9.Сәнді көктем нұрымен Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын,
Кіргізіп көркін даланың.
Хор: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын Наурыз!
Ән: «Бала тілегі»
II. Ұлттық би билеу сайысы Ау, халайық, тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп,
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық
III. « Қазақтың сөзі - тәрбие көзі » (ырым мен тыйым сөздерді жатқа айту)
IV.Сұрақтарға жауап беру 1. Ұлттық тағамдарды атаңыз?
2.Ұлттық ойындарда атаңыз?
З.Сүттен жасалатын тағамдарды атаңыз?
4. Қазақша ай аттарын атаңыз?
5.Бір аптада неше күн бар атаңыз?
6.Түйе сүті қалай аталады?
7.Жылқы атасын атаңыз?
8.Өзініздің сүйікті ұлттық тағамыңыз қандай?
9.Наурыз көжеге қосылатын тағамдарды атаңыз?
10. Қой атасын ата?
V. «Шынықсаң шымыр боласың»
Қол күресі (ер балалар үшін)
Арқан тартыс (топ болып)
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық.
Ұлтымыздың ойынын,
Қуана бірге ойнайық.
VI. Салт - дәстүрден көрініс көрсету 1.Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса бала солардан.
Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес, - деп ұлттық дәстүрден көрініс көрсету.
2.Қара қазан касиетті халқымның,
Бір өзіңде құдіреті салтымның.
Бірлік пенен басталады әрқашан,
Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның - дей келе ұлттық тағам жасау, түсіндіру.
Ән: Кел, кел балашым VII. Құттықтау сез Қорытынды (сөз әділқазыларға беріледі)
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар (бата сұрау)
Салтымен ата - бабаның
Жаңғырды қайта заманым.
Тіршілік басы, О Наурыз!
Қайырлы болсын қадамың.
VIII. Дастарханнан дәм тату. Қасиетті қара қазан тіршіліктің тірегі,
Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі.
Сен бар жерде құт - береке мол болып
Тірлік-бірлік жұбын жазбай жүреді - деп дастарханнан дәм татуға шақырамыз
Ән: Дастархан