Сабақтың тақырыбы: Сөз асылы шешендік Төле би Әлібекұлы (1663-1756)



бет1/2
Дата01.08.2017
өлшемі286,06 Kb.
#22447
түріСабақ
  1   2
Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кенжебекова Жұлдызай Құдабайқызы

Сөз асылы – шешендік
Сабақтың тақырыбы: Сөз асылы – шешендік



Төле би Әлібекұлы

(1663-1756)

Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрған хатың ғой.
Қазыбек би Келдібекұлы

(1667-1763)

Алтын ұяң – Отан қымбат

Құт берекең атаң қымбат

Асқар таудай әкең қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Туып-өскен елің қымбат

Ұят пенен ар қымбат


Әйтеке би Байбекұлы

(1689-1766)

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып еш пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – Шешендік өнердің алуан сипаттары,

шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктері туралы толық

мағлұмат беру; қазақ халқының шешендік сөз өнерін,

тәлім-тәрбиелік сипаттарын таныту; қазақтың би-

шешендерінің өмір жолы, шығармашылығымен кеңінен

таныстыру; өсиет-нақыл, даналық, аталы сөздердің,

шешендік толғау, арнау, даулардың мазмұнын меңгерту,

мәнін ашу; Шешендік сөз тарихынан алған білімдерін

ғылыми түрде тереңдету, сөз асылы – шешендік туралы ой-

танымдарын қорытындылау.


ә) дамытушылық – Шешендік өнер туралы білімдерін

тереңдете отырып , ой белсенділігін дамыту,шығармашылық

ізденіске бағыттау,сөйлеу мәдениетін

қалыптастыру. Сезімтал, шешен бола білуге ұмтылдыру,

оқушының тіл байлығын, сөздік қорын байыту;

тапқырлыққа, шешен сөйлей білуге баулу.


б) тәрбиелік Оқушыларды халықтық мұра – шешендік

сөздерді айтып үйренуге, тәлім-тәрбие алуға және халықтық

салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге,

ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу болып

табылады.

Халықтың баға жетпес рухани байлығын, ауызша жасалып, ауызша таралып, заманнан-заманға, бүгінгі күнге жеткен шешендік сөз өнерін меңгерген, шешендік сөздерді өз заманына, ортасына лайық қолдана білетін, сөз құдіретін бағалайтын, сөз сөйлеуде үлкен жауапкершілікті сезінетін, тіл байлығы мол, жан-жақты білімді, саналы азамат қалыптастыру.


Сабақтың түрі: қалыптан тыс – саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыс сөз, топпен жұмыс, сахналық

көрініс т.б.



Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, үнтаспа, қанатты сөздер, тірек

сызбалар, электрондық оқулық, кітап көрмесі,

оқушылардың шығармашылық жұмыстары, интернет

материалдары.



Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, Қазақстан тарихы,

халықтық педагогика.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ

І. «Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуальді ойыны.

ІІ. Билер ауылына саяхат.

4. Қорытындылау
Жаңа сабақ

Мұғалім: – Балалар, Өткірдің жүзі

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан

Білмеске арзан

Надандар баһра ала алмас.

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең , өзің біл, – деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?

(Сөз өнері, шешендік туралы)

– Ендеше, бүгінгі сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни, саяхат сабағын өткіземіз.

Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге - үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар – тәрбие құралы . Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту.



Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер – қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдері.




















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет