Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
7.3 А
|
Мектеп: №115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебі
|
Күні: 23.06.2017ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ахатова К.К.
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар:28
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі. №3 практикалық жұмыс.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.2.2.4 –кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы: Карбонаттар мен қышқылдарды ажырата алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Карбонаттар мен сұйылтылған қышқылдардың әрекеттесу реакциясын сөзбен жазады және талдай алады.
Кейбір оқушылар: Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін тәжірибе жүзінде зерттей алады , реакцияны жүзеге асыруға дағдыланады.
|
Бағалау критерийлері
|
- Карбонаттар мен қышқылдарды ажыратады;
- Карбонаттар мен сұйылтылған қышқылдардың әрекеттесу реакциясын сөзбен жазады және талдай алады;
-Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін тәжірибе жүзінде зерттей алады ;
|
Дағдылар
|
Қолдану
|
Тілдік мақсаттар
|
Термин сөздер: Карбонат, қышқыл, мәрмәр, натрий гидроксиді, көмірқышқыл газ.
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Карбонаттар мен қышқылдар әрекеттескенде бөлінетін газ -------------.
---------- сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
|
Құндылықтарға баулу
|
Зайырлы қоғам жоғары руханият
|
Пәнаралық байланыс
|
5.4.2.5 Жаратылыстану, 7.1.2.2 биология
|
Алдыңғы білім
|
7.2.2.1
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Шаттық шеңберін» жасау
1.«Кім шапшаң» әдісі арқылы слайдта берілген суретті тану, электрохимиялық кернеу қатарындағы элементтерді ретімен қоюға дағдыланады және қауіпсіздік техника ережесін еске түсіреді.
Mg K Na
Au Ca
Pb H2 Al
Fe Ag
Cu Zn Hg
2.«Джигсо» әдісі көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға, үйретуге бағытталған тиімді тәсіл. Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы өзіндік бақылау, бағалауын дамытады,оқуға деген жауапкершілігін арттырады.Осы әдіс арқылы жаңа тақырыпты ашу.Әрбір екі оқушыға сұрақтар жазылған үлестірме қағаздары таратылып береді.
1.Кальций карбонаты қандай элементтерден тұрады?
2.Тұз қышқылы қандай элементтерден тұрады?
3.Қайда кездеседі?
-табиғатта
-тұрмыста
-өндірісте
Дескриптор:
-Карбонаттар мен қышқылдарды ажырата алады.
Оқушылардың пікірі толықтырыла отырып сабақтың тақырыбы ашылады.
|
АКТ қолдану
Үлестірме қағазы
|
Сабақтың ортасы 25 мин
|
3.Практикалық жұмыс
Мақсаты: Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін және алынатын өнімдерді зерттеу.
Құралдар: сынауық, мәрмәр, ізбес суы, тұз қышкылы, штатив, газ өткізгіш түтік, натрий гидроксиді, фенолфталейн, лакмус.
1.Тапсырма
Сынауыққа бірнеше кесек мәрмәр салып, оған сұйылтылған тұз қышқылын қосыңыз.
2.Тапсырма
2-3 мл ізбес суы бар сынауыққа түтікті саламыз
3.Тапсырма
Газ өткізетін түтікті 2-3 мл дистилденген суы бар сынауыққа салып газ жіберіңіз. Бірнеше минуттан соң түтікті ерітіндіден алып алынған ерітіндіге көк лакмус қосыңыз.
Дескриптор:
-Карбонаттар мен сұйылтылған қышқылдардың әрекеттесу реакциясын сөзбен жазады және талдай алады.
-карбонаттардың қышқылдармен әрекеттесуін тәжірибе жүзінде зерттей алады.
4.Тапсырма
Кестені толтыр.
1.Мәрмәрға тұз қышқылын қосқанда нені байқадың?
2.Көмірқышқыл газын ізбес суы арқылы өткізгенде нені байқадың?
3.Көмірқышқыл газын дистилденген су арқылы өткізгенде
нені байқалдың?
Дескриптор:
Тақырыбы
|
Нені байқадың?
|
Химиялық реакция теңдеуін сөзбен жазу
|
Қорытынды
|
|
|
|
| -Кестені толтырып,қортындылайды.
-Кестені толтырады,қорытынды жасай алмайды.
|
Оқулықпен жұмыс 71-72бб
Жұмыс барысы жазылған парақша
|
Сабақтың соңы
10мин
|
«Мен алхимикпін»әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.
Сутегі ,кальций, көміртегі, хлор, оттегі қандай қосылыстар түзеді.
|
|
Үйге тапсырма: Қышқылдардың қасиеті.
|
|
Кері байланыс парағында мынадай сұрақтар болады:
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?
Бұл сабақ саған қаншалықты қиын болды? Неліктен?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
|
Саралау – оқушыға
мейлінше қолдау
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілетті
оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Ширату жаттығулары –оқушылардың алдыңғы білімін саралауға мүмкіндік береді.Кесте толтырады,проблемалық сұрақтарды шешеді.
Оқушылардың ойлау қабілеті әр түрлі болғандықтан –қабілетті оқушыларға жоғарғы деңгейлі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
|
Бағалау – оқушы білімін
тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау парақшасы
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Қышқылдармен жұмыс істегенде өте сақ болыңдар.Өйткені қышқылдардың күйдіргіш және уландырғыш қасиеті бар.
|