Сабақтың тақырыбы Сөздердің байланысу түрлері Сабақтың мақсаты



Дата01.06.2017
өлшемі85,48 Kb.
#17354
түріСабақ

ъПәні :қазақ тілі

Өтілетін күні:05.03.13

Сыныбы:7

Сабақтың тақырыбы

Сөздердің байланысу түрлері







Сабақтың мақсаты

Сөздердің белгілі бір заңдылықтар арқылы бір- бірімен байланысатынын оқушылардың өздеріне ережені ойлап табуға жетелеу


Білімділік

Қазақ тілінде сөздердің бір- бірімен бес түрлі жолмен байланысатынын білу


Тәрбиелік

Оқушыларды әрбір істі саналы түрде орындауға баулу



Дамытушылық

Ойлау қабілетін, мәдени сөйлеу дағдысын дамыту.


Оқу нәтижесі

Өздері ізденеді, бірін- бірі бағалайды

Түйінді идея

Сөйлем құрылысын сауатты меңгеру

Сабақтың түрі

Іздену, шығармашылық сабағы

Cабақтың типі

Жаңа сабақты топтастыру сабағы

Көрнекілігі

Тірек сызбалар, үлестірме қағаздар, бес түрлі телпек




Мұғалімнің іс –әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Тапсырмалар

Ұйымдастыру(3мин)

Үй тапсырмасын сұрау

( 7мин)

А, В, С деңгейдегі оқушыларға сұрақтар қою



Жаңа сабақ (15 мин)
Дағды мен іскерлік (10мин)
Бекіту(5мин)

Сабақты қорыту

Үйге тапсырма(5мин)

Рефлекция



Топқа бөлініп отырады

Сұрақ –жауап


Ойын еркін жеткізу

Кітаппен жұмыс жасай білу . Cалыстырады

Тестпен жұмыс.Диалогтік пікірлесу.

Бекіту сұрақтарына жауап береді


Үйге тапсырма алады

Рефлекция жазады


Әдіс-тәсілдер

Жұптық, жеке ,топтық жұмыс жасау,ой қозғау,еркін сөз сөйлеу

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы

Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгелдеу

ә)Сыныпты сабаққа дайындау

б) Бес түрлі телпек арқылы топқа бөліп отырғызу

Оқушыларға бағалау парақтарын тарату, бағалау ережелерін таныстыру

бес (5) ұпай үш (3) ұпай бір(1) ұпай

төрт ( 4) ұпай екі(2) ұпай



Қызығушылығын ояту.Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақ- жауап әдісі



Ж А Ң А С А Б А Қ

1-топ Көк телпек –қиысу

2-топ Қызыл телпек- матасу

3-топ Жасыл телпек –меңгеру

4-топ Күлгін телпек – қабысу

5-топ Сары телпек –жанасу болып отырады



1 . «Ойнайық та ойлайық». Әр топтан бір оқушы шығып, маңдайына жапсырылған қағазда қандай жеміс жазылғанын өз тобына барып, сұрақтар қою арқылы табу керек.Мысалы : Алма сөзі:

Заттың пішіні қандай? Пішіні домалақ сөз тіркесіндегі бағыныңқы сыңары пішіні сөзі екенін, басыңқы сыңары домалақ сөзі екенін білу.

Заттың түсі қандай ? Түсі қызыл немесе көк. Бағыныңқы сыңары түсі сөзі де, басыңқы сыңары қызыл.

Дәмі қандай? Дәмі тәтті . Дәмі сөзі бағыныңқы сыңары, тәтті сөзі басыңқы сыңары екенін білу

Қандай қасиеті бар? Адам ағзасына тигізер үлесі зор. Сөз тіркесі үлесі зор. Үлесі бағыныңқы сыңары, зор басыңқы сыңары.

Не үшін қолданамыз? Тосап жасаймыз.Күнде жейміз. Бағыныңқы сыңары тосап, басыңқы сыңары жасаймыз



2. Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырмалар беру арқылы бүгінгі сабақтың ережесін өздеріне шығарту .

Берілген тапсырманың қалай жасалып тұрғанын түсіндір.Сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары қалай жасалып тұр?.Егер сөздердің дұрыс байланысып тұрғанын білсең, өздеріңнің топтарыңның аты шығады.Ортаға шығып қорғау



  1. Көк телпек тобына : Мен оқушымын.Олар жұмысшылар. Сіздер айтыңыздар.Асан оқыды. Сен ақылдысың.

  2. Қызыл телпек тобына: Апаның көйлегі. Досымның кітабы.Ағаның ақылы. Әкемнің қамқорлығы. Қазақтың мінезі.

  3. Жасыл телпек тобына: Досқа көмек.Отанды қорғау.Үйде ысқырма. Қаладан келдім .Әкеммен барамын.

  4. Күлгін телпек тобына: Әдемі қыз. Қызық оқиға. Шөкім бұлт. Нық қадам. Бір кем дүние.

  5. Сары телпек тобына: Екі сөйлейді.Кеше айтқан. Әдемі киіну.Әрқашан дайынбыз.Асығып оқиды.

  • Мысалы:Мен оқушымын сөз тіркесі. Мен-жіктеу есімдігі, оқушы- зат есім, мын-жіктік жалғауы яғни жіктік жалғаулары арқылы байланысқан сөз тіркесін қиысу дейміз.

  • Бағыныңқы сөз зат есімге ілік септігінің жалғауы жағанып, басыңқы сөз зат есімге тәуелдік жалғауының 3жағы жалғанған сөз тіркесін матасу дейміз

  • Бағыныңқы сөз атау мен ілік септігінен басқа септіктің жалғауы жалғанса, бағыныңқы сөз есімдік те, етістік те болуы мүмкін сөз тіркесін меңгеру дейміз

  • Бағыныңқы сыңары анықтауыш (ілік септігінен басқа),басыңқы сыңары есім сөз де, етістік те болуы мүмкін, ешбір жалғаусыз, орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесін қабысу дейміз

  • Бағыныңқы сыңары үстеуден, басыңқы сыңары етістіктен болатын іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысатын сөз тіркесін жанасу дейміз

3 .«Семантикалық карта» көмегімен берілген жаттығуды орындау

  1. Әр оқушыға жеке таратылады

  2. Бірін- бірі ауыстырып тексереді

  3. Топ болып тексереді

Сөз тіркесі

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу

Димаш көрсетті
















Кітаптың пайдасы
















Достарды сағыну
















Ұстазға бас ию
















Әдейі келді
















Бізге арналған
















Кешке кел
















Екі дос
















Ол сөйледі
















Алма ағашы
















Былтыр тапсырды
















4 .Кітаппен жұмыс .239 – жаттығу. Жеке жұмыс.Мәтіннен сөздердің байланысу түрлеріне мысалдар тауып, көшіріп жазу .Мысалы: Бір күні сабақтан қайтып келе жатсам, базарда бір әйел «Яблочки, яблочки» деп, зар қағып тұр екен.Бірақ алманың өзі қандай болатынын көрген емеспін де.

Байланысу түрлері

Мысалдар

Қиысу




Матасу

Алманың өзі

Меңгеру

Сабақтан келе жатсам,базарда тұр екен, базарда бір әйел

Қабысу

Бір күні, бір әйел, көрген емеспін.

Жанасу

Зар қағып тұр екен

5.Төмендегі мақал- мәтелдерден сөздердің байланысу түрлерін табыңдар

Еменнің иілгені- сынғаны,ердің екі сөйлегені- өлгені

Туған жерге жер жетпес, туған елге ел жетпес

Туған жердің күні де ыстық , түні де ыстық

Бірлігі күшті ел озады,бірлігі жоқ ел тозады

Мысалы:Еменнің иілгені,еменнің сынғаны,ердің өлгені, ердің сөйлегені -матасу

Екі сөйлегені, туған жер-қабысу

С А Б А Қ Т Ы Қ О Р Ы Т У

Үйге тапсырма . 240-жаттығу

Бағалау 1. 16-20 ұпай жинаған оқушыға «5» деген баға қойылады

2. 10-15 ұпай жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады

3. 5- 8 ұпай жинаған оқушыға «3» деген баға қойылады 4 4. 1- 4 ұпай жинаған оқушыға «2» деген баға қойылады Рефлекция сабақ ұнадысәл ұнадыжоқ ұнамады. Балалар сабақ туралы өз ойларын жазып, смаиликтердің астына жапсырады

Қиысу


Меңгеру

Матасу


Қабысу

Жанасу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет