(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау «Сөз тану» айдары бойынша берілген «Асқат қасқа ат мінді, Мақсат басқа ат мінді» жаңылтпашымен жұмыс:
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату және жатқа айтқызу. Сөз аралығындағы дыбыстарды үндестік заңына сәйкес айтуға үйрету.
Саралау тапсырмаларын орындату:
деңгей:
«Асқат» сөзін буынға бөліп айт.
деңгей:
«Мақсат басқа ат мінді» сөйлеміндегі сөздерді буынға ажырат.
деңгей:
Сөзді буынға бөлу шартты белгісін көрсет.
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды және жатқа айтады.
Жаңылтпаштағы «қасқа ат», «басқа ат» тіркестерін айтқан кезде тіркестегі екі сөзді бөлек-бөлек айтпай, «қасқат», «басқат» деп, үндестік заңына сәйкес айтуға үйренеді.
Оқушылар жаңылтпашты жаңылмай, тез- тез, үндестік заңына сәйкес дұрыс айтудан жарысады.