Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет6/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

3. Қысқаша теориялық мәлімет
Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыры әрі шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінде Әйтімбет, одан Шолан, Шоланнан Түкім, Дат, Есенбай, Балторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүнімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды. Туған ауылы Сарыой, Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы ауданда бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сырым 7-8 жасынан ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтандар, хандарды жанай жүріп, олардан шешендік тапқырлықты ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің кейбіреуіне іздеп барып, бата, жөн-жосық алады. Бірде Сырым бала сол өңірге батырлық билік атағы жайылған Малайсарыға сәлем бере барады.
- Уа, қай баласың?
- Даттың баласымын.
- Қой жая алмайтын жаманнан қолақпандай ұл туды деп еді, сірә, сол боларсың?
- Болсақ болармыз. Бірақ бір құшақ отыннан бір оқтаулық мүсін шығады деуші еді. Әкем жаман болса, сондай-ақ болар. Өзіңді қазыналы қарт екен десем, қазымыр қарт па едің?
- Бала, әкең нашар болғанмен шешең пысық еді. Күндіз келген жиырма адамды, түнде келген жиырма адамды ренжітпей атқарушы еді, шешеңе тартқан боларсың.
- Шешем пысық болса, оның несін айып көрдіңіз? Әкем би болмаса да би түсетін үй болыпты. Шешем күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма кісіні ренжітпей аттандырса- қырық адам екен, қырықтың бірі қыдыр деген, онда қыдыр дарыған болар. Шал үш түрлі деуші еді. Қазымыр шал, қадырсыз шал, қыдырымпаз шал. Өзіңіз соның қайсысыңыз?
- Балам, сынайын деп айтқан бір-екі ауыз сөзімді көңіліңе алма? Жаманнан жақсы туады - адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады –-бір елтіріге алғысыз. Сен де маған шалдың үш түрін айтып қырсығып қойдың ғой. Кісінің қадірін өзінен сұрамас болар. Қадірсіз десең – халқымнан сұра, қыдырымпаз десең – көршімнен сұра, қызымыр десең - кемпірім өліп, келінге қараған жетім шалмын, келінімнен сұра. Енді келген жұмысыңды айт. Сырымның көңілі сонда жадырап былай депті:
- Ауылымның алдында төбе болса, ертулі тұрған атқа тең, ауылыңда ақылды қарт болса, жазылып қалған хатпен тең деуші еді. Сәлем беріп бата алғалы келдім.
- Жарайды балам! «Кісі болар баланың кісі менен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар», «Ақыл қуып сөз бастайын деген екенсің, атқа мініп ел бастайын деген екенсің», «Ақыл жастан, асыл тастан» шығады деген, алдыңнан жарылқасын. Шиеленген түйінді, шиыршықталған қиынды шешіп, елдің ісін тындыратын, жаудың белін сындыратын әділ би айтушы кісі бол, әумин! – депті Малайсары қария.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет