Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет9/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

4.Бақылау сұрақтары:
1. Сырым Датұлы 1712-1802 ж.ж.
2. Сары би мен Сырым
3. Мөңке би мен Сырым
4. Алдар би мен Сырым
5. Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Т.Садықов. «Қазақтың шешендік сөздері». Алматы 1997ж
2.А.Нұрпейісова. «Тіл мәдениеті курсы». Талдықорған
3.М.Әлімбаев. «Өрнекті сөз ортақ қазына». Алматы 1977ж
4. Шынбатыров Ә., Жарқынбаев Т. Шешендік сөздер, ақындық толғаулар. Алматы: 1985

4 Практикалық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
1. Сабақтың жоспары:
1. Балтабай Адамбаевтың Сырым батырдың шешендік өнерін зерттеуі туралы
2. Малайсарының және Сырымның сөздері
3. Сырымның шешендік өнері
2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді Сырым шешеннің өмірімен таныстыру, халық алдында өтеген қызметін білгізу. Шешендік өнерін үлгі етіп практикалық іс-дағдысында қолдануға үйрету.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер
Сырым Датұлының батырлығы жөнінде орыс зерттеушісі М.Вяткин монография жазды. Балтабай Адамбаев Сырым атына байланысты шешендік сөздерді жинастырып жариялады және кандидаттық диссертация қорғап көп еңбек сіңірді. Қазақ батыры, шешен, билері ішінде Сырым шешен мұрасын жинастыру зерттеу ісі біршама дұрыс жолға қойылған деп айтуға болады. Осы кітапқа еніп отырған Сырымның шешендік сөздері негізінен Б.Адамбаевтың жинақтарынан алынады.
Олар мына төмендегілер:
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман ана Малайсары мен сөйлесіп отыр екен.

    • Балалар аман ба? –депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:

    • Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді. Малайсары жалт қарап:

    • Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып қыз сөйлегеннен без
Сырнайдан сайраған мына бала кім еді?-дейді.

    • Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,

    • Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар – дейді Сырым.

    • Сен толған екенсің, мен болған екенмін, - деп Малайсары Сырымды қасына шақырған екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет