Шеңбердің белгісіз доғаларыныңградустық өлшемін есептейді
Шеңберге іштей сызылған бұрыштың қасиетін қолданып, үшбұрыштың ішкі бұрыштарын табады
Білу. Түсіну
Жұмыс дәптеріне жазылым тапсырмаларын орындау
Өзара бағалау
Оқулық, интербелсенді тақта
ЖЕКЕ ЖҰМЫС 10 мин
5 -тапсырма: Марат ойнап жүргенде, добы дөңгелек газонның екінші жағына өтіп кетті. Мараттың тұрған жерінен доптың түскен жеріне дейінгі радиустар арасындағы центрлік бұрыш 105°. Марат добын алуы үшін сағат тіліне қарсы бағытта неше градустық доғаны жүгіріп өтуі керек?
Дескриптор Білім алушы
Үлкен центрлік бұрыштың градустық өлшемін табады
6-тапсырма : Центрлік бұрыш 120° -қа тең болса, шеңберге іштей сызылған бұрышты тап.
Дескриптор Білім алушы
Сызбасын сызып, Центрлік бұрышытың Іштей сызылған бұрышқа қатысты қасиетін пайдалана отырып, іштей сызылған бұрыштың градустық өлшемін есептейді
7-тапсырма:A және B нүктелері шеңберді екі доғаға бөледі, оның кішісі 140° -қа тең. Ал үлкенін N нүктесі A нүктесінен бастап санағанда 6:5 етіп бөледі. BAN бұрышын тап.
Дескриптор Білім алушы
Шартқа сай сызбасын сызады
Үлкен доғаның градустық өлшемін есептеп, белгісіз х-ті табады
Шеңбердің белгісіз доғаларыныңградустық өлшемін есептейді
Шеңберге іштей сызылған бұрыштың қасиетін қолданып, үшбұрыштың белгісіз бұрышын табады
Қолдану
Жұмыс дәптеріне жазылым тапсырмаларын орындау