Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет18/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

Тапсырма
Сұрақтар

  1. Досболдың тапқырлық сөздерінің мәнін түсіндіріңіз

  2. Әзіл туралы не білесіз?

  3. Әйел адамға деген құрмет туралы не түсіндіңіз, айтыңыз

  4. Уайым дегеніміз не?

  5. Байлардың кедейге көзқарасын түсіндіріңіз

Досбол би жолаушылап жүріп бір үйге түседі, үй иесі союға бір тоқты алдырып бата сұраса, тоқтыны арықсынып былай дейді:
- Япырай мына тоқты емген бе,
Әлде қойдан қалдырып шөп жемеген бе,
Болмаса малшы жөндеп бақпаған ба,
Әлде енесін қатырып қақтаған ба,
Ұлан жаздай қонаққа мұны соймай
Әдейі Досбол биге сақтаған ба?
Сонда үй иесі тоқтыны қоя бергізіп басқа қой әкеліп сояды. Қойдың терісіне қызығып, ас артынан би:
Кеңейте көр өрісін
Ұзарта көр желісін
Тонымның бір бойы кем еді,
Бергізе көр терісін, - деп бата беріпті.
Қазақ ежелден қалжыңды жақсы көреді. Баласы әкесімен, келіні атасымен әзілдесе береді. Әзіл үстінде айтылған артық кем сөзді көңіліне ауыр алмайды. Мұндай салт бір жағынан жастарды жақсылыққа тәрбиелесе, екіншіден ұстамдылыққа, еркіндікке баулиды. Бай – патшалар әйелді кем санағанмен халық еркекпен тең санаған. Халықтың ертегі аңыздарда батырлық ғашықтық жырларда арыстан жүректі, жолбарыс қайратты батырлардың атын баптап, қаруын сақтап, ақылшы болған арулар көп. Сондай-ақ ақындық шешендік айтыстарда, сөз саласында еркектен ешбір кемдігі жоғын аңғарған халық сөз жарысында да әйелге тең қарап еркіндік берген. Жақсы әзіл-қалжың танысып, білісудің ақыл-ой санасудың таптырмайтын тәсілі болған. Бала би көсе, Досбол сақалды кісі екен. Бала би жолдастарымен жолаушылап келе жатып, далаға түнеп қара шай ішіп отырған Досболды көріп: Сауулы түйелерің бар көрінеді, қара шай ішкенше түйе сауып сүт қатып ішпейсіңдер! – дейді. Сонда Досбол: -Ұрғашыға үйренген інген еді, сақалымыздан шошып бізге сауғызбай тұр, - депті әзіл -қалжың қыз бен жігіттің қатарлас, қадірлес адамдардың атасу сырласу тәсілі болуымен бірге кейде көңілде жүрген наза – наразылық сөздерді айтып біреуді біреу көп алдында кекетіп-мұқатып қалуға да сылтау болған. Нұралы ханның баласы Қаратай Орынборда оқу бітіріп патшадан аға сұлтандық алып, Кіші жүзді аралап жүргенде Атай Атақозы биге кездесіп қалады. Атақозы ашық арық, қатпа кісі екен. Биге көзі толмаған сұлтан:

    • Әй, Атақозы! Ойда қалмақтың, қырда қазақтың малын қоймасаңда алғаның бойыңа жұқпаған екен ау – дейді.

Сонда Атақозы шешен:
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде мал да семіреді.
Қаралы үйде қатын семіреді,
Қайтсем топтан торғай шығармаймын деп,
Қазақтың бір тайын дұшпанға алдырмаймын деп,
Бір түнде тоғыз оянып, тоқсан толғанамын,
Мен арық болмай кім арық болады- депті. Қаратай жұмған аузын аша алмапты. Тек қасындағы бір би: Өз жөнімізбен өлмей, үйдегі қатын, балаға зәбіріміз тиіп кетті-ау деп қисая кетіпті. Бірақ бұдан халықтың дұшпаны - хан, сұлтан досы - би болыс екен деп ұқпақ керек. Хан да, би де кейде қарапайым көпшілікті менсінбей байды жоқтап, сонан соң сөйлеген. Бұл жерде ханды мұқатып халыққа қамқорсып, ел жұрт алдында өз беделін, өз ықпалын сақтап қалу үшін ежелден айтылып келе жатқан ақылды сөздерді би шешендер пайдаланған.
Тапсырма

    1. Төмендегі арнау әңгімелерінің мазмұнын айтыңыз, талданыз

    2. Тапқырлық туралы не түсіндіңіз?

    3. Қасірет деген не?

    4. Жұбату деген не?

    5. Жақы лебіз туралы айтыңыз, мысал келтіріңіз

    6. Шешендік сын туралы қандай шығармаларды білесін?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет