ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл» үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар беріледі.Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беруі керек.
Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығы жайлы сұрақтар қою.
Мағжанның балаларға арналған өлеңдерін жаттау және мағынасын ашу.
Топтық жұмыс болғандықтан, оқушылар берілген тапсырманы топ болып қорғайды.
І топ. М.Жұмабаевтың - ағартушы.
ІІ топ. М.Жұмабаев - ақын.
ІІІ топ. М.Жұмабаев - жазушы.
ІҮ топ. М.Жұмабаев - аудармашы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІ. Қызығушылықты ояту (5мин.)
Әр топқа сұрақтар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.
Ыбырай Алтынсарин кім? Оның ізін қуған кім?
Спандияр Көбеевтің өмірі туралы не айта аласыздар?
Жазушының балаларға арналған туындылары бар?
С.Көбеевтің қазақ әдебиетінің тарихындағы орны.
Оқушылардың жауабын тексеру барысында интербелсенді тақтадан С.Көбеев туралы кестеге көңіл бөлеміз. Хронологиялық кесте арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді.
Мұғалім сөзі: назарларымызды интербелсенді тақтаға аударамыз. Тақтадан С.Көбеевке қатысты жылдар мен болған оқиғалар туралы мәлімет беріледі.
Жылдар сөйлейді (слаид арқылы)
жылы
|
Болған оқиға
|
1878 жыл қазанның 1-і
|
Спандияр КөбеевҚостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.
|
1887 ж. желтоқсан айында
|
Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен ашылған мектепке барады.
|
1892-1897ж.ж.
|
Болыстық мектепте оқиды.
|
1899 жылы
|
Қостанай қаласында ашылған орыс-қазақ екі кластық курсқа түседі.
|
1901 жылы
|
Бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.
|
1910 жылы
|
Алғашқы кітабы «Үлгілі тәржімә» Қазан қаласында жарық көреді.
|
1912 жылы
|
«Үлгілі бала» оқулық-хрестоматиясы жарық көреді.
|
1913 жылы
|
«Қалың мал» романы басылып шығады.
|
1951 жылы
|
«Орындалған арман» атты өмірбаяндық шығармасы жарық көреді.
|
1956 жылы
|
Өмірден өтеді.
|
Оқушыларға «Топтастыру» стратегиясы арқылы С.Көбеев кім деген сұраққа жауап аламын.
аудармашы
Спандияр Көбеев
жазушы педагог
ақын
Достарыңызбен бөлісу: |