Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту. Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру;
Дамытушылығы: әр студенттің осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: С.Көбеев туралы слайд, үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі:танымдық іздену сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО технологиялары, баяндау, салыстыру, талдау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, мәнерлеп оқу.
Оқыту нәтижесі: Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже
Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі
Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
Шыншылдық, еңбекқорлыққа дағдыланады.
Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады
Топпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасып сабаққа қатысын тексеріп, «Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлемін.Оқушыларды сабақтың белсенді өтуіне ынталандыру.
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
Фигураларарқылытоптарөзарабағалайды.