7 «а» сыныбы Пәні: Қазақ тілі. Пән оқытушысы .Ш.Б.Мухамбеталиева.
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркестерінен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : сөз тіркестерін байланыстырудың түрлерін
меңгерту, оқушылардың алған білімдерін тексеру, кеңейту.
Дамытушылығы : тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын жүргізу.
Тәрбиелік : талдауға алынған мысалдар арқылы оқушы белсенділігін, қызығушылығын арттыру, еңбексүйгіштікке, бауырмалшылдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: синтатсистің бір саласы сөз тіркестерін оқытудағы жаңаша сабақ үлгісін пайдалану. (Сөз тіркестерін модульдік оқыту)
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, тест сұрақтары, үйлестірме, кітаптар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін – өзі тану
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушыларды түгендеу.
Ә) оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы.
Б) ой қозғау стратегиясы
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
Балалар біздің бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсатымыз не?
(оқу, білім алу, тәртіпті болу, саналы азамат болу т.б)
Бәрің дұрыс жауап бердіңдер. Ал ол үшін не істеуіміз керек?
Сабақты зейін қойып тыңдап, үлкендердің айтқанын тыңдауымыз керек.
Ата – анамыздың ақыл сөздерін есте сақтауымыз, ұстаздарымыздың ақыл кеңестерін тыңдап, білімді, тәрбиелі оқушы болуымыз қажет.
ІІ «Тапқырлыққа жетелеу» ойыны
Сынып оқышылары барлығы 18 оқушы. Үш адамнан бес топқа бөлінеді. Әр топ бір шаңырақ іспетті бес сөз тіркесінің атауына ие болады.
«Қиысу» шаңырағы, 2. «Меңгеру» шаңырағы, 3. «Матасу» шаңырағы, 4. « Қабысу» шаңырағы, 5. «Жанасу» шаңырағы.
Ойынға қатысушыларға нөмерлі қағаздар таратылады. Үстелге үстел cілтемесі, 5 бөлікке бөлінген қағаз, оның үстіне 3 қатарға тізілген сұрақтар қойылады. Астына ІІІ деңгей сұрақтары, ортасына ІІ деңгей сұрақтары, ең үстіне І деңгей сұрақтары орналастырылады.
І деңгей (дайындықсыз жауап береді)
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Синтаксис нені тексереді?
Матасу қандай сұрақтарға жауап береді?
Сөз тіркестерінің байланысу түрлерін ата?
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін ата?
Синтаксис қай тілден енген?
Қиысу байланысы дегеніміз не?
Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сыңары қайсысы?
Сөз тіркесінің басыңқы және бағыңқы сыңарларының ерекшеліктері неде?
Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылығы неде?
Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?
Меңгеріле байланысқан сөз тіркесіне мысал келтіріп, құрамына талда.
ІІ деңгей (1 – 2 минут уақыт беріледі.)
«Ана тілің – арың бұл» деген сөз кімнің өлеңінен алынған.
Отызда нені бұзбасаң,
Қырықта қайдан аспассың
Ер мойнында не шірімейді?
Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір кімді көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа нені сүйсеңіз
Нені бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек
Қоянды қамыс өлтіреді,
Кімді намыс өлтіреді.
Білім мен даналық кімнің көркі
Елдің күші - ненің күші
ІІІ деңгей (3-5 минут уақыт беріледі.)
Ұстаз ұлы есім
Ардақтайық ананы (Оқушылар өз ойларын
Отан оттан ыстық жазып мәтін құрайды)
Менің өлкем
Наурыз – жыл басы, береке
«Қонақ келсе –құт »
Мақсаты. Игерілген білм, білік дағдыларын пысықтау, шыңдау.
Мысалдарды байланысу түрлеріне қарай өз отауына енгізу.
1.айдынды дала. 7.Арман –оқушы. 8.көңілден жырақ.
2.қызықты кеш. 9.Асан-инженер.
3.әкемнің жейдесі 10.Жазық дала.
4.әжемнің ертегісі. 11.Кештете келді.
5.Әсем ойнады. 12.Бүгін келді.
6.ашық аспан.
«Өзіңді - өзің сынап көр»
Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлерін анықта.
(әр топқа бір сөйлемнен беріледі)
1.Қысқа жіп күрмеуге келмес.
2.Әкем атының жүгенін маған сыйлаған.
3.Сыныпта он бес оқушы бар.
4.Жалбыраған жамау үйлепі алыстан көрініп тұр.
5. Абайдың әңгімесіне әжесі риза болды.
Оқулықпен жұмыс. 266-жаттығу.
«Ойлан ,тап»
Сөзжұмбақ шешу.Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер ерекше көздерден сөз тіркестерін тексеретін саласын оқисыңдар.
С
И
Н
Т
А
К
С
И
С
1.Тиянақты ойдың көрсеткіші. \сөйлем\
2.Бастауыш пен баяндауыштың байланысы.\қиысу\
3.Мағыналық жақтан бір- біріне жуық, өзара мәндес сөздер.\синоним\
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Тест тапсырмалары.
1.Сөйлем мен сөз тіркесінің құрылысын, мағыналарын зерттейтін грамматиканың бөлімін көрсет.
А. Фонетика.
Ә. Морфология.
Б. Синтаксис.\
В. Лексика.
2.сөздердің байланысу тәсілдерін кеөсет.
А.жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі, интонация.\
Ә. Қиысу, қабысу,матасу, меңгеру.
Б. Жанасу, табысу, одағай, еліктеу.
В.орын тәртібі, екпін, буын, шылау.
3. Мына сөйлемдегі сөз қай тәсіл арқылы байланысқан.
Тоқтар Әубәкіров- қазақтың тұңғыш ғарышкері.
А. Қосымша арқылы.
Ә.септеулік шылаулар арқылы.
Б. Орын тәртібі арқылы.
В.интонация арқылы.\
4.Қазақ тіліндегі сөз бен сөздің байланысу түрлерін көрсет.
А.орын тәртібі,шылау арқылы, жалғау, интонация.
Ә. Көмекші етістіктер, көмекші есмдер арқылы.
Б. Әріп арқылы, дыбыс арқылы.
В. Қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу.\
5. Матаса байланысқан сөз тіркестерін көрсет.
А.көзді ашып- жұмғанша.
Ә. Нашар тәрізді.
Б, оның мұртын балта шаппайды.\
В. Торы ала.
6. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін көрсет.
А) өнердің пайдасы Б) Білгенге маржан\
Ә) тәрбиелеудей – ақ тәрбиеледім В) мейірімділік жүрекпен
7. Қиыса байланысқан сөз тіркестерін көрсет.
А) бәрі жазды, інің оқыды. \ Б) айламен алды, пікір айтты
Ә) қабағынан қар жауды В) баппен сөйлейді, оқыған адам
8. Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсет.
А) тіліңмен жүгірме, оттан ыстық
Ә) өнер жеткізер, наурыз туды
Б) жасыл жапырақ . ағаш күрек\
В) диқаншы шатыры, маяшылар қосы
9. Күрделі сөзді көрсет.
А) кетіп қалды .\ Б) отыз жұмысшы
Ә) мұрнын шүйірді В) жалықпай ізденді
10. Тұрақты тіркес мағынасындағы сөздерді табыңыз.
А) Марат сабақты орындады.
Ә) Мектеп ауласына гүл ектік.
Б) Ол көзді ашып жұмғанша жоқ болды.\
В) Сабақ сегіз жарымда басталады.
Қорытынды.
Оқушылардың сабаққа қатысын бағалау.
Үйге тапсырма.
Сөз тіркесінің байланысу түрлерін қамтып, «Менің ауылымның дәстүрлері» деген тақырыпта хабарлама жасау. Ауыл үлкендерінен, ата – аналарыңыздың көмегімен ауылдың дәстүрлері жайлы сұрап біліңіздер. Жоспар жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |