Сабақтың тақырыбы: Үшөлшемді модельдер Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата04.01.2022
өлшемі30,58 Kb.
#109601
түріСабақ
Байланысты:
үш өлшемді модельдер


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Объектілер мен оқиғаларды модельдеу

Педагогтың аты-жөні

Абушеева Жұлдыз Арунқызы

Күні

05.04.2021 жыл

Сыныбы: 7A

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Үшөлшемді модельдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.1.1 – нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Үш өлшемді модельдің анықтамасын біледі.



Көптеген оқушылар:

Графикалық обьектілерді сала алады



Кейбір оқушылар:

Графикалық обьектілерді салады, сақтайды.



Тілдік мақсат

3D модельдеуде нысандарды құру.

Компьютерге графика енгізу.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Corel draw, модельдеу, 3D, 2D, анимация.

сызықтық функция, квадрат функция және шаблон



Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

-Графикалық редактор көмегімен суретті қайта сызбай-ақ қалаған жағдайда апара аламыз, жөндейміз, өлшемін өзгертеміз.



Құндылықтарды баулу

Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі, жауапкершілікке, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау,
өмір бойы оқуға дайын болуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

математика, ағылшын тілі, геометрия, сызу, музыка


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(2 мин)

Оқушылармен амандасады.

Мұғаліммен амандасады







Сабақтың ортасы

(30мин)

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Модель ұғымын күнделікті өмірде көптеп кездестіруге болады. Мысалы, әртүрлі машинелердің, ұшақтың, математикалық амалдар мен геометриялық пішіндердің, үйдің модельдері және т.б.

Кез келген зерттеуде қиындық пайда болғанда оны модельдеу қажеттілігі туындайды.

Объект – бұл зат, оқиға, процесс, табиғат құбылысы т.б.

Модель – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету үлгісі.

Зерттеуші үшін модель мен объектінің арасында ұқсастық болуы тиіс:

- модель мен объектінің физикалық сипаттамаларының ұқсастығы;

- модель мен объектінің жүзеге асыратын қызметтерінің ұқсастығы;

- объекті мен оның моделінің (әрекетінің) математикалық сипаттамасының бірдейлігі.

Бүгінгі күні ЗD графикалық моделімен бейнеленетін әрекеттер көптеп кездеседі. ЗD (З-Dimensional) — үшөлшемді объект деген мағынаны білдіреді. Сондықтан ЗD технологиясының өзектілігі белгілі. Ғимарат, ұшақтар, көліктер, тұрмыстық техника, қаламдар, микросхемалар және компьютерлердің модельдері – бұл 3D технологиясының көмегімен құрастырылған модельдер.

ЗD модельдеу — бұл объектінің үшөлшемді моделін құру процесі. ЗD модельдеудің міндеті кез келген объектінің көлемді бейнесін жасау.

ЗD редактор — бұл үшөлшемді модельдеу, анимациялау және визуализациялауға арналған программалық орта.

3D редакторларға келесі программалар жатады:

- Punch Home Design

- SketchUp

- ArCon


- Realtime Landscaping Plus

- Turbo FloorPlan Landscape and Deck 12;

- FloorPlan 3D

- AutoCAd

- 3ds Max

- Sierra Land Designer

- Archicad


Анықтамаларды дәптерге жазады

2 балл

Оқулық

Youtube.com



Сабақтың соңы

(7 мин)

- Электрондық кестеде модельдеуді қалай орындауға болатындыгын еске түсіріңдер.

-  «Модель», «объект» сөздерін қалай түсінесіңдер?

- 3D модельдеу нені білдіреді?

- Қандай жағдайда 3D редакторы қолданылады?

- 3D модельдеуге арналған қандай программалар бар?

- 3D Үшөлшемді модельдеудің негізгі кезеңдерін атаңдар.



- 3D принтер туралы не білесіңдер?
Төменде қандай сөз жасырылғанын табыңыздар



Сұрақтарға жауап береді
Ребусты шешеді

8 балл




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 2-тапсырма (138-бет)











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет