|
Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс уақытта. Сс дыбысы мен әрпі Мектеп: №54 Мұғалімнің аты: Садуова М. Б
|
Дата | 23.08.2017 | өлшемі | 315,37 Kb. | | #25199 | түрі | Сабақ |
| Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Сауат ашу
|
Мерзімі: 12.05.2017ж
|
Ортақ тақырыбы: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс уақытта. Сс дыбысы мен әрпі
|
Мектеп: №54
Мұғалімнің аты: Садуова М.Б.
|
Сынып: 1
|
Қатысқандар: 31
|
Қатыспағандар: 0
|
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.
1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.
1.3.11.1. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
|
Бағалау критерийлері
|
Тыңдалған материалды мазмұндайды. Оқиғаны болжайды
|
Дыбыс пен әріпті таниды және ажыратады
|
Бас әріп пен кіші әріпті каллиграфиялық талапқа сай жазады.
|
Сызбалар, суреттер, белгілермен толықтырып, үлгі бойынша жай сөйлемдер/мәтін құрастырады
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Әріпті танып, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тыңдалған мәтіннің кім, не туралы екенін анықтайды
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Сызба және сөздердің көмегімен мәтінге қатысты пікірін айтады.Өз көзқарасын білдіреді
|
Тілдік мақсат
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
сағат – часы – clock
жылан – змея - snake
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Ауызша, жазбаша.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Cc дыбысы қандай дыбыс?
- Cc дыбысы кездесетін қандай сөздерді білесіздер?
|
Не себепті......деп ойлайсыз?
Cc дыбысы неліктен дауыссыз деп ойлайсыз?
|
Алдынғы оқу:
|
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажыратады.
- Шш дыбысы мен әрпі.
Сызғыш неге жылады? (әңгіме)
- Тазалық пен салақтық туралы біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)
|
Ресурстар
|
Басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен.
Амандасып алайық,
Қонақтарға ізетпен.
Топқа бөлу (1,2,3) санау арқылы.
|
Шаттық шеңбері
|
Ортасы
|
1 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым және айтылым. Оқылым.
-Жылан қандай дыбыс шығарды?
-Ол қандай дыбыс?
-Мәтіннен қарамен берілген сөздерді оқиық.
Дескриптор:
Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі
ҚБ: стикерлер.
2 тапсырма. Топтық жұмыс
Сызбаның және сөздердің көмегімен мәтінді оқы.
Дескриптор:
-Сызбамен сөйлем құрап айтады
-С дыбысы кездесетін сөздерді оқиды
Кері байланыс: «Шапалақтау» әдісі
3 тапсырма. Жеке жұмыс. Тізбектеп оқу.
Дескриптор:
-Оқушылар сөздерді буындап дұрыс оқи алады
-Дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратады.
Кері байланыс: «Шапалақтау» әдісі
ҚБ: стикерлер.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
3 тапсырма. Жұптық жұмыс. «Ойлан, тап» ойыны
Дескриптор:
-Жасырылған дөңгелекшелердің орнына тиісті суреттерді тауып, сөздерді табады.
Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі
ҚБ: стикерлер.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық
5 тапсырма. Жазылым
-Дәптермен жұмыс
-Дәптердегі үлгіге қарап жазу
Дескриптор:
-Үзік сызықтарды бастырады
-Сөздерді жазады
ҚБ: стикерлер
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Соңы
|
«Кім жылдам?» ойыны
Сан, кітап, суат, тақта, асар, ара, су, сағат, қызанақ, сиыр, терезе.
ҚБ: стикерлер
Кері байланыс: «Бағдаршам»
|
|
Қосымша мәліметтер
|
Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз?
А. Сурет бойынша сөйлем құрату.
В. Ребус шешеді.
С. Оқушылар аң аттарын буынға бөліп айтады.
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Топтық және жеке жұмыс кезінде топтар бір-бірін шапалақпен бағалайды.
«Өте жақсы» – 3
«Жақсы» - 2
«Қанағаттанарлық» - 1
Жұппен жұмыс кезінде бармақпен бағалайды
« Өте жақсы» –
«Жақсы» -
«Қанағаттанарлық» -
|
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Математика
Дүниетану
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Тіл байлығын дамыту.
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)
1.
2.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?
1.
2.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|