6-тапсырма: Центрлік бұрыш 120° -қа тең болса, шеңберге іштей сызылған бұрышты тап.
Дескриптор Білім алушы
Сызбасын сызып, Центрлік бұрыштың Іштей сызылған бұрышқа қатысты қасиетін пайдалана отырып, іштей сызылған бұрыштың градустық өлшемін есептейді
7-тапсырма:A және B нүктелері шеңберді екі доғаға бөледі, оның кішісі 140° -қа тең. Ал үлкенін N нүктесі A нүктесінен бастап санағанда 6:5 етіп бөледі. BAN бұрышын тап.
Дескриптор Білім алушы
Шартқа сай сызбасын сызады
Үлкен доғаның градустық өлшемін есептеп, белгісіз х-ті табады
Шеңбердің белгісіз доғаларыныңградустық өлшемін есептейді
Шеңберге іштей сызылған бұрыштың қасиетін қолданып, үшбұрыштың белгісіз бұрышын табады