Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет13/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
1.Сабақтың жоспары:

  1. Ханның Сырымды сынауы

  2. Сырымның тапқырлығы

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерді Сырым шешеннің өмірімен таныстыру, халық алдында өтеген қызметін білгізу. Шешендік өнерін үлгі етіп практикалық іс-дағдысында қолдануға үйрету.
3.Қысқаша теориялық мәлімет
Ханның Сырымды сынауы
Сырым Үргеніштің ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық : «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі» деп естиді екен. Хан Үргеніш шешен мен Сырымды айтыстырыпты.
Үргеніш шешені:
- Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не ? – деп сұрайды.
Сырым батыр:

    • Сөз анасы – құлақ

    • Су анасы – бұлақ

    • Жол анасы –тұяқ! - деп жауап беріпті.

Үргеніш шешені:

    • Дау мұраты не?

    • Сауда мұраты не?

    • Қыз мұраты не?

    • Жол мұраты не?

Сырым батыр:

    • Дау мұраты –біту!

    • Сауда мұраты –ұту!

    • Қыз мұраты - кету

    • Жол мұраты – жету!- дейді.

Үргеніш шешені:
-Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оның не ? – деп сұрайды.
- Жан-жағыңызға қарамасаңыз, менің қарағанымды, қарамағанымды қалай көрдіңіз? – депті Сырым.
Үргеніш шешені:
-Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? – дейді.
Сырым батыр:
-Сырымның айтқанын тыңдамай өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет