Сынып:
|
11
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Шешендік өнер туралы түсінік
|
Сабақтың мақсаты:
|
Шешендік өнер туралы білімдерін тереңдете отырып, ой белсенділігін дамыту.
|
Оқытудың нәтижесі:
|
Шешендік өнер туралы білім алады. Сыни тұрғыдан ойлап, шешім қабылдауға дағдыланады.
Еркін ойлау дағдысы қалыптасады.
Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауға және топты бағалауға үйренеді.Ынтымақтастық одақ қалыптастыруға үйренеді.
|
Дереккөздер:
|
Оқулық,
Интербелсенді оқыту әдістемесі, «Мұғалімге арналған нұсқаулық», интерактивті тақта ресурстары, интернет материалдары
|
Сабақтың әдісі:
|
Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары әзірленді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі.
|
3 мин.
|
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді.
|
Рефлексия
|
3 мин.
|
Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты еске түсіру:
|
Жауап беріп,өз пікірлерін айтады.
|
Топқа бөлу
|
2 мин.
|
1,2,3 санау арқылы 3 топқа бөлу.
|
1,2,3 санау арқылы 3 топқа бөлінеді.
|
Білу
|
3 мин.
|
Интербелсенді тақтадан шешендік сөздер жазылған слайд көрсетемін.
Асқар таудың өлгені –
Басынан бұлттың асқаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып өлгені.
Аққан судың өлгені –
Аязда мұз болып қатқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Ажал деген – атқан оқ,
Одан ешкім құтылмайды,
Бір Алланың қақпаны.
Бұл дүниеде не өлмейді?
Ғалымның хаты өлмейді – деген Жиренше шешен неге олай жауап берді? Қалай ойлайсыңдар? Деген сұрақтардым қойдым.
|
Оқушылар шешендік сөздерді оқи отырып, шешендік өнер туралы білімдерін толықтырады.
|
Түсіну
|
3 мин.
|
Шешендік өнер жайлы интербелсенді тақтадан мағлұмат беремін.
|
Оқушылар зейін қойып тыңдайды,жазып алады.
|
Қолдану
|
10 мин.
|
Тапсырма.
Сұраққа жауап беру:
Қалай ойлайсыңдар, Қазіргі кезде шешендік өнердің қажеттілігі бар ма? Сенімдісіңдер ме? Сенімді дәлелдерің бар ма?
|
а) Әр топ жеке-жекесұрақтарға жауап беріп, топ болып плакаттарға ментальды карта түзейді, ,қорғайды.
Джиксо әдісі бойынша бір-бірлерімен пікір алмасып, ой қоғайды.
|
Сергіту сәті
|
3 мин.
|
Интербелсенді тақтадан «Жануарлар биі» туралы видеоролик арқылы оқушыларды билетіп көңіл-күйлерін көтеру.
|
Оқушылар экранға қарап билейді.
|
Талдау
|
9 мин.
|
Деңгейлік тапсырмалар беру. 3 топқа 3 түрлі тапсырмалар беріледі.
|
1-топ: III деңгей тапсырмалары
2-топ: II деңгей тапсырмалары
3-топ: I деңгей тапсырмалары
|
Жинақтау
|
4 мин.
|
Топтастыру стратегиясын қолданамын.
|
Оқушылар плакатқа шешендік өнертуралы тірек сызба жасайды.
|
Бағалау
|
3 мин.
|
Бағалау критерийі арқылы өз-өзін бағалайды. «Бағдаршам» бағалау стратегиясы бойынша формативті бағалау.Бірін-бірі бағалайды.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлыстикерлерге жазыпғ плакатқа іледі.
Оқушылар өз-өзін бағалайды.
|
Үйге тапсырма
|
2 мин.
|
Шешендік өнер туралы оқу.
|
Күнделікке жазып алады.
|
Барлығы:
|
45 мин.
|
|
|