Назар аударыңдар! 1206 жылы көктемде моңғол ақсүйектерінің құрылтайында Темучин Ұлы хан болып жарияланып, оған Шыңғыс хан атағы берілді.
Ш ыңғыс ханның тұлғалық рөлі. Шыңғыс хан тарихтағы жеке тұлға рөлінің жарқын мысалы болып табылады. Өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында ол дүниежүзілік тарихтағы аса ірі империяны құрды.
Оның бойында жауынгерге тән қасиеттермен (ұзын бойлы, алып дене бітімі, күш, ептілік, қаруды меңгеруі мен ержүректік) қоса, алғыр ой, қайтпас жігер, ұстамдылық сияқты қолбасшыға, ұйымдастырушыға, мемлекеттік қайраткерге тән қасиеттер де болды.
М Шыңғыс хан ескерткіші. Моңғолия оңғол шапқыншылығының басталуы. Моңғол тайпаларын біріктірген Шыңғыс хан Даланың түркілік көшпелілері мен отырықшы халықтарды бағындыруды мақсат етті. Шыңғыс хан империясы көшпелілер ақсүйектерінің белсенді қатысуымен құрылды. Ақсүйектер үшін жаңа жер мен әскери олжа түсетін соғыс аса маңызды қажеттілік болды. Көшпелі ақсүйектер Шыңғыс ханды жаулап алу соғыстарын жалғастырған жағдайда қолдау көрсететін болады. 1215 жылға қарай моңғолдар Солтүстік Қытайдағы Цзинь мемлекетін жаулап алды. 1224 жылға қарай Шыңғыс хан өз билігін бүкіл Орталық Азияға таратты. Ұлы Дала көшпелілерін біріктіру Шыңғыс ханның әскери жетістіктерінің себебіне айналды. Түркілер мен моңғолдарды біріктіре отырып, Шыңғыс хан мәмілегерлікке жүгінді: одақтық келісімдер жасау әулеттік некелермен қатар жүргізілді.
Назар аударыңдар! Шыңғыс хан империясы сан жағынан моңғолдардан басым болған түркі тайпаларының негізінде құрылды.