Сабақтың басы
2 минут
Сабақтың ортасы
35 минут
|
(Ұ) Психологиялық ахуал. Оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында мына өлең жолдарын қимыл қозғалыстар жасап айтқызу: Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
3.2.6.1 (МК; Т; Қ) Мәтіндерді оқу. Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
24-жаттығу. Мәтіндерді оқып, салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Мәтіндер кім туралы, қай мәтін бірінші жақтан айтылғанын анықтап, дәлелдейді.
(Ө; Т) Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп жазып, мағынасын талдау. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп жазып, мағынасына талдау жасайды.
3.3.2.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Өмірбаян жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
25-жаттығу. Өз отбасының бір мүшесінің өмірбаянын үлкендердің көмегімен жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.
|
Психологиялық ахуал
айтылым
оқылым
оқулық
айтылым
жазылым
жазылым
жұптық жұмыс
|