Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет15/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)
118382
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Н.Төреқұлов. «Қазақтың қанатты сөздері».Алматы 1988ж
2.А.Бисенғалиева. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».Алматы 1988ж
3. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері. Алматы: 1995
4. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы. Алматы: 1996

6 практикалық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Билердің сөз шеберлігі

  1. Сабақтың жоспары:

  1. Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

  2. Шешендік дау

  1. Сабақтың мақсаты: Студенттерге шешендік сөз үлгілерін меңгерту, сөздің мағынасын түсінуге, сөзге мән беруге, шебер сөйлеуге баулу.

  2. Қысқаша теориялық мәлімет

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін
Жер дауына байланысты Орта жүзде Ормамбет биге айтқан бір сөзінде Әйтеке: «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін, бай болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген.
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ...» -
деп Әйтеке атынан айтылған нақыл сөз де оның ойы терең, өмірден білген түйгені мол өз заманының ақылгөй екенін аңғартады.
Қысқасы, би – шешендер мұрасы – ұлт, замана, мемлекет тағдырын, өмір, тіршілік, тұрмыс құбылыстарын, адамгершілік дүниесін жан-жақты қозғап, әділ таразылайтын, ғаламат тұжырымды, тұрлаулы пікірлер қорытатын, нәзік талдаулар жасайтын, туған халқының ақыл-ой дәрежесін, рухани болмысын танытатын теңдесі жоқ өмір оқулығы болып табылады.
* * *
Ұлы жүздің жігітіне атастырып қойған Орта жүздің бір қызы өз елінің бір жігітімен қашып кетеді. Соған байланысты Ұлы жүз жағының жігіттері Орта жүз ауылдарынан жылқы айдап алады. Ақыры Ұлы жүздің биі Төле мен Орта жүздің биі Қазыбек айтысады:
Аға болып алдымен туасың,
Алдымнан жылқымды неге қуасың?- дейді Қаз дауысты Қазыбек би.
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің? – дейді Төле би ашуланып. Сонда екі жағының да сөзін тыңдап отырған Әйтеке би былай депті:

  • Сабыр етіңдер билер! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Ашу деген ағын су,


Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Төле, сен жылқыны қайыр,
Қазыбек сен жесірін қайыр!
Әйтекенің төрелігін екі жағы да қабыл алып, ауысқан адамын, малдарын бір-біріне қайтарып, ел арасы тыныш болыпты-мыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет