СІ. Қандай жазықтықты алсақ та сол жазықтықта жататын нүктелер де, жатпайтын нүктелер де табылады.
СІІ. Бір түзуде жатпайтын кез келген үш нүкте арқылы бір ғана жазықтық жүргізуге болады.
СІІІ. Егер түзудің екі нүктесі жазықтықта жатса,онда түзу тұтасымен осы жазықтықта жатады.
CIV.Егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда жазықтықтар осы нүкте арқылы өтетін түзу бойымен қиылысады.
Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуының белгілері мен қасиеттерін қолдану тапсырмалары
№1. Суретте тікбұрышты параллелепипед бейнеленген.
а) DB1 және D1C түзулері қиылыса ма?
b) AD және B1C1 түзулері арқылы жазықтық жүргізу мүмкін бе? DC және DB1 арқылы ше? BC және AA1 арқылы ше?
№2.EFGHE1F1G1H1 - куб. L,N және T - сәйкесінше F1G1, G1H1 және H1H қырларының орталары; К - EE1F1F жағының диагоналдарының қиылысу нүктесі. Түзулердің өзара орналасу кестесін толтырайық: Әр жағдай үшін түсініктеме беріңіз.