Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек»



Дата18.02.2017
өлшемі79,02 Kb.
#10430
түріСабақ
Сабақ жоспары

Қазақ әдебиеті.10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Сабақтың мақсаты:

білімділік: поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту;

дамытушылық: өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру, талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына, өз пікірін жеткізіп айтуға үйрету;

тәрбиелік: адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулу, махаббат сезімін қадірлей білуге үйрету, туған жерге, ана тілге деген сүйіспеншілікті қастерлеуге баулу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың тегі: дамыта оқыту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Тізбектеп айту», « Бір айналып сөйлесу», « Әңгіме кестесі», «Т» кестесі, «Бұрыш стратегиясы», талдау, «Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдістері.

Сабақтың көрнекілігі:  электронды оқулық, слайд кесте- сызба, үлестірмелі бетшелер,

Техникалық құрал-жабдық: компьютер, мультимедиа тақтасы

Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдеп

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 

1.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.

2. «Еңлік-Кебек» дастанын оқып келу.

1.«Тізбектеп айту» әдісі бойынша «Шәкәрім кім?» деген сұраққа жауап беру

1.Шәкәрім –жұрттың алдындағы батпандай ауыр міндеттерді азаматтық  парасатымен сезініп, осы рухта  әсем жырлар тудырған тамаша ақын.

2. Ол- келешек ұрпағына  өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы.

3. Ол- заманы мен халқы жөнінде ой толғаған тарихшы,ойшыл пәлсапашы.

4 .Ол-шығыс пен батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына  танытқан талантты аудармашы.

 5. Ол-қоғам дамуының тынысын тап басқан ойлы мақалалардың авторы.

 6. Ол-сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді  әндердің туындыгері.

     Шәкәрім – лирик: 1)адамгершілік тақырыбы;2)ғылым-білім тақырыбы;3)әлеуметтік тақырып;4)еңбек тақырыбы;5)махаббат тақырыбы.

     Шәкәрім – аудармашы: 1)Пушкиннен «Дубровский», «Боран»;2)Толстойдан «Асахордан патша», «Үш сауал»;3)Физулиден «Ләйлі – Мәжнүн».

     Шәкәрім – эпик: 1) «Еңлік –Кебек»;2) «Қалқаман –Мамыр»; 3) «Нартайлақ пен Айсұлу».

Шәкәрім – тарихшы,ойшыл. «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі» «Мұсылмандық шарты». «Қазақ шежіресі». «Үш анық».

Шәкәрім – жазушы: 1) «Әділ – Мария»

Шәкәрім – сазгер: 1) «Шын сырым»;2) «Жастық»;3) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»;

4) «Анадан алғаш туғанда» т.б.



Жаңа сабақ.

1. Электрондық оқулық. «Еңлік-Кебек» дастаны туралы тыңдау

2 «Бір айналып сөйлесу» әдісі бойынша «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын айту

3. Поэманы композициялық – сюжеттік құрылысына талдау.

Р/с

Оқиға желісі

Оқиға өрісі

1

Оқиғаның басталуы

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы


2

Оқиғаның байланысуы

Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

3

Оқиғаның дамуы

Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі.Қара жартаста кездесуі

4

Оқиғаның шиеленісуі

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5

Оқиғаның шарықтауы

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.Кеңгірбайдың қатал үкімі.

6

Оқиғаның шешімі

Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Шырылдаған сәбидің тауда қалуы.


4.«Т кестесі» Кейіпкерлерге мінездеме беру.
Әр кейіпкердің  жағымды қасиеттері мен  оларға қарама -қарсы жағымсыз қасиеттерін тауып жазады.

Еңлік Кебек

Өжет те қазақтың жаны отты,жауға батыл,жақынға Еңліктің қандай

тәкаппар, салтында жоқ мейірімді,алған бетінен қайтпайтын екенін танып-

ары таза, әрекет жасайды, қайсар,уәдеге берік жігіт білмей тұрып,

жаны нәзік, жігітке өзі көрсеқызар,

жаман мен сөз салады әдепсіз қыз деп

жақсыны ойлайды

тани білетін

талғампаз,

қайсар


қыз

Кеңгірбай

Тобықты руының Еңлік пен Кебектің тығылған жерін

ақылды, әділ биі. көрсетіп қойғанын қолдамаймын.

Еңлікті алып қашқан

Кебек екенін біле тұрып,

Уақыт оздырып, үш

ай бойы бір шешімін

айтпай, Тоқтамыс

батырдың жорықтан

келуін күтеді.




5. «Әңгіме кестесі»


Шығарманың аты

«Еңлік-Кебек»

«Қалқаман-Мамыр»

Авторы

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Оқиға болған кезеңі

ХYІІІ ғасырдың аяқ кезінде

ХYІІІ ғасырдың басында










Басты кейіпкерлер

Еңлік, Кебек

Қалқаман, Мамыр

Шығармадағы тарихи тұлғалар

Кеңгірбай

Әнет баба

Оқиға қалай аяқталады?

Екеуі де қайтыс болады, баласы қалады.

Мамыр қайтыс болады, Қалқаман тірі қалып, нағашыларын паналайды.

Шығармадағы әдет-ғұрып, салттар

Бал ашу,атастырып қою, аңшылық, құсбегілік, қонақ күту, ұрын келу,қыз алып қашу, барымта

Жеті атаға дейін қыз алыспау, құда түсу, бастаңғы, қыз алып қашу,

Шығармадағы жер-су атаулары:

Хан тауы, Хақан өзені, Қара жартас, Ащысу, Ақшоқы,

Таймақ пен Ералы




Бұхар, Семейпалат облысы, Хан тауы

Не үйретті?







Жеті атаға дейін қыз алыспау- халқымыздың «Жеті атаға дейін қыз алыспайтын» игі дәстүрі бар. Бұл – қан тазалығымен қоса ,ертең дүниеге келетін ұрпақтың физиология мен психологиялық жағынан дені сау ұрпақ болуының бірден -бір кепілі.

Бастаңғы- әке-шешесі үйде жоқта қыз-бозбала мал сойып, құрбыларын жинайды.

Ұрын келу-күйеу жігіт қыздың жеңгелеріне сый-сияпат беріп, айттырған қыздың ауылына жасырын келуі.

Барымта ─ жауласқан  екі  рудың  бірінің-бірі  мал-мүлкін іштен  тартып  алып,  кек  қайтаруы.

Атастырып қою-«бесік құда», ұл мен қызды бесіктен шықпай, бір-бірімен атастырып қою,
6. «Бұрыш стратегиясы»

Еңлік пен Кебектің өліміне кім (не) кінәлі?

1.Ру басылары кінәлі.

2. Екі жастың өздері кінәлі

3.Салт -дәстүр

Әр топ өз ойларын жеткізеді

7.Сабақты қорытындылау.



«Үш қадамнан тұратын сұхбат»

Сұрақ


Жауап

Сарапшы


  1. «Еңлік-Кебек» поэмасының неше нұсқасы бар?

  2. Поэма кімнің ақыл-кеңесімен жазылған?

  3. Поэма оқиғасы қай уақытта, қай жерде болды?

  4. Поэманың басты тақырыбы мен идеясы қандай?

5. Еңлік атастырып қойған күйеуін неге өзіне тең көрмеді, менсінбеді?

6. Кебек қыз сөзіне неге бірден келісім бермеді, өзінің сезімін білдірмеді?

7. Еңліктің көз жұмар алдында сұраған үш тілегін ата.

Үйге тапсырма:

1.Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасынан үзінді жаттау;



2. «Еңлік -Кебек»  ─  ғашықтық  трагедия»  атты  шағын  шығарма  жазу.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет