Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі
Бекітемін:
Мектеп директоры: А.Б.Сүлеймен
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің
Ұлт аспаптар бөлімінің жұмыс жоспары
2016-2017 оқу жылы
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі
Ашық сабақ
Шығармамен жұмыс
«Үшқара» Мәди Бәпиұлының әні
(мектепішілік апталықта өткізілген ашық сабақ)
Өткізген: М.С.Қосмамбет
2017жыл
Сабақтың тақырыбы: Шығармамен жұмыс «Үшқара» Мәди Бәпиұлының әні.
Оқушысы: Әсем Бекбашева 2 – сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шығарманың орындау мәнерін түсіндіру, үйрету, ойнау шеберлігін арттыру. «Үшқара» шығармасының композиторы Мәди Бәпиұлы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Шығарманы түрлі штрихтармен ойнату арқылы оқушының музыкалық сауатын дамыту.
Тәрбиелілігі: Қазақ композиторларының ән өнерін түсініп орындауға, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жеке сабақ
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , әдебиет,тарих.
Көрнекілігі: Буклет,композитор портреті, үнтаспа, бейнеролик.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру,назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру: В dur гаммасын түрлі қағыстарымен ойнау
№ 4 Этюд Л.Хамиди ойнау.
Мұғалімнің сөзі: Біз домбыра аспабында гамма, этюд орындау арқылы орындау шеберлігімізді жетілдіріп, дамытудамыз. Енді, осы орындаған түрлі қағыстарымызбен шығарманы ойнап, үйренелік.
Жаңа сабақ: Шығармамен жұмыс
«Үшқара» Мәди Бәпиұлының әні.
Бірнеше бөлімнен тұратын, түрлі штрихтарға толы ,аспапта орындалуын– шығарма деп атайды. Шығарманы тыңдарманға өз мәнінде орындап жеткізу үшін, шығарманың өлшемінен бастап, альтерациялық белгілері, түрлі штрихтарын жақсы меңгеріп, саусақ қойылымдарына мән бере отырып, аспапта үзбей , жиі ойнап дайындалу керек.
Мәди Бәпиұлы 1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы (бұрынғы Егіндібұлақ) ауданында туған.Мәди халық ақыны, әнші , композитор. Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы. Жасынан ән – жырға құштар Мәдиді халық әнші, ақын,сері атандырды. Қарапайым халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік пен теңсіздікті сынағаны үшін биліктің қудалауына ұшыраған.Жалған айыппен түрмеге қамалып , Атбасар ,Қарқаралы, Семей , Омбы түрмелерінде отырды.Қамауда отырғанда әділетсіздіктерге күйініп, бостандықты аңсаған «Қаракесек» әнін жазды .Халық арасына оның «Үшқара» ,« Ер Тарғын », «Шіркін -ай» ,«Мәди» және т.б әндері кең тарады.Мәди түрмеде отырып 1916 жылғы көтеріліске үн қосты , өзінің өлеңдерінде патша үкіметі мен жергілікті феодалдардың зорлықшылдығы мен жүгенсіздігін айыптады. 1915 жылы Мәди түрмеден қашып шығады.Бұл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді.Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. «Шіркін – ай » әні осы кезде туған.1916 жылы ол еліне оралады.1917 жылы болыс билеуші Айтқожа Теміржанов Мәдиді « жылқы ұрлады , түрмеден қашты » деп айыптап , тағы да түрмеге жөнелтеді.Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысына отырып қарсы алады.1918 жылы бостандыққа шығады .Композитордың халық арасына кең тараған атақты «Мәди » әні осы кеңестік кезеңмен байланыстырады.Кеңес үкіметі кезінде 1919 жылы Мәди Колчакқа қарсы шайқастарға қатысады.Ақ гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа өмірді нығайтуға кіріседі.Ал кеңес қызметіне кіріп алған жаулары оны ебін тауып өтіруді ұйғарады.1921 жылдың ақпан айында Мәди қаза табады.Атақты әнші -композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты , адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты , шаттыққа толы оның әндері күні бүгінге дейін ел аузында.олар опералардан,кантаталардан тұрақты орын алды. Композитордың тағдыры – талайынан терең сыр қозғайтын Мәди Бәпиұлының әндері талайларды тебірентумен келеді.
«Үшқара» әнінде Мәди туған жеріне , еліне деген сағынышын, абақтыға түскендегі мұңлы, шерлі жан-дүниесін баяндайды. «Үшқара» шығармасы 2 бөлімнен тұрады. І бөлімінде қара және пиццикато қағысымен, ІІ бөлімінде паузаларды санау арқылы дара және қос ішектегі тремоломен ойналады. Өлшемі 2/4, кейде ауыспалы,3/4 кездеседі. Кілт белгісінде си бемоль, ми бемоль белгілері бар.
Дамыту: Шығарманы нота бойынша талдау. Оң қолда орындалатын түрлі штрихтармен ойнауды жетілдіру, саусақтардың аппликатуралық қойылымын қадағалау, дыбыстың таза, анық естілуіне мән беру.
Сабақты бекіту:
- Шығарма дегеніміз не?
- Бүгінгі сабақта қандай ән ойнап үйрендің?
- Мәдидің қандай әндерін білесің?
- «Үшқара» әнінде не туралы айтылады?
Қорытындылау: Бүгінгі сабақты қорыта келе, Мәди Бәпиұлының «Үшқара» әнін орындап үйрендің. Композитордың шығармашылығымен таныс болдың. Асыл да, баға жетпес күмбірлеген домбыра аспабында күй орындап қана қоймай, қазақ композиторларының әнін орындау біз үшін үлкен мәртебе. Күй мен ән өнерін құрметтеп , бағалауымыз керек.
Үйге тапсырма: Мәди Бәпиұлының «Үшқара» шығармасын берілген жеріне дейін орындау.
Бағалау:
Өте жақсы
Достарыңызбен бөлісу: |