Оқулықпен жұмыс.
Суретпен жұмыс.
Рольге бөліп оқыту
Сұрақ-жауап арқылы сын тұрғысынан талдау жүргізіледі.
Неліктен мысал деп аталған?
Шегіртке жазды қалай өткізді?
Шегірткенің жаздыгүні жағдайы қандай болды?
Ол құмырсқаға неге келді?
Құмырсқа шегірткеге не деді?
Өлеңді неше бөлікке бөлуге болар еді?
Шегірткенің жазғы өмірі.
Шегірткенің қыстағы халі.
Шегіртке мен құмырсқаның кездесуі.
Қандай қорытынды жасауға болады?
5 жолды өлең.
Не?Құмырсқа.
Қандай?-Еңбекқор,кішкентай.
Не істейді?-Жинайды,ерінбейді,шыдайды.
Сөйлем.Құмырсқа-еңбекқор,ұйымшыл жәндік.
Сергіту сәті.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз-талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
VII.Сабақты қорыту.
-Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
-Шегірткені ақын қандай адамға теңейді?-Құмырсқаны ше?
Венн диаграммасы арқылы шегіртке мен құмырсқаны салыстыру.
Бу
нақденелі
1.еңбекшіл
2.ұйымшыл
3.топпен азық жинайды
1.еріншек
2.жалқау
3.ән салғыш
4.іні жоқ
-Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?
«Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті»мақалының мағынасын сұрау.Олай болса,Абай атамыз айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек екен.Осы мақалды естен шығармай,жаман әдеттерден аулақ болып өсуіміз керек.
VIII.Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу.Шегіртке мен құмырсқа суретін салу.
IX.Бағалау.Мадақтау.
Астана қаласы
№ 53 мектеп-лицей
Тақырыбы:
Өткізген: Мустафина Алмагүл Зияшқызы
2014 жыл
Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету және оны құрметтей білуге үйрету.
Көрнекіліктері: сөздер, мақал-мәтелдер, дастархан, кеіпкерлер.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді. Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1-жүргізуші: Аяулым
Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «нау» жаңа, «руз» күн деген сөздерінің қалыптасқан жылдың бірінші күнін білдірген.
Уа, жарандар, жарандар! Үштасқан оймен мәңгілік, Бәрің бері қараңдар, Біздерде бар сан ғұрып. Наурыз думан басталды, Ғасырлардан ғасырға Бір сәт зейін салайық. Келе жатқан жаңғырып.
2-жүргізуші: Ернар
Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты, думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, сыныптастар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні «Наурыз»мерекесімен құттықтаймыз. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Ұлыс береке берсін. Пәле-жала жерге енсін,- дей келе ертеңгілікті бастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |