Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты

бет24/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

Сергіту сәті.
Мынау - Тілек ағашы. Осы ағашқа туған жеріміз Қызылордаға деген тілектеріңді жазып ілулерің керек.
Демалдық, енді ғажайып саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.. Мына сөздерді аударып, осы сөздердің ортақ белгісін не екенін айтыңдар.
Жаңбыр, өзен, көл, қар. Ортақ белгісі не болды? Дұрыс – су.
Бұл аялдаманың аты – «Су» деп аталады. Осы аялдамада мынадай тапсырма жасырыныпты.
Тапсырма. Берілген сөйлемдердің қайсысында су туралы айтылған. Сол сөйлемді + белгісімен белгілеңдер.
*Ардагерлер мерекесі тойланды.
*Табиғатты аялаңдар.
*Каспий теңізінде балық көп.
*Біздің ауылымыз көркем.
Келесі аялдаманың атын білу үшін мына жұмбақты шешулерің қажет.
Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан.
Дұрыс шешуі –« Күн.»
Бұл аялдамада мынадай тапсырма орындауларың керек.
Қорытынды. Біз табиғатты аялауымыз, қорғауымыз керек. Себебі, Жер - үйіміз, Су - қазынамыз, Күн - жылуымыз, Ауа - өміріміз. (Хормен айту)
Мұғалім: Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін, сондықтан туған жерімізді гүлдендіруге, көркейтуге табиғатты қорғауға қатысу керектігі айтылған. Ол үшін не істейміз? Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғаймыз.
ІІІ. Қорытындылау.
ІV.Бағалау.

Күні: 26. 12.2015 ж.

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Тал шыбығын тоқу жұмысына дайындау. Ағаш шыбықтарымен жұмыс

Мақсаты:

Білімділгі:Оқушыларға емен ағашы туралы, оның қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі:Өз бетінше жұмыс істеуге баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: емен ағашының суреті, жаңғағы, жапырағы.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II.Жаңасабақ.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Емен ағашы 1000 жылдай өсіп тұрады.Осы мерзімде еменнің діңінің жуандығы екі метрден асады.Еменнің өсу мерзімі ұлғайған сайын, одан алынатын табиғи материалдың сапасы да арта түседі. Емен – тығыз, салмақты және қатты ағаш. Еменді құрал-сайман және жоғары сапалы жиһаздар мен құрылыс материалын жасау үшін кеңінен пайдаланады. Емен ағашы табиғи материалға бай ағаштар тобына жатады.

Сергіту сәті
IІІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.

1.Іштей,тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Өздік жұмыс.

1.Емен жапырағын, жаңғағын жинап, тазала.

2.Олардан өз бетіңше құрамақ құрастыр.

3.Жасаған құрамағыңа атау беріп,сыныптастарыңның жұмысымен салыстыр.

ІV.Бекіту кезеңі.
V.Қорытындылау.

Емен ағашы қандай табиғи қасиетімен ерекшеленеді?

Табиғи материалдардың қандай түрлерімен жұмыс істегенді ұнатасың?
VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Күні: 28 . 12.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Алтын балық. Жолтай Әлмашев.

Мақсаты:

Білімділігі:әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, баланың арманы мен қиялына баға беруге

үйрету:

Дамытушылығы:жазушының астарлы, айшықты сөздеріне баланың назарын аудара отырып,

көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау.

Білімділігі: сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгімені толық әңгімелету.

-Бала не болуды армандады?

-Ол бір күні не тауып алды?

-Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

-Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?

2. Үй тапсырмасын пысықтау:

Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

Сөзжұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру. Мысалы:

ТА(..) ЛЫҚ жауабы: БАЛЫҚ. Бірінші сөз - «таба», екінші сөз – «балық» Жақша ішіндегі нүктелер саны әріп санымен сәйкес келеді.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Кіріспе.

- Балалар, неліктен бұл әңгіме «Алтын балық» деп аталады? Кім қалай ойлайды?

- Алтын балық туралы ертегі немесе мультфильм көргендерің бар ма? Онда не туралы айтылады?

- Жалпы ертегіде алтын балық адамның тілегін орындайды. Ал бұл ертегі емес, әңгіме. Ал алтын балықтың бұл әңгімеге қандай қатысы бар екенін оқып көрелік.

2. Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде.

Сөздік жұмыс.

Дерт – ауру.

Шетінеді – қайтыс болды.

Төсек тартып ауыру – төсектен тұра алмай ауырып жату.

Қолы жеңіл дәрігер – білгір дәрігер.

Қуанышы қойнына сыймай – қатты қуанып.

Сабасына түсті – көңілі орнына түсті.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Бала шешесінен А.С.Пушкиннің қандай ертегісін көп тыңдайтын еді?

Шөкінің арманы не еді?

Баланың атын неліктен Шөкі қойған?

«Тіл тию» дегенді қалай түсінесің?

Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?

2. Баланың атын «Шөкі» деп қою себебі жазылған жерді тауып оқы.

3.Шөкінің «Алтын балыққа» айтқан сөзін тауып оқы.

Ү. Қорытындылау. Баланың тілегі орындалды ма? (Баланың ойын жинақтау, жазбаша ойын жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында № 3 тапсырманы орындау). Егер сен «Алтын балық» ұстап алсаң, не тілер едің? Тілегің болса, оны дәптеріңе былайша жаз:

«Қымбатты, су патшасы ...»

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу.

ҮІ. Бағалау.

Күні: 28. 12.2015 ж.

Күні: 28 . 12. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Шаршы салу.

Мақсаты:

Білімділігі: Шаршының қасиеттерімен (қарама-қарсы қабырғалары параллель, барлық бұрыштары тік) таныстыру; шаршының ауданын табу.

Дамытушылығы:Өз бетінше жұмыс істеу,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. №8,9-мысалдардың орындалуын тексеру, бағалау..

2. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс.

1). Бір килограмм b теңге тұрады. 7 кг қиярға қанша ақша төлеу керек? (b 7).

2). Бір кг қияр а теңге тұрады, ал қызанақ 2 есе қымбат. 1 кг қияр және 1 кг қызанақ қанша теңге тұрады? ( а + (а 2) ).

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1. Тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін есіңе түсір. Тіктөртбұрыш туралы не білесің?

А В FGLMSP

C D E J N H O T

№ 1(ә). Тапсырмадағы фигураларға қара және сұрақтарға жауап бер:

- Қай қабырғалар параллель? Бұл қабырғалар өзара тең бе?

- қай қабырғалар перпендикуляр? Олар өзара тең бе? Қорытынды жаса.

№ 1(б). Төртбұрыштардың қайсысы тіктөртбұрышқа жатады?

1 2 3 4 5

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: № 2. 3 қатарға бөлініп оқушылары шығарады.

І қатар. Ш: 12∙ 8 ∙ 5 = 480(м) Ж: 5 бөлмеге 480м тұсқағаз керек.

ІІ қатар. Ш: 480 : 12 = 40(о). Ж: 40 орам тұсқағаз керек.

ІІІ қатар. Ш: Р = (3 + 4) ∙ 2 = 14(м) Р = (6 + 3) ∙ 2 = 18 (м). (V = 4 ∙ 3 ∙ 3 = 36 м3).

Бөлменің қарама – қарсы қабырғалары теңдей болады.

№ 3 Өздік жұмыс. Есептеу.

S = 3м ∙ 4м = 12м2 3м ∙ 3м = 9 м2v = 3м ∙ 4м ∙ 3м = 36м3 Р = (3м +4м) ∙ 2 ∙ 14м

Төбесінің периметрімен еденнің периметрі тең.

№ 4. Түсіндіріп шығару.

Ш: 500км : 50км ∙ 6л = 60л Ж: 60л бензин жұмсалады.

Ш: 50км/сағ ∙ 4 = 200 км Ж: 200 км жол жүріп өтеді.

№ 6. Жүптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

5кг 82г = 5 082г 5сағ = 300с 600см = 60дм 9 805ц = 980т 5 ц т.с.с.

Ү. Қорытындылау. Шығармашылық тапсырма.№7, 8.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 5. 77 - бет.

ҮІІ.Бағалау

Күні: 29 . 12.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы.

Мақсаты:

Білімділігі:әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, әңгіме астарын таба білуге үйрету;

жазушының күштілер мен әлсіздер арасындағы айқастыңәсеріне баланың

назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін

айқындау.

Дамытушылығы: Сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; адамгершілікке, ізгілікке

баулу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім?

Шөкі қандай бала деп ойлайсың?

Шөкенің арманы не еді?

Баланың атын неліктен Шөкі қойған?

«Тіл тию» дегенді қалай түсінесің?

Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?

2.Үй тапсырмасын пысықтау:

-Баланың тілегі орындалды ма?

-Сенің алтын балықтан сұраған арманың туралы білуге болады ма?

- Егер ол құпия болмаса.

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, құмырсқа жайлы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе. Құмырсқа илеуі бар сурет бойынша әңгіме құру.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу.

Тізбектей, жалғастырып оқу.

оқушыларды 3топқа бөліп, мәтінді 3 бөлімге бөліп, түсінгенін айтып, бір – біріне сұрақ қояды.

1 – бөлім. «Көрші қыз». Бұл бөлімде Ләйлә туралы, оның өсімдіктерді жақсы көретіні, ізденіп оқитыны сөз болады.

2 – бөлім. «Құмырсқалар шайқасы». Бұл бөлімде қоңыр құмырсқа мен қара құмырсқалардың арасында болған майдан туралы айтылады.

3 – бөлім. «Күш біріктіру». Бұл бөлімде құмырсқалардың күш біріктіріп, илеуді үлкейтуге кіріскені таралы айтылады.

Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір-біріне айтады. Сонан соң 1-ден 4-ке дейінгі нөмір жазылған жетон беріледі. Сол жетон бойынша 1-ші номерлер бір жерге, 2-ші номерлер екінші жерге, т.с.с. жиналады.Жаңа шағын топ құрылады. Енді әрбір оқушы оқығанын осы топқа айтып беруі тиіс. Сонда тұтас мәтін толық түсінікті болады.

Сергіту сәті.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру: Әңгіменің бастапқы бөлігін қайта оқы. Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге?Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен?

Ү. Қорытындылау. Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің?

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 3 тапсырма.

ҮІ.Бағалау

Күні: 29 . 12.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Алтын балық. Жолтай Әлмашев.

Мақсаты:

Білімділігі:әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, баланың арманы мен қиялына баға беруге

үйрету:

Дамытушылығы:жазушының астарлы, айшықты сөздеріне баланың назарын аудара отырып,

көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау.

Білімділігі: сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгімені толық әңгімелету.

-Бала не болуды армандады?

-Ол бір күні не тауып алды?

-Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

-Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?

2. Үй тапсырмасын пысықтау:

Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

Сөзжұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру. Мысалы:

ТА(..) ЛЫҚ жауабы: БАЛЫҚ. Бірінші сөз - «таба», екінші сөз – «балық» Жақша ішіндегі нүктелер саны әріп санымен сәйкес келеді.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Кіріспе.

- Балалар, неліктен бұл әңгіме «Алтын балық» деп аталады? Кім қалай ойлайды?

- Алтын балық туралы ертегі немесе мультфильм көргендерің бар ма? Онда не туралы айтылады?

- Жалпы ертегіде алтын балық адамның тілегін орындайды. Ал бұл ертегі емес, әңгіме. Ал алтын балықтың бұл әңгімеге қандай қатысы бар екенін оқып көрелік.

2. Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде.

Сөздік жұмыс.

Дерт – ауру.

Шетінеді – қайтыс болды.

Төсек тартып ауыру – төсектен тұра алмай ауырып жату.

Қолы жеңіл дәрігер – білгір дәрігер.

Қуанышы қойнына сыймай – қатты қуанып.

Сабасына түсті – көңілі орнына түсті.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Бала шешесінен А.С.Пушкиннің қандай ертегісін көп тыңдайтын еді?

Шөкінің арманы не еді?

Баланың атын неліктен Шөкі қойған?

«Тіл тию» дегенді қалай түсінесің?

Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?

2. Баланың атын «Шөкі» деп қою себебі жазылған жерді тауып оқы.

3.Шөкінің «Алтын балыққа» айтқан сөзін тауып оқы.

Ү. Қорытындылау. Баланың тілегі орындалды ма? (Баланың ойын жинақтау, жазбаша ойын жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында № 3 тапсырманы орындау). Егер сен «Алтын балық» ұстап алсаң, не тілер едің? Тілегің болса, оны дәптеріңе былайша жаз:

«Қымбатты, су патшасы ...»

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу.

ҮІ. Бағалау.

Күні: 29 . 12. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділігі:көп таңбалы сандармен есептеу тәсілдерінің өтілген түрлерін қайталау;

Дамытушылығы:жылдамдық, уақыт, қашықтықты табуға берілген есептерді шығару дағдыларын бекіту; құрама есептерді әртүрлі тәсілмен шығару.

Тәрбиелігі: әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың типі: Білім,білік, дағдыларын бекіту сабағы.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Ой қозғау.

Ауызша жұмыс.Зейінділік ойыны:

№ 1. 50 ∙ 10 = 500 900 ∙ 30 = 27 000 48 000 : 20 = 2 400 6 000 : 300 = 20 т.с.с.

2. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Өздік жұмыс.

№ 1. Сандарды оқы. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. 105 789 = 100 000 + 00 000 + 5 000 + 7 00 + 80 + 9 т.с.с.

№ 2. Жұптық жұмыс.

v = 7 км/сағ v = 7 км/сағ = =

t = 10сағ t = 3сағ

s = ? s = 7 км/сағ ∙10сағ = 70 кмs = ? s = 7 км/сағ ∙3сағ = 21км т.с.с.

№ 3(ә). Есепті екі тәсілмен шығар.

1 тәсіл: Ш: 5 478 – ( 2 058 + 1 986) = 1 434

2 тәсіл: Ш: (5 478 – 2 058) – 1 986 = 1 434

Сәргіту сәті.

ІІІ. Сабақты пысықтау:

Топпен түсіндіріп. І топ – № 5. Амалдар ретін анықта. Өрнектердің мәнін тап.

50 005 – (1 534 + 827) – 1 005 = 46 639 706 250 – (50 000 – 2 341) + 55 559 = 714 150

ІІ топ – № 6. Салыстыр.

6мин 20с = 380с 106мин > 1сағ 6мин 643с > 6мин 43с

ІІІ топ – № 7(а). Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

14ғ. = 1 400 ж. 10см2 = 1000 мм2 3см2 = 300мм2 11 020кг = 11 020 000г т.с.с.

ІҮ. Білімді бекіту.

№8. Есепті шығар. Ш: 1 425м ∙ 2 + 3 785м ∙ 4 = 17 990м = 17км 990м

Шығармашылық тапсырма.№ 9

Ү. Үйге тапсырма: № 4, № 7(ә).

ҮІ. Бағалау
І нұсқа.

  1. Мысалды орында.

420 ∙ 800 580 ∙ 400 127 800 : 200

  1. Есепті шығар.

Тігін цехына әкелінген мата орамының бірінде 144 м, екіншісінде одан 2 есе кем мата бар. Әр көйлекке 2 м мата жұмсай отырып, барлық матадан көйлектер тігілді. Барлығы неше көйлек тігілді?

  1. Теңдеулерді шеш.

507 + х = 1350 · 4 97000 + а = 100000

  1. Салыстыр.

5 т 25 кг * 51 ц 7525 м * 7 км

40 м4 см * 400 дм 4 сағ * 200 мин 30 с

ІІ – нұсқа

  1. Мысалдарды орында.

420 · 40 · 20 127 000 + 800 : 200 810 · 100 : 90
2. Есепті шығар.

Бір орамда 72 м мата, екінші орамда біріншіге қарағанда 2 есе артық мата, ал екінші орамға қарағанда үшінші орама 30 м мата артық. Әр көйлекке 2 м мата жұмсай отырып, барлық матадан көйлектер тігілді. Барлығы неше көйлек тігілді?

3. Теңдеуді шеш.

13000 – х = 7000 + 500 87000+х = 100000

4. Салыстыр.

8 м · 5 + 4 см * 8 дм * 10 152 м · 50 * км

5 т : 10 + 25 кг * 5 ц 25 кг 60 мин · 5 * 240 мин 30 с

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет