Сабақтың тақырыбы: Шеңбердiң ұзындығы. Дөңгелектiң ауданы. Шар. Сфера Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата17.06.2018
өлшемі87,5 Kb.
#42333
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Күні:______ Сабақ______ Сынып: 6 Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Шеңбердiң ұзындығы. Дөңгелектiң ауданы. Шар. Сфера
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға бағдарлама талаптарына сай білім беру, шеңбердің ұзындығының формуласын, дөңгелектің ауданының формуласын, шар туралы түсінікті, сфера туралы түсініктітүсіндіру, шеңбердің ұзындығын есептеуді, дөңгелектің ауданын есептеуді үйрету;

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық тілде сөйлеуді үйрету;

  3. Тәрбиелік мақсаты: Сабақ жүргізе отырып, оқушыларда өз еліне, ұлтына, Отанына деген патриоттық сезімдерді ояту, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Сабақтың түрі: дәріс сабағы (жаңа сабақ)

Сабақтың әдісі: жазу, шығару, түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: математика 6-сынып оқулығы

Сабақ барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;

ә) түгендеу;

б) дайындау;

в) кезекшімен жұмыс;

г) зейінін, назарын сабаққа аударту.

ΙΙ. Негізгі кезең: Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.

1.7. Шеңбердiң ұзындығы. Дөңгелектiң ауданы. Шар.

. Шеңбердің ұзындығы.

Шеңбер-барлық нүктелерi қайсыбiр О нүктесiнен бiрдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық екенiн бiлемiз (202–сурет). Кез келген шектеулi сызыктың ұзындығы бар, яғни шеңбердiң де ұзындығы бар. Шеңбердi ұзындығын табуды қарастырайық. Ол үшін мынадай тәжiрибе жүргiземiз.

Мысалы, жиегi шеңбер болатын стаканды немесе кесенi алайық. Оның жиегiн жiппен орап (1.7 – сурет), жіптің қзындығын сызғышпен өлшейік. Жіптің ұзындығы шамамен стакан шеңберінің ұзындығына тең Сонан соң стакан диаметрін сызғышпен өлшейміз.



Тәжірибелер нәтижесінде кез келген шеңбер үшін, шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты санға тең екені анықталды. Бұл сан гректiң (пи) әрпiмен белгiленедi:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет