4. Бақылау сұрақтары
«Естірту» дегеніміз не? Бірнеше мысал келтіріңіз
«Көңіл айту» деген не?
«Бата беру» рәсімінің бірнеше нұсқасын беріңіз
«Жұбату» туралы түсінігіңіз қандай?
5. Әдебиеттер тізімі:
1. Адамбаев. «Халық даналығы». Алматы. Рауан. 1996 ж. (92-99 беттер аралығы)
2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Алматы: 1989
3. Жандыбаев Ғ. Сөй мәйегі. Алматы: 1998
№ 9 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сәлем сөз
1.Сабақтың жоспары:
1. «Сәлемдесу» рәсімі
2.Сабақтың мақсаты: Шешендік арнауға жататын сөздердің мәнін түсіндіру.
3. Қысқаша теориялық мәлімет
Шешендік сөздерге сәлем сөз де жатады. Сөз бас сөйлем әдептіліктің белгісі. Дұрыс сәлемдесу білу де шешендікке жатады. Амандасу адамгершіліктің әдептіліктің нышаны, ал сәлем қылу қазақ келіндеріне тән ізеттілік, инабаттылық, иман жүзілік құрмет көрсету ниеті болып табылады. Әдеппен сөйлеп әдеттенген дұрыс. Мақұл жақсы, ғапу етіңіз, рұқсат етіңіз, ренжімеңіз, мүмкін болса, қалауыңыз білсін т.б. сөздерді пайдаланып үйренген жөн. Ата-бабаларымыз өмір тәжірибелерінен халықтық әдет-ғұрып болып қалыптасқан салт-дәстүр нұсқаларын басқаға өнеге етіп, ұрпақтарына үйретіп отырған. Аса үлкен сыйластықпен бата беріп, тілек тілеп жастарды жақсы жолға бастаған. Шешендік сөздер - ел құралып халық қалыптаса бастағаннан бері өсер ұрпақтың өнеге тұтып өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан дуалы сөздері. Мұндай сөздерді билер мен ойшылдар, ақылдармен шешендік шығарған. Халық өнегелі сөздерді жадына сақтап ескеріп жүрген. Мысалы: Ел байлығы жер. Жер байлығы халық. Мыңғырған мал, қаптаған аң телегей теңіз су, жайқалған ну. Немесе байлық қатқан мұз, бірде бар бірде жоқ еріп кетеді. Бақ қолға қонған құс, ұстай алсаң тұрады, ұстай алмасаң ұшып кетеді. Бала артта қалған із. Адамға ең қымбаттысы сыйластық. Сіз бенен біз.
Әрбір адамның бойында қисынды сөйлеудің яғни шешендіктің нышандары болады. Бейімделу әркімнің өзіне, ықыласына байланысты.
Қонақжайлық – халықтың әлеуметтік кеңпейілдік тұрмыстық салтына байланысты қалыптасқан дәстүр, ұлттық салтқа айналған ізгілік. Халық айтқан: қонақ десе қон етіп қосып беретін халықпыз. «Кім бар-ау, құдайы қонақпыз»- деп үн қатып атын байлап киімін іліп, жүгін жинап қарсы алып төрге шығарған. Қонағасы берген қонақтар қонақ кәде жасаған. Кетерде қонаққа сыйлық беріп, жоралғысын дайындап, кұрметтеп аттандырған. Құтты қонақ келсе қой егіз табады деген.
«Қонақ қойдан жуас», «Бір күн қонақ құт» деп соңғы бір үзім наны мен дәмді асын қонаққа сақтаған. Қонақ бірінші күні – құт, екінші күні – жұт, үшінші күні – зыт деп қонақ әдебін уағыздаған.
Достарыңызбен бөлісу: |