Зайсан ауданы әкімдігі
«М.Әуезоватындағы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару»
(ашық сабақ)
8 «а»сынып
геометрия
Файзрахманова А.К
математика пәнінің мұғалімі
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ауданы
Білімділік:
Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулалаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу;
Дамытушылық:
Үшбұрыштың ауданынын есептеуге және элементтерін табуға арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, патриоттыққа, ұлтжандылыққа, қиындықты жеңе білуге, шапшаңдылыққа, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа , алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау, есептер шығару
Сабақтың әдісі: Топтық, жеке жұмыстар, ойын, шығармашылық.
Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, парақшалар
Сабақ құрлымы:
Үйымдастыру
Үй жұмысын тексеру.
«Сый табақ»
«Абажур» стратегиясы
ШАШЫЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖИНАҚТА
Сергіту сәті «Домино»
Оқулықпен жұмыс
Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |