Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер. Төле би



бет2/2
Дата08.12.2016
өлшемі222,47 Kb.
#3444
түріСабақ
1   2

қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қаздауысты Қазыбек

Мақсаты: Қазыбектің қалмақ еліне жасаған сапарлары, ел бірлігі мен ынтымағы жолында қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру.

Күтілетін нәтижесі: Қазыбекті елжанды, алғыр да білгір көсем, батыл елші, парасатты мәмлегер ретінде таниды.

Әдістер: Миға шабуыл, «Тірек сызбалар» әдісі, «Дана үкі» әдісі, «Өмір ағашы» әдісі, өзара бағалау, критериалды бағалау.

Ресурстар: Постер, маркер, оқулық, интербелсенді тақта, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер.

Блум

таксономиясы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І. Білу.

ІІ. Түсіну.

5мин.


Миға шабуыл.

1.Төле бидің шыншылдығын, әділдігін билік сөздерімен дәйектеңдер.

2.Төле бидің өмірінде айтқан соңғы өсиеті қандай?

3. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары туралы айтыңдар.

4. Қаздауысты Қазыбек айтқан қандай өсиеттер, нақылдар, аталы сөздерді білесіңдер?


Сұраққа жан-жақты жауап береді.

ІІІ. Қолдану

15мин.


«Тірек белгілер» стратегиясы.

Әр топқа бөлек-бөлек Қаздауысты Қазыбек бидің шешендігі көрінген оқиғаларды бөліп беремін.

1-топқа: Қалмақ ханына келген Қазыбек

2-топқа: Кім жақын, не қымбат, не қиын?

3-топқа: Қаздауысты Қазыбек айтты.


Оқып танысып, топта талқылайды.

Сөздерді қолданбастан тірек сызба түрінде тек суреттермен, шартты белгілермен конспектілейді. Сызбаны қорғайды.


IV.Талдау

V.Жинақтау

18мин.


«Дана үкі» стратегиясы

1-топ: Дауды шешу үстіндегі Қазыбектің шешендігіне байланысты сурет салу;

2-топ: Қазыбек биге арнап хат жазу;

3-топ: Арнау өлең жазу.



Ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды.




VI.Бағалау.

7 мин.


Критериалды бағалау


Оқушының

аты - жөні

Ой қозғау стратег-ы бойынша


Тірек белгілер стартегия-ы


Дана үкі стр-ы

(1-4 б.)


Жалпы




Толық-3

Толық-3

Толық-3




Орта-2

Орта-2

Орта-2




Нашар-1

Нашар-1

Нашар-1



18 – 15 балл – «5»

14 – 11 балл – «4»

10 – 5 балл – «3»
Кері байланыс.

Өмір ағашы


  • Тамыры: Сіздің өміріңіздің мақсаты мен мәні;

  • Діңгегі: Сіздің өзіңіз туралы пікіріңіз;

  • Бұтақтары: Сіздің Қазыбек бидің бойынан алар қасиетіңіз.

  • Жемістері: Сіздегі бар қасиеттер, орындалған армандар мен тілектер.

Өзін-өзі критерилер арқылы бағалайды.



Ойларын жинақтап, талқылап, стикерге жазып ағашқа іледі.


Қазақ әдебиеті пәні бойынша 9-сыныпқа арналған

қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Әйтеке би
Мақсаты: Әйтеке бидің өмірі мен ел билеудегі тапқырлығы, әділдігі, турашылдығы жайлы мағлұмат беру.

Күтілетін нәтижесі: Әйтеке биді тапқырлық, адалдық, турашылдық қырынан таниды.

Әдістер: «Бас қатырғылар базары» стратегиясы, «Жарысты жалғастыр» (эстафета) стратегиясы, «Қатені тап» стратегиясы, «Тұлғаны танып-біл» стратегиясы, өзін-өзі бағалау, критериалды бағалау.

Ресурстар: билердің суреттері, маркер, оқулық, интербелсенді тақта, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер.

Блум

таксономиясы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І. Білу.

ІІ. Түсіну.

5мин.


«Бас қатырғылар базары» стратегиясы

Үйден дайындап келген сөзжұмбақтар, ребустар, викториналық сұрақтарды топтар өзара алмасып, жауап берулері керек.



Топта талқылап, шешеді. Жауабын тексереді.



ІІІ. Қолдану

13мин.


«Жарысты жалғастыр» (эстафета) стратегиясы.

  1. Әр топқа мәтінді бөліп беремін.

  2. Нөмірленген 3 парақ дайындап топтарға таратып беремін.

  3. Белгі бойынша оқиғаларды, кейіпкерлерді, мерзімдерін жазу керек.

  4. Ойынның қорытындысы шығарылады. (қай топ толық, нақты, анық жауап бергенін басқа топ бағалау керек.)

Оқып танысады.

Топта талқылап, парақтарға жазады.

Ортаға шығып қорғайды.

Қорғаған топты бағалайды.


IV.Талдау

12мин.


«Қатені тап» стратегиясы

Мәтін құрастырып, онда бірнеше сөз тастап кету немесе кейіпкерлерді алмастыру керек.



Тапсырмаларымен алмасып, бір-біріндегі қателерді тауып, түзетеді.


V.Жинақтау

10мин.


«Тұлғаны танып-біл» стратегиясы

Портреттегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды естеріне түсіруі тиіс.



Ойларын жинақтап, топта талқылап, жазады.

Топтың атынан шығып қорғайды.


VI.Бағалау.

5 мин.



Өзін-өзі бағалау парағы




Бағалау өлшемдері

Балы

(1 - 5)

1

Мен үй тапсырмасын орындадым.




2

Топтық жұмыста мен ой қостым.




3

Топтық жұмыста мен жауап бердім.




4

Топқа менің ойым көп көмектесті.




5

Практикалық жұмысты өзім жасадым.




6

Мен басқаларға көмектестім.






Критерий бойынша бағалау парағы

(1 – 5 балл)

Критерийлер

1-топ


2-топ

3-топ

Тапсырманың тақырыпқа сәйкестігі, ұтымдылығы










Мәтінмен жұмысты жылдам, дұрыс орындауы










Нақты жауап беруі










Қорытынды баға












Өздерін бағалайды.



Топтарды бағалайды.



Қазақ әдебиеті пәні бойынша 9-сыныпқа арналған

қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздердің жанрлық түрлері

Мақсаты: Шешендік сөздің жанрлық түрлерімен таныстыру.

Күтілетін нәтижесі: Шешендік сөздердің мағыналық түрлерімен танысады, түрлерін бір-бірінен ажырата алады.

Әдістер: Миға шабуыл, Кейс-стади әдісі, өзін-өзі бағалау, суммативті бағалау.

Ресурстар: Постер, даналық ағашы, маркер, оқулық, интербелсенді тақта, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер.

Блум

таксономиясы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І. Білу.

ІІ. Түсіну.

5мин.


Миға шабуыл.

«Даналық ағашынан» алынған сұрақтарға жауап беру.

1.Төле би жастайынан ел ішіндегі қандай дауларға араласқан?

2.Төле би қандай тілдерді жетік меңгерген?

3.Қазыбектің шендігі мен жер жарған даңқы қандай жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады?

4.Қазыбек би есімі кім ретінде мәлім?

5. Әйтеке би қай ханның тұсында өмір сүрген?

6. Би-шешендер бойында қандай қасиеттерді көруге болады?

Әр топтан екі оқушы шығып, сұраққа жауап береді.



ІІІ. Қолдану

20мин.


Әр топқа бөлек-бөлек шешендік сөздердің түрлерін бөліп беремін.

1-топқа: Шешендік арнау

2-топқа: Шешендік толғау

3-топқа: Шешендік дау

Топта талқылап, постер жасайды, қорғайды.



IV.Талдау

V.Жинақтау

15 мин.


Кейс-стади

Тапсырма:

Әр топ өздеріне бөлініп берілген шешендік сөздің түрлеріне орай рөлдік ойынмен көрсетілім көрсетеді.

1-топ: Шешендік дау. Оқушы үнемі сабаққа кешігіп келеді.

2-топ: Шешендік арнау. Мұғалімнің мерейтойы болып жатыр.

3-топ: Шешендік толғау. Мен тәуелсіз елдің бақытты оқушысымын.


Тапсырманы рөлдік ойынмен көрсетеді.




VI.Бағалау.

5мин.


Өзін-өзі басбармақ арқылы бағалату.
Кері байланыс.

Жапсырма (стикер) арқылы алу.


Суммативті бағалау



Оқушылар өздерін бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет