауы: «өте жақсы орындадым», «түсіндім, бірақ сұрақтарым бар», «түсінбедім»