ШығысҚазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Солоновка ауылы
КММ «Солоновка орта мектебінің»
мұғалімі: Жылкышинова Гульназ Танатаровнаның
8 қазақ сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Найман-Ана».
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мәлімет беру. Жазушының «Найман-Ана» әңгімесінің негізгі идеясы мен көркемдік ерекшелігін талдай отырып, қаламгердің өзіндік шеберлігін таныту. Дамытушылық. Оқушылардың білімді өз ізденістерімен игеруіне түрткі жасай отырып, мәтінді талдауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге, әдеби тілдерінің дамуына ықпал ету, шығармашылық ізденістеріне жол ашу. Тәрбиелік. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, жақсы мен жаманды ажырата білуге, өз Отанының ұлтжанды азаматы болуына баулу, ұлттық болмыстарының қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Оқытудың формалары: топтық, ұжымдық, индивидуалды форма
Сабақтың технологиясы:. СТО технологиясы. Проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту әдістері. Қ.Бітібаева «Ой салу, ойланту» технологиясы
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, портрет, буклет, слайд, «Шыңғыс Айтматов» том жинақтары. Тірек – сызбалар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: зерттеу, іздендіру, венн диаграммасы, кластер, аннотациялық талдау, мәтінмен жұмыс, миға шабуыл, пікірталас, ой толғау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау («Шаттық шеңбер»тренингін ұйымдастыру)
ә)Сыныпты топқа бөлу. (ЖИГСО әдісі арқылы)
б)Мақсаттарын айқындау.
І.Жаңа сабақ. Алдын-ала берілген тапсырмалар жүйесі:
-«Адамзаттың Айтматовы» өмір жолы, шығармашылығы.
-«Айтматов әлемі» . КЖТ
ІІ кезең. Міндетті тапсырмалар. Шешілетін мәселе:
1. Шығарманың арқауы, көтерген мәселесі
2. Айтматов туындысындағы мәңгүрттік қасірет.
Шығарманың аты
|
Көтерген мәселе
|
Ой
түйіні
|
|
|
|
Найман Ана
II топ «Зерттеушілер»: Кейіпкерге әдеби талдау:
IV. кезең. Іздендіру бағытындағы тапсырмалар:
-«Найман-Ана» - көркем бояуы биік туынды. Шығарманың көркем тілі.
әңгіменің көркем тіліне талдау жасау (теңеу, суреттеу, баяндау, лирикалық шегініс, портрет жасау, сатира, юмор, тұжырымдылық).
Көркемдеуіш құралдар
|
Нақты мысал
|
|
|
- «Найман-Ана» - замана зары.
Идеялар презентациясы.
Түйін (рефлекция):
-Мәңгүрттіктен заманым арылар еді, егер...
-Қазақстан әлемдегі ең мықты, экономикасы жоғары өркениетті елге жетер еді, егер..
Бағалау. Үй жұмысы.
Ой толғау жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |