Бөлім: Әліппе кезеңі
|
|
|
Педагогтің аты- жөні:
|
Күні:
|
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
П дыбысы және әрпі
|
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер
|
Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
|
227
|
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (1–7 мин)
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. Жұмбақ шешу.
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
|
Оқушылар жұмбақтың шешуін табады.
|
Қолдау
|
|
Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба- модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар.
Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар.
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
|
Қолдау
|
|
|
(МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.
Оқылым.
1-тапсырма.
Оқулықтың 70-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың тұтас оқуына қолдау жасау.
|
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Сөздерді тұтас айтылуымен түсініп оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Оқулық
|
|
2-тапсырма.
«Әліппе» сөзін үш жақта «менің», «сенің»,
«оның» сөздерімен толықтыру.
|
4. «Әліппе» сөзін үш жақта
«менің», «сенің», «оның» сөздерімен толықтырып айтады:
|
|
|
228
|
3-тапсырма.
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазу.
|
менің әліппем сенің әліппең оның әліппесі
5. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқиды. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазады: Кітап – адамның досы. Кітапты ақындар, жазушылар жазады. Суретшілер суретін салады. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Мақтау
Қолдау көрсету
|
Оқулық
|
Жазылым
Жазу дәптерімен жұмыс.
Оқулықтан көшіріп жазу.
|
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Оқулықтан көшіріп жазуға берілген тапсырманы орындайды.
Әр сабақ соңында өз іс- әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды:
«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».
|
|
Жазу дәптері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |