Алдар: (Ілияс)
Уа-ааау! Сәлем, Наурыз-Күніміз! Мейман парқын біліңіз. Қыруар істі бастаймыз. Қуанышты үніміз! Қайтқан емес толайым, Той болсын деп толайым, Алдарыңа кеп тұрмын Айналайын ағайын.
Қызыр баба: (Сұлтанахмет) Аман болғын жарқыным! Көңілін көтер халқыңның! Думанды болсын әр күнің!
(Алдар Қожанасырды алдап, орнынан түсіреді де, ол орынға өзі отырып алады. Қожанасыр еденге отыра кетеді. Тазша бала келеді).
Тазша бала:(Бақдәулет)
Нұр айына әлемнің Берем ыстық сәлемін! Қарттарыма сүйініп! Сәлем берем иіліп!
Бәрі: Көп жаса, Тазша бала!
(Тазша бала есік алдына отыра кетеді).
Ақын: (Бауыржан)
Аа-хаауу! Ақ сақалды шалдарға, Сақалы жоқ Алдарға, Наурызға мың сәлем! Күн сүйіп тұр күллі әлем! Төлімізді ойнатып, Белімізді жайнатып, Елімізді тойлатып, Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан, Наурызға бас иемін! Ақ бетінен сүйемін!
(Ақын Наурыз айды құшақтап, сүйеді).
Наурыз қыз: (Алтынай)
Ее-ееей! Ертеде мен жүдедім, Елге бақыт тіледім, Халыққа бақ келген соң. Қайта туып, түледім. Енді міне, көркім бар, Ел тойласа, еркім бар! Жырларым көп айтатын, Сырларым көп ел тыңдар. Берекелі жайымның Мерекелі айымның Тойларыңа дайынмын!
Қызыр баба: (Сұлтанахмет) Жаса Наурыз, ойлымыз! Жаса, көктем тойымыз! Ақын тойды басқарсын! Алқалы той басталсын!
Ақын: (Бауыржан)
Ел дәстүрі –арымыз Той бастығы-қызымыз Ардақ біздің той бастар, Ал тыңдайық, бәріміз!
1-жүргізуші: Аяулым
Ал халайық, тұрмайық, Әндетейік, жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық.
Айшаның орындауында ән «Наурыз көктем»
Достарыңызбен бөлісу: |