Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет24/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Шешендік арнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты, шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау - қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерді, қылмысты істерді шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі есепті.
Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлуге болады.
Бірыңғай мемлекеттегі, қабылданған заңы жоқ елде барлық дау - талап мәселесі ағайынның қазылығымен, жол-жоба білетін адамдарға жүгінумен шешілген. Халықтың осындай қарапайым тәжіриебесінен қазылық институт, билік-төрелік айту әдеті қалыптасқан.
Мұны кейін хандар пайдаланып, төңірегінде кеңесші билер ұстап, қарапайым қазылық, билік институтты өзінің ел билеу және қаражат түсіру статьясының біріне айналдырған.
Қазақ жерге бүкіл халықтық-ұлттық қазына деп қараған, қоныс пен өрісті ру-ру болып жайлап-қыстап ортақ пайдаланған. Бірақ қоныс салып, егіс екпейтін малсыз кедей арық, құдық қазып суландыру, байлардың малын жаю, шөбін шабу және дұшпаннан бірлесіп қорғау жұмыстарына ортақ болғанмен жердің қызығын көруде өгей болған. Сол қоныс, жайылым, шабындық үшін ру мен рудың, әсіресе дәулетті адамдар арасында болған дау-жанжалдарды бейнелейтін шешендік даулардың үлгілері бар.
* * *
Төре тұқымы Дәулетқали төңірегіне үстемдік жасап, жайылым қорып, елдің түйесін ен далаға жайғызбай қойған соң Асау бидің баласы Тұрлан келіп:
- Жұрттың түйесін неге қайырасың? – дейді.
- Түйеңді қайырмай, қазақ, сенің мұнда төреге бақтырып қойған жерің бар ма еді? – дейді Дәулетқали.
- Атаңа нәлет ақсүйек! Төренікі деген елді қайдан көрдің, жерді қайдан көрдің?! – деп қамшының астына алады Тұрлан.
Дәулетқали Орынбордағы «ханға» арыз береді. «Хан» төре тұқымына «тіл тигізгені» үшін Тұрланды жазалаймын деп Асау бидің аулына келіп, «айыпкерді» шақыртады.
Халыққа арқа сүйеген Тұрлан «ханнан» қаймықпайды,
- Әлен соқыр, мені неге шақырдың? – дейді салғаннан. «Хан» қаһарланып, қылышын қынабынан суырып алып, төрт сардар биіне:
- Мынаның төресін беріңдер,басын аламын! – дейді.
Сонда Айтуар шешен:
- Ау, тақсыр! Бұрынғыдан қалған сөз қайда? Қазаққа хан ие, қара жерге халық ие демеуші ме еді? Хандығыңды бер де, жерді ал, хан болып тұрғанда жерде нең бер? – депті. Сонда халық қаһарынан қаймыққан «хан»:
- Төрелігіңе құлдық! – деп орнынан тұрып, төре – төлеңгіттеріне: Хандықты қара жерге айырбастағыларың келген екен, жоғалыңдар көзіме көрінбей, - деп ақырған болыпты.
Бұл мысал төре тұқымы мен қанаушы таптың өкілдері халықты жайылымнан қысып, жерді иемдене бастағанын оған қарсы шыққан халық наразылығын бейнелейді. Бөкей ордасының тарихынан белгілі фактіні ауыз әдебиеті осылай дәлелдейді. Оның үстіне «Билеуіңе көнсем де илеуіңе көнбеймін» деген халықтың қаһары сезіледі.
Өмірге ауа, күн қандай қажет болса, жер-су да сондай қажет. Елді туған жерден айырудан ауыр қиянат жоқ. Кір жуып, кіндік кескен атамекен, ана ошағының қадір-қасиетін қашаннан жақсы білетін халық өкілі хан алдында, қылыш астында тұрса да «жер менікі» деуден тайсалмаған.
Жарлы-жалшы жалағанды тамақ, жамағанды киім ғып аяғы артқа, аузы аққа жарымай жүргенде байлар ен жайылым, мол шабындыққа таласып-тартысуға арланбаған. Елдің ішкі бірлігін, берекесін келтіретін ондай іші тарлық, қызғаншақтық мінез-құлықтарды да айыптайтын сөздер бар. Мол шабындыққа таласқан екі байға бір жігіт былай дейді:
- Өзімнің атым Күдері, Анау тұрған шабындық
Ер Көшектің баласы. Баршаңызға жетеді.
Талассаң бағың кетеді, Дүние шіркін жалған ғой,
Таласпасаңдар не етеді? Бастарыңнан әлі – ақ өтеді.
Бірлік қылсаң, ағалар,
Жер байлығы үшін байлар арасында өткен дау-жанжалдардың бір елесі болып табылатын бұл мысалда байлардың нысапсыздығы, байыған үстіне байи берсем дейтін пиғылы әшкереленеді. Халық бала жігіт атынан ондай дүниеқор байларға әлі-ақ ырылдасумен өтерсіңдер, ішпей-жемей, ұрлап-жырмалап жиғандарын арттарыңда қалар деп ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет