5. Шынықсаң, шымыр боласың (қол күресі ер балалар арасында, арқан тартыс топ болып)
6.Ата-аналардың салт-дәстүрді көрсетуі
а/ салт-дәстүрден көрініс
ә/ ұлттық тағамның жасалу жолын түсіндіру
7.Қорытынды (құттықтау сөздер)
8.Дастарханнан дәм тату
Ұйымдастыру
І.Әділқазылар сайлау
2.Класты екі топқа бөлу
З.Мұғалім сөзі
Құрметті ұстаздар қауымы, ата-аналар, оқушылар!
Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!
Бүгін-Самарқанның көк тасы еріген күн.
Бүгін - жаңғыру мейрамы!
Бүгін - жыл басы, Жаңа жыл!
Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жаркын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке - бақыт пен бейбітшілік дарытқан Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!
Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп,бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат - Ана бусанатын көктем айы, табиғатмейрамы. Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт- береке дарытқан әз-Наурыз!
Наурыз келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың.
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тілі бітірш өзгеше
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың, - дей отыра, осы Наурыз мерекеміздің құрметіне арналған «Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні » атты 3-кластың дайындаған өнеге сабағымызды бастаймыз.
1 топ «Ботақан тобы»
Ұраны:
Ботақанбыз маң басқан
Жұлдыз бүгін таласқан
Мүшелері:
Әні: «Төлдер әні»
Достарыңызбен бөлісу: |