Қорытындылау
Сабақ барысы:
І. Мотивациялық кезең: оқушыларды түгендеу, сабаққа ынталандыру
Үшбұрыштың түрлерін пайдалану арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
І топ: «Тікбұрышты үшбұрыш» тобы
ІІ топ: «Теңбүйірлі үшбұрыш» тобы
ІІІ топ: «Теңқабырғалы үшбұрыш» тобы
IV топ: «Үшбұрыш» тобы
Мұғалім:
Балалар, әрбір оқушы мына алақанның әр саусағына өз тобыңдағы оқушыға бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп өз тілегін жазсын. Топ басшылары алақанның ортасына жазсын. Осындай жақсы тілек тілеп бүгінгі ашық сабағымызды осындай көтеріңкі көңіл- күймен бастайық.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№272
Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері а=1,6см, в=4,5см. Үшбұрыштың ауданын табу керек.
ШЕШУІ:
А Бер: ∆ АВС, АС=в=4,5см
ВС=а=1,6 см
Т/к: S -?
Itieі^ S=1|2 а*в S=1|2*1,6*4,5=36cм²
в
С а В
ІІІ. «Сый табақ»
Балалар уйге қонақ келсе уй иесі қандай әрекеттер жасайды?
А) Төрге шығарамыз
Ә)Дастарханға шақырамыз
Б) Ет асып , табақ тартамыз
Қазір біз мына келген қонақтарға «табақ тарату» рәсімін жасайық.
Әр топқа табақ таратамын, ортасында «Үшбұрыш» сөзін жазамыз. Ал шетіне осы үшбұрыш туралы не білеміз, анықтамасын, қасиеттерін, үшбұрыш туралы теореманы да жазуға болады. 5 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.
IV. Үшбұрыштың ауданының формуласы
«АБАЖУР» стратегиясы
Балалар мен сендерге әр топқа түсті қағаз таратамын. Сол қағазды 4 ке бүктеп әр бөлігіне үшбұрыштың ауданының формуласын жазамыз. Керек кезде формуланы пайдалануға болады.Сендерге 3 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |